Сабақтың тақырыбы:
|
«Шекіме».
|
Өткізілген уақыты:
|
24.02.2017ж. 6 «а» сынып
|
Сабақтың мақсаты:
|
металды көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, қаңылтыр
бетіне өрнек түсіруді үйрену;
еңбекке машықтандыру арқылы іске икемділігін, іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру;
халқымыздың ұлттық өнеріне деген қызығушылығын,
сүйіспеншілігін тудыру.
|
Мұғалімдердің ашық сабақ өткізу барысындағы мүмкіндіктері:
|
зергерлік өнер маңыздылығын ұғыну;
өзін – өзі және өзара бағалауды өз тәжірибесінде қолдануға дағдылану;
|
Сабақтың нәтижесі:
|
металл өңдеу, яғни шекіме жасауды меңгерту
|
Сабақты өткізу әдістері:
|
сұрақ-жауап
«Миға шабуыл» әдісі
Топтық жұмыс әдісі
Сарамандық жұмыс
|
Ұсынылған ресурстар
|
Фольга материалы, шекіме жасаудың нұсқау картасы, шекіме жұмыстары, т.б.
|
Сабақ барысы:
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс – әрекеті
|
оқушының іс – әрекеті
|
Қолданылған құралдар
|
І.Ұйым-дастыру бөлімі.
3 минут
|
Сәлемдесу.
- Қайырлы күн, балалар! Көңіл-күйлеріңіз қандай? Cабақты бастамас бұрын алдымен шеңбер құрайық.
Нұсқау: - Шеңбер құра тұрып бүгінгі көңіл-күйлеріңізге байланысты смайликтерді алайық.
Топқа бөлу.
- Қолымдағы қораптан бір-бір кәмпиттен алып, сол біркелкі кәмпит түсі бойынша бірге топтасып отырыңыздар.
|
смайликті өз көңіл-күйлері бойынша таңдау
біркелкі кәмпит түстері бойынша бірігіп, топтасады.
|
смайлик, қорап, түрлі кәмпит
түрлі кәмпит
|
ІІ.Үй тапсыр-масын тексеру.
4 минут
|
Үй тапсырмасын тексеру:
- қандай қауіпсіздік ережесін білесің?
- ағаш өңдеу құралдарын ата.
- топырақты өңдеудің әдістері.
- ағаштың табиғи қасиетіне нелер жатады?
-қатты металды ата?
-ағашты немен көркемдеп оюға болады?
- бұрамашегені ағашқа ненің көмегімен кіргізеді?
-ұста мен зергердің айырмашылығы.
|
таңдап алынған смайлик артындағы үй тапсырмасы
сұрақтарына жауап береді
|
смайликтер
|
ІІІ. Жаңа сабақ.
10 мин.
|
Шеберлердің көптеген әсем бұйымдары қаңылтырдан жасалған. Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу әдісі.
Шекіме – металды көркемдеп өңдеудің әдісі, мұнда ұшы бар аспапты күштеп басу арқылы терең емес рельеф салады. Металл шеку жалпақ рельефті және көлемді бейнелеуі мүмкін. Ол үшін қаңылтырдан жасалатын бұйымның пішіні мен мөлшеріне сәйкес пластина кесіп алынады. Шекімелеуді қалыңдығы 0,3...1,5 мм. металл қаңылтырда жасайды . Әлбетте мыс, жез, алюминий, сондай-ақ жұмсақ күйдірілген болат пайдаланады.
Қаңылтырдың бетін арнайы құрал-саймандардың көмегімен шекімелейді.
Шекіме салу үшін негізгі аспаптар ұзындығы 120...170мм ерекше пішінді болат өзекшелі шекуіштер болып табылады. Сызат пішімді жүзі бар шекуішпен металға сызат түріндегі суретті салады. Дөңгелек немесе төртбұрыш пішінді жұмыс бөлігі бар шекуіштер жазық беттерді тегістеу үшін пайдаланылады. Жартылай дөңгелек формаларды басы жұмыр шекуішпен өңдейді.
Жұмыс кезінде шекуішті сол қолмен ұстайды. Қолдың жұмыс істеу қабілетін арттыру үшін шынтаққа кедергі келтіретін ештеңе болмау керек. Жұмыс барысында шекуішті сәл шалқайтады.
Жалпақ рельефті шекігенде мейлінше түсінікті және қарапайым әдіс – фонды шығара отырып өрнектеу.
|
слайд арқылы
теориялық түсінік беру
дәптерге жаңа сабаққ ақтысты мәліметтерді жазып алу
|
проектор,
ноутбук
дәптер
|
3 мин
|
Миға шабуыл
Нұсқау: Интерактивті тақтадан бейнежазбаны көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтып өтсеңіздер.
Бейнежазба: «Шекімелеу сырлары»
Сұрақ:
Сіздер көрсетілген бейнежазбадан қандай ой түйіндіңіздер?
|
Бейнежазбаны мұқият көреді, ойланады және өз ойларын, пікірлерін айтады.
|
Интерактивті тақта, бейнежазба
|
3 мин
|
Нұсқау:
Қаңылтырды көркемдеп өңдеу барысындағы қауіпсіздік ережелері:
1. Қаңылтырмен жұмыс істегенде өте абай бол.
2. Қаңылтырдың шетін қиғанда, қолыңды жарақаттап алудан сақтан.
3. Қаңылтырдың бетін тазалағанда, үрлемей, арнаулы сыпырғышпен сыпыр
4. Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағынмен сипама
5. Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды, үшкір қаңылтырдың бөлігін қалтаңа салма, лақтырма, жаныңдағы көршіңе қарай сілтеме.
6. Қаңылтыр дайындаманың бетін тегістегенде, өрнекті бедерлегенде, екінщі қолыңды соғып алма.
7.Шекімелеу барысында қаңылтырды қатты баспау керек
|
Техникалық қауіпсіздік ережесі пысықталып өтілді.
.
|
проектор
|
14 мин
|
Сарамандық жұмыс. “Көктем мерекесі» шекіме жұмысы:
|
Көктемнің алғашқы мерекесіне арнап техникалық карта көмегімен шекіме жұмысын жасайды.
|
Фольга, шекіме құралдары, т.б.
|
4 мин
|
Топтық бағалау
Нұсқау: әр топ өзара бағалау жасасыңыздар.
|
Өзара екі топ жасаған жұмыстарымен алмасып ортаға сала отырып ой бөліседі және өздері өзара бағалау жасайды. Сонымен қатар бағалаудағы дәлелдемесін айтып өтеді.
|
|
4 мин
|
Бекіту.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу.
|
Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазады.
|
Стикер
|
|
|
|
|