|
Сабақ: №5 Сауат ашу оқулығы: 13-14-беттер. Сабақтың тақырыбы : Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар
|
Дата | 19.05.2020 | өлшемі | 14,58 Kb. | | #69623 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: Сауат ашу 1-сынып 08.04Бұл бет үшін навигация:
- Сабақтың тақырыбы
- Жұмыс түрлері: Бейнежазбамен жұмыс (https://www.Google.kz) Асханадағы тәртіп ережесін сақтау.
- Оқулықпен жұмыс . 13-беттегі мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
- Ереже: Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы. Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, е, ө, ү, і. Дәптермен жұмыс 3-жаттығу.
- Маса, қарға, алабұға, шыбын, түлкі, құмырсқа, шортан, қарлығаш, үкі, аю, қасқыр, көбелек, бөдене. Үйге : Мәтінді оқу.
«Сауат ашу» пәні бойынша 1-сынып оқушысының 4-тоқсанға арналған
өзіндік жұмысының жоспары
Сабақ: №5
Сауат ашу оқулығы: 13-14-беттер.
Сабақтың тақырыбы: Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқи отырып мектеп асханасы туралы білу, асханада тапсырыс беруді үйрену. Сөздегі дауысты дыбыс түрлерін ажырату.
Жұмыс түрлері:
Бейнежазбамен жұмыс (https://www.Google.kz) Асханадағы тәртіп ережесін сақтау.
Бейнежазбаны көр.
Асханадағы тәртіп ережелерін ата.
Оқулықпен жұмыс . 13-беттегі мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Асханаға кірерде не істеу керек?
Түскі асқа қандай тағам аласың?
Мәтіннің бірінші сөйлеміндегі сөздерден дауысты дыбыстарды табыңдар.
Жуан немесе жіңішке екенін айтыңдар.
Ереже: Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы.
Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, е, ө, ү, і.
Дәптермен жұмыс 3-жаттығу.
Сөйлемдерді оқып, қатесін түзеп жаз.
Күшік сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Кері байланыс. Сөздерді оқы.
Жуан сөздер мен жіңішке сөздерді бөліп айт.
Маса, қарға, алабұға, шыбын, түлкі, құмырсқа, шортан, қарлығаш, үкі, аю, қасқыр, көбелек, бөдене.
Үйге :
Мәтінді оқу.
2-жаттығуда берілген сөйлемдерді оқы.
Әріп азу каллиграфиясына көркем жазу.
Әзірлеушілер: Мамырбекова Н.Н., Сулейманова Э.Б.,
Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері. Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|