Сабақ №52 Мектеп №2 Қом сабақ тақырыбы: Алтай Күні 10. 04



Дата20.06.2018
өлшемі80,83 Kb.
#43386
түріСабақ

Сабақ №52

Мектеп №2 ҚОМ

Сабақ тақырыбы: Алтай

Күні 10.04

Мұғалім есімі: М.Т.Жунисова

Сынып:8

Қатысқандар:12

Қатыспағандар саны:-

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Алтай тауының геологиялық құрылысы, климаты, табиғат зоналары, экология туралы алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту және тереңдету.

Оқу нәтижелері

Барлық оқушыларАлтай тауының геологиялық құрылысы, климаты, табиғат зоналары, экология туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі Алтай тауының геологиялық құрылысы, климаты, табиғат зоналары, экология туралы біледікартадан көрсете алады.

Кейбір оқушылар. Алтай тауының геологиялық құрылысы, климаты, табиғат зоналары, экология туралы біледікартадан көрсете алады, сыни олай отырып жан-жақты саралай алады.

Алдыңғы оқу

Алтай

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар




Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі/салемдесу, сыныпты түгендеу, оқу құралдарын тексеру /

Психологиялық дайындық /ишараарқылы/

Топқа бөлу: 1-топ: Марқакөл қорығы

2-топ: Рахман бұлағы



Өткен тақырып бойынша қайталау

Өткен сабақта әсем де көркем таулардың бірі Алтай тауын өттік солай ма?



Ой қозғау Ендеше «Алтай» тауының атауының шығу тарихын білесіздер ме?

  • Бір деректерде Алтай тауы түркі, монғол тілдерінде «алтан»- «алтын» деген мағынаны білдіреді десе,

  • 1994 жылғы Әбілбек Нұрмағанбетұлы «Жер – судың аты-тарихтың хаты» кітабында алтай ешқандай алтынның қатысы жоқ, телеуіт шор тілінде «биік тау», «таулы ел» деген ұғымды білдіретіндігін айтады. Ендеше «Алтай тауы» «Биік тау» деген мағынаны бермек екен.



Ортасы

Жаңа тақырыпты  игеру.

Мұғалім:«Тәуелсіз журналист» ойының ұсынғым келіп отыр. Житондар арқылы рөлдерге бөлініп алайық /бейджигтер ұсынылады: географ, геолог, метеролог, гидролог, биолог, зоолог, эколог,журналист/

БағалауӘр тапсырманың орындалуын бағалау қол соғу арқылы жүзеге асады.

Журналист:

Сәлеметсіздер құрметті мамандар. Бүгінгі тікелей эфирімізді Еліміздің көрікті де көркем тауы Алтай тауына арнаймыз. Ендеше маман қонақтарымыз

Географ-

Геолог-


Метеролог-

Гидролог-

Метеролог-

Биолог-


Зоолог-

Эколог-


Және де мен Нағашпек Ықылас

Бүгінгі эфирге шығу үшін шағын бейне ролик дайындадық назарларыңызға ұсынамын.



  • Алтай тауның орналасуы туралы не айтасыз?

Географ:Алтай тауы Зайсан ойпатынан басталып, Байқал көлін дейінгі аралықты алып жатыр. Алтай –Саян тау жүйесінің бір бөлігі. Елімізге оңтүстік батыс шеті ғана кіреді. Оңтүстігі Қара Ертіс өзені мен Жайсан көлі, батыс Қалба жотасы. Сарыарқадан Шар өзені аңғарымен бөлінеді.

1.Тапсырма:Концептуалды кесте / оқушылар жоталардың биіктігін табады/

Алтай

жоталар

Биіктігін

Оңтүстік Алтай

Тарбағатай

2739м

Сарымсақты

3373м

Нарын

2386м

Оңтүстік Алтай жотасы

3483м

Сарытау

3300м

күршім

2644м

Кенді Алтай

Үлбі

2300м

Иванов

2775м

Үбі

2100м

Қалба жотасы

Сарышоқы

1558м

Журналист:иә Алтай тауы биік әрі үлкен жерді алып жатыр. Алтай тауының қойнауы қандай байықтарымен белгілі?

Геолог:Алтай пайдалы қазбаға бай. Әсіресе Кенді Алтайда қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, күміс, сынаптың мол қоры бар.

Нарын мен Күршім жоталарында алтын мен сирек металл, Қалба тауында қалайы мен вольфрам өндіріледі.



2.Тапсырма: «Геометриялық бас қатырғы»

І топ: Қалба жотасының биік нүктесі.



а ы ш
с р
о қ ы
ІІ топ: Металургиялықзаводттар салынған қала

З

Ы р
Я н

Сонымен қатар тағы қандай қалаларда?

Журналист:Алтай тауы қандай климаттық ерекшелігімен белгілі?

Метеролог: Қазақстандағы жауын-шашын мол түсетін жері/1000-1500мм/.климаты қоңыржай континентті, айналасындағы жазықтармен салыстырғанда жазда тау іші салқын, ал қыста керісінше жылы болып келеді. Оған инверсия әсер етеді. Төмендегі қазаншұңқырларда жазда ыстық, қыста суық -40ͦ С дейін барады. Жоғарлаған сайын температура төмендейді.шілдеде 19-22 °С

Жауын шашын 300-400м тау бөліктерінде, тау ішінде 1000-1500мм. Қар қалың жауады.



3.Тапсырма: сандар сөйлейді.../ауызша/

  • -40ͦ С-

  • 19ͦ , 22ͦ С-

  • 16ͦ , 14ͦ С-

  • 7ͦ , 6ͦ С-

  • -15ͦ С –

  • 300-400мм-

  • 1000-1500мм

  • 1-3м-

Журналист:

Бір серігіп алайық «Географиялық шыңжыр» ойының ойнайық. Ойын шарты Жер су атаулары бойынша Алматы- Ыстық көл-Лепсі-Іле-Ертіс.../



  • Теңіз деңгеінен үлкен биіктіктегі көлдері бар, шағын өзендері көп. Солай ма?

Гидролог: солай Алтай тауында өзендер көп олар бастауларын қар суынан, 328 мұздықтардан алады.

4.Тапсырма:І топ: «Алтай тауының көлдерінің координатын тап»

Көлдер

Ендік

Бойлық

Марқакөл 455 км²

48ͦ с.е;

86 ͦ ш.б

Жайсан 5510км²

48 ͦ с.е

84ͦ ш.б

ІІ топ: Мұздықтарды анықта

Жота

Биік нүктесі

Биіктігі метр

Қатын жотасы

Мұзтау /Белуха

4506м

Қалба жотасы

Сарышоқы

1558м

Иванов жотасы




2775м

Қанша мұздық бар?

Журналист:Алтай тауының өсімдіктер дүниесіде өте бай болса керек. Менің білуімше жоғары сапалы хош иісті бал осы Алтай өңірінен алынады, солай ма?

Биолог: иә, дұрыс айтасыз. Таудың биік бөктерінде омарта шаруашылығы жақсы дамыған. Әрине бұл осы өғңірдегі өсімдіктердің алуан түрлілігі осындай мүмкіндік беріп отыр. Биіктік белдеу болғандықтан өсімдіктердің таралуы биіктік бойынша

Дала зонасы-1600-1800м

Шөлейт зонасы900-1100м /Зайсанқазаншұңқырында/

Орманды таулар 2100-1300м

Шалғынды альпілік белдеу 2500-2600м

Мәңгі қар жататын белдеу 2600м жоғары.



Әр зонаға сәскес өсімдіктер таралған.

5.Тапсырма:бас қатырғы сканворд

М

Ж

И

Д

Қ

А

Й

А

Қ

К

Е

Л

Р

А

Й

О

А

С

А

А

Ғ

Қ

Ң

Б

Қ

Б

Т

А

А

Ы

Р

А

Р

А

Қ

Р

И

Т

М

Ұ

Р

Ы

А

Ш

Ы

Р

Ш

А

Н

Ғ

А

Й

****

Б

О

З

Жуналист:Менің білуімше Алтай өлкесі аңға бай келісесіз бе?

Зоолог:Ормандарында бұғы –марал өсіретін шаруашылықтар бар, сонымен бірге аю, қабан, бұғы, таутеке, қар барысы тіршілік етеді. Солсияқты терісі бағалы бұлғын, қаракүзен, ақкіс сияқты аңдар жиі ұшырасады.

/ журналист: ааа сұлу бикештердің сүйікті бағалы тоңдары осы Алтай өлкесінен деп жорамалдасақ болады ғой/



6.Тапсырма:Семантикалық карта




Орманда

жерсіндірілген

Терісібағалы



Бұлғын







+

Су тышқаны




+




Бұғы

+







Қаракүзен







+

Ақкіс







+

Жанаттәрізді ит




+




Марал

+







Мұғалім: Осы картада нелер аталмай қалды?

Күтілетін жауап: Аңдар, құстар

Мұғалім: жарайсындар!

Ендеше тағы бір ойынның реті келіп тұрғандай



7. Тапсырма «полиглот»

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Аңдар

Звери

Thebeast

Аю

Медведь

Bear

Қабан

Кабан

Boar

Таутеке

Гоныие козлы

Mountaingoat

Қар барысы

Снежный барс

Snowleopard

Құстар

птицы

birds

Журналист:осындай көркем әдемі өлкенің табиғаты, экологиясы туралы не айтасыз?

Эколог: Экологиясы тамаша, Рахман бұлағы рекреациялық, катон қарағайлы аймақта орналасқан, теңңіз деңгейінен 1750м биіктікте орналасқан. Бұлақ суының температурасы 40ͦ С.

Марқакөл қорығы1976 жылы құрылған теңіз деңгейінен 1447м биіктікте орналасқан, көлге кішігірім 27 өзен құяды, көлден Ертістің бір саласы Қалжыр ағып шығады.

Тағы айта кететін жайт еліміздегі ағаш өндеудің негізгі орталығы. Соңғы жылдары есепсіз, ысыраппен пайдалану, жиі өрттердің салдарынан орман алқабы азаюда. Пайдалы қазбаға бай Алтай өнірінде табиғатты таза сақтау үшін зауыттардан шығатын түтінмен зиянды қалдықтарды азайту- бүгінгі күннің басты экологиялық міндеті.





Аяқталуы

Бекіту: Тақырыпты бекіту.

8. Тапсырма

І топ: саяхатшылар сапар кезінде құпия жасырылған хат тауып алады. Хаттың көп бөлігі өшіп қалыпты дегенмен онда 50ͦ с.е және 87ͦ ш.б деген жазу сақталған екен. Бұл қай жер?

Қорытындылау Бүгінгі сабағымызға баға беру үшін

тақтадағы кескін картаны дискрипторлар арқылы бағалайық.



  • Алтай тауының аудандарының орналасуы

  • Пайдалы қазбаларының орналасуы

  • Алтай тауының жылдық орташа температурасымен жылдық жауын- шашын мөлшері

  • Өзен, көлдері

  • Фаунасымен флорасы

  • Рекреациялық аймағы

  • Экологиясы.

/ географиялық шартты белгілеріне сәйкестігі/

Рефлексия: «Блоб ағашы» жеке бағалау

Бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергеніңді анықта.

Оқушыларға алғыс айтып жақсы тілектер жазылған конфеттер ұсынылады.

Үйге: §45


10-13 мин
3 мин










Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау

АКТ










Рефлексия

Ишара арқылы




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

1 2


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1 2


Сабақ барысында мен немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім.




















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет