- Ашық сабақ
- 5 – сынып
- Мақал-мәтелдер
- Оқушылармен сәлемдесу;
- 2. Оқушыларды түгендеу;
- 3. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
- Қайырлы күн, достым,
- Сәттілікке толсын!
- Біздің алар бағамыз,
- Кілең «бестік» болсын!
- Мақал дегеніміз не?
- 2. Мәтел дегеніміз не?
- 3. Мақал мен мәтел арасындағы айырмашылық қандай?
- Жаңа білімді меңгерту кезеңі
- Мақал-мәтелдердің негізгі белгілері:
- Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, тұжырым жасайды.
- Мағынасы ашық болдмай, ишарамен, тұспалмен айтылады.
- Екеуі де белгілі бір түйінді береді.
- Мақал-мәтелдердің ерекшеліктері
| | | | - Құрылысы жағынан екі-үш бөлімді.
- Әке – асқар тау,шеше-қайнар бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.
| - Көбіне бір бөлімді болып келеді.
- Кәрі түлкі қақпанға түспес.
| | - Ой неғұрлым ашық айтылады.
- Батыр туса - ел ырысы,жаңбыр жауса - жер ырысы.
| - Ой,пікір ишара,тұспал түрінде беріледі.
- Көп түкірсе – көл.
| | - Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айтылады.
- Қорқақты көп қусаң, батыр болады.
| - Істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.
- Дария жанынан құдық қазба.
| - I саты ( Оқушылық деңгей)
- Бірнеше сөздер беріледі: Ана, еңбек, дос, ел.
- Мақал-мәтелдер құрап, оларды қатыстырып, бір-екі сөйлеммен өз сезімдеріңді білдіріңдер.
- II саты ( Алгоритмдік деңгей)
- Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой және сол сөзді үш тілде айтып бер.
- 1) ... тас жарады,
- Тас жармаса бас жарады.
- 2) Таяқ еттен өтеді,
- ... сүйектен өтеді.
- 3) ... таумен кездеспейді,
- Адам адаммен кездеседі.
- 4) ... көпті жау алмайды,
- Ақылы көпті дау алмайды.
- 5) ... қылды қақ жарған.
- III деңгей ( Ізденімдік деңгей )
- «Жылдам жауап» ойыны. Сәйкестендіру тесті
- Еңбек түбі – Зейнет
- Бейнет түбі – Береке
- Ұрлық түбі – Бұлақ
- Сөз анасы – Қорлық
- Су анасы — Құлақ
- IV саты ( Шығармашылық деңгей )
- Екі қатарға тапсырмалар беріледі.
- І қатар – Ата – ана
- ІІ қатар – Еңбек
-
- Тірек сөздер мен сөз тіркестері, мақал – мәтелдер.
- Ата – ана тақырыбына: аялы алақан, мейірім, парыз, сәби тілегі, «Қыздың ұяты — шешеге», «Шеше көрген тон пішер».
- Еңбек тақырыбына: еңбек ету, маңдай тер, мақсат қою, «Еңбек түбі — береке», «Ердің атын – еңбек шығарар».
- Смайлик фишкалар арқылы бүгінгі сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |