Сабақ №35 қазақ тілі 4-сынып мерзімі: 29. 10. 2014 Сабақтың тақырыбы: Астана-бас қала



бет1/3
Дата10.03.2017
өлшемі335,93 Kb.
#11210
түріСабақ
  1   2   3

Сабақ №35 қазақ тілі 4-сынып мерзімі: 29.10.2014

Сабақтың тақырыбы: Астана-бас қала

Сабақтың мақсаты: 1. Елордасы Астана туралы жан-жақты білімдерін кеңейту. Өтілген

материалдар арқылы оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, бекіту.

Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.

2. Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдаландыру

3.Отанға деген сүйіспеншілікке, астанамызды сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі : баяндау, интерактивті оқыту әдісі, сұрақ-жауап, іздендіру, жаттығу, мәнерлеп оқу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, слайдтар, ән айту, үлестірмелі кеспелер

Үй тапсырмасы: 42- бет, 1-жаттығу мәтін мазмұндау, сөздік





Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушылар

Уақыты

І

Ұйымдастыру

Кезеңі


1.Сәлемдесу. Әнұран айту.

2.Сұрақ-жауап арқылы пікір алмасу

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта бәрі бар ма?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Аптаның қай күні?



1.Сәлемдесу

2.Сөйлесу



1-3 мин

ІІ

Фонетикалық жаттығу

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Атаңдар.



Сұрақтарға жауап беріп, түрлерін хормен қайталайды

1-2 мин

ІІІ

Үй тапсырмасын тексеру

41-бет ереже көптік жалғаулары

Жазылым. Айтылым

5 мин




Жаңа сабақ

1.Кіріспе сөз

2. Презентация

3. Сөздікпен жұмыс

4. Мәтінмен жұмыс

5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

6. Үлестірмелі кеспелермен жұмыс



Қазақстанның бас қаласы-Астана туралы презентация тамашалау

Хормен, жеке қайталай- ды, сөздік дәптерлеріне жазады, сөз тіркестерін құрап айтады. Тыңдалым. Айтылым. Оқылым. Жазылым



15-17 мин

Ү

Сергіту сәті

Интерактивті тақта арқылы сергіту сәтін өткізу

Интерактивті тақтаға қарап би, музыка арқылы бойларын сергіту

1 мин

ҮІ

Бекіту


Тапсырмаларды орындау

Оқылым

Айтылым


Жазылым

15 мин

ҮІІ

Қорытындылау

Лексикалық тақырып бойынша сұрақ-жауап

Үйге тапсырма беру

Бағалау


Сұрақтарға жауап беру
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазу

1-2 мин

Тапсырмалар:

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерге көптік жалғауын жалғап жаз.


Астана–бас қала.

Астана–Қазақстанның бас қаласы. Қала Есіл өзені жағасында орналасқан. Астанада Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақүйі, Л.Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Жастар сарайы, көпқабатты тұрғын үйлер бар.

Астана мемлекеттің саяси, экономикалық, мәдени орталығы.

Үлгі: Қала-лар, Президент-тер, Парламент-тер.


Жеке жұмыс

Үлестірмелі кеспелер үлестіріледі.
Топпен жұмыс

2-жаттығу. Қазақ тіліне аудар.

1-топ. В Казахстане много больших красивых городов. В Астане есть музеи, театры, институты.

2-топ. Улицы Астаны широкие, прямые. Астана - столица Казахстана. Я прочитал книгу про Казахстан.
3-жаттығу. Айтылым. Аудармасын табыңдар (ауызша)

1-топ.

Көрікті қала-главный город

Әсем ғимарат-красивый город

Бас қала-красивое здание



2-топ.

Есіл өзені-из года в год

Үлкен ескерткіш-река Ишим

Жылдан жылға – большой памятник



4. Фонетикалық жаттығу. Өлеңді дауыстап оқу, буынға бөлу, буындарды ажырату (ауызша).

1-топ.


Жаса жаңа Астанам,

Өркен жая бастаған!

2-топ.

Асқақтай бер, Астанам,



Берекеге бастаған!

5. Фонетикалық талдау.

1-топ. Астана

2-топ. Алматы


Қорытынды: «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.

  1. Тәуелсіз Қазақстанның астанасы – Көкшетау (...).

  2. Астана – болашағы үлкен қала. (...).

  3. Астана Ертіс жағасында орналасқан. (...).

  4. Астана мемлекеттің саяси, экономикалық, мәдени орталығы. (...).

  5. Астана Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. (...).

  6. Астаның символы – Бәйтерек монументі. (...).

1



Төмендегі сөздерге көптік жалғауын

жалғап жаз

ұстаз- тау-

мектеп- өзен-

астана- құс-

оқушы- орман-
2

Қатаң, ұяң, үнді дауыссыздардан басталатын

сөздерді бөлек-бөлек топтап жаз.

Мемлекет, қала, ғалым, лақ, табиғат, парта, дәптер,

кітап, гимн, сынып, достық, нан, фабрика, зауы
3

Сөздерді буынға бөліп жаз.

Қалалар, үйлер, ел, өзендер, көлдерге,

достарынан, жұлдыз, рәміз, қыран, ұрпақ.
4

Мақал-мәтелді буынға бөліп, буын түрлерін анықта

Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.
№5

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз

О...ушы, д...птер, сы...ып, сая...ат, к...ше, қа...ам.

6

Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап жаз

қағаз- аю-

ай- көл-

сабақ- апта-

гүл- терезе-
7

Өлең сөздерін буынға бөліп, буын түрлерін анықта.

Отан деген-атамекен,

Отан деген – туған жер.

8



Жуан айтылған сөздерді бір бөлек, жіңішке айтылған

сөздерді бір бөлек жаз.

Үлкен, халық, жер, достар, мемлекет, ту, хат, мәтін, сөз, ел.


9

Керекті әріптерді қойып жаз.

Біл..м, ұ..таз, кү..делік, оқулы..., ғ...марат, ас...ана.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет