Сабақ №40 Қазақстан тарихы. 9 сынып



Дата22.08.2017
өлшемі26,85 Kb.
#23794
түріСабақ
Сабақ № 40

Қазақстан тарихы. 9 – сынып.


Сабақтың тақырыбы:
§ 37-38 Республиканың 1954-1965 жж. қоғамдық-саяси өмірі Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 50-60 жж жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі туралы түсіндіру.

2. Дамытушылық Оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденіс,дағдыларын сыни тұрғыдан қалыптастыру,еркін ойын айта білу мен сөйлеу мәдениетіне баулу,оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

3.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: 1. Интерактивті тақта, слайдтар.


Сабақтың тақырыбы: "60-80-ші жылдардағы Қазақстан»

Сабақтың мақсаты: Қазақстанда халық шаруашылығында орын алған өзгерістердің себептері мен мәнін түсіндіру.

Сабақтың білімділігі:
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың өздігінен жеке жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, оқу материалдарындағы басты мәселені ажырата білу дағдыларын дамытуға жәрдемдесу.

Сабақтың тәрбиелігі:


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, картамен, сызба кестемен, Венн диаграммамен, ассоциациясымен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Сызба кесте: «Тіке теріс саясатының Қазақстан үшін салдары», «Ұлттық қатынастар», Қазақстанның территориялық-әкімшілік картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, кесте үлгісі «Ұлттық мәдениет түрлерінің деңгейі», «Желтоқсан оқиғасы».

Сабақтың барысы:


І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды журналдағы тізім бойынша түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, кезекші сайлау.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасы берілген сұрақтар бойынша сұралып, қорытылып, соңынан бағаланып, бекітіледі.

ІІІ Жаңа сабақтың барысы:
Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіріп, жоспары таныстырылады. Сабақ төменде берілген жоспар бойынша қарастырылады:
1. Қазақстанда 1960-1980-ші жылдарда халық шаруашылығығында орын алған өзгерістері мен себептерін, оның мәнін түсіндіру.
2. Қазақстанның 1960-1980-ші жылдардағы мәдени өмірінің көрінісі.
3. Қазақстан қайта құру кезеңінде.
Бірінші тапсырма бойынша 1960-1980-ші жылдарда кеңестік халық
шаруашылығында болған өзгерістерге оқушылар көңілі аударылады.

Шаруашылықты реформалау 1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК Пленумында қарастырылды. Хрущев реформаларынан кейін ауыл шаруашылығының нәтижелерінің төмендеуі, шаруалардың өз еңбектерінің нәтижелерінен аласталуы және азық-түлік тапшылығы сияқты кемшіліктерден арылту үшін қандай шаралар қолданылуы керектігін оқушылар ой талқысынан өткізеді.


Болжамды жауабы:
- Көрсетілген кемшіліктерді болдырмау үшін ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке кеңірек еңгізу қажет еді.
Тапсырманың екінші сұрағын қарастыруда, Қазақстанның 1960-1980-ші жылдардағы мәдени өмірінде жағымды көріністермен бірге жағымсыз көріністердің болғандығын кесте түрінде түсіндіріп, оқушылар сипаттама жасауға тиісті.
Болжамды жауаптары:
- Жағымды көріністері: Тәуелсіздік алу қарсаңында Қазақстан жұртшылығы көптен күткен Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтің т.б. ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің мұрағаттарының ақталуы, оның жарық көруі, 22 қыркүйек 1989 жылы – "Тілдер туралы заңңың” қабылдануы.
- Жағымсыз көріністер төменде келтірілген ассоциативті кесте арқылы түсіндіріледі.

IV. Қорытындылау.


Оқушылардың сабақ барысында орындаған жұмыстары төмендегі сұрақтар бойынша пысықталып бекітіледі:
1. Қазақстанның 1960-1980-ші жылдардағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістердің себептеріне?
2. Шаруашылықтың экстенсивті дамуының сипаты неде?
3. Қазақстанда 1960-1980-ші жылдардағы ұлттық мәдениеттің деңгейі қандай болды?
4. Республиканың ұлттық және саяси жағдайы?
5. Қазақстанда 1980-ші жылдары қайта құрудың басталу себебі неліктен?
6. Алматы қаласында 1986 жылы желтоқсанда болған оқиғаның себебі неден?
7. Экологиялық жағдайдың Қазақстанда төмендеуі неліктен?
8. Арал және Семей полигонының проблемалары?
9. Табиғат ресурстарының осы кезеңдердегі жағдайы.
10. Кеңес өкіметінің ыдырауындағы саяси жағдайлары?
Берілген сұрақтар бойынша сабақ қорытылып, бекітіледі.

V. Білімді бағалау.


VI. Үй тапсырмасы:
1. тақырыпты оқып, оны мазмұндау.
2. Тарихи терминдерге анықтама беру.
3. Тақырыпқа байланысты тарихи материалдарды жинақтау.
4. Тақырыпқа байланысты өздік жұмыстар түрін (баяндама, реферат, сөзжұмбақ құрастыру) орындау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет