Сабақ 8- сынып Күні: Тақырыбы



Дата24.04.2017
өлшемі79,17 Kb.
#14698
57 сабақ 8– сынып Күні:

Тақырыбы: §57. Алтай тауы.

Сабақтың мақсаты:
I. Білімділік:
Сабақтың нормативтік талабына сай оқушылар оқу материалдарын 63 % меңгерудегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын,сөздік қорын дамыта отырып жаңа сабақ Алтай тауы туралы мәліметр алу. Алтайдың географиялық орны, геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары, өзендері мен көлдері табиғат зоналары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін кеңейту. II. Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады - оқу, оқыту, аударма, сұрақ - жауап арқылы түсіндіру;
-«БиС» технологиясы бойынша мәтіннен ең негізгіні бөліп алу, мазмұндату және сұрақтарға жауап беру арқылы меңгерген білімді тексеру.
- сөздік қорын байыту.
ІІІ. Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, биік таулар туралы түсінік бере отырып, табиғат көркемдігін түсіне білуге үйрету. Сабақтың көрнекілігі: слайд, тақта


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. (оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту)



ІІ.Қиылыс сұрақтарын қою. Өткен тақырып бойынша сұрақтар
1) Орал тауының биік нүктесі? Ж:Үлкен Боқтыбай

2) Орал тауын екіге бөліп жатқан ойыс? Ж:Біршоғыр ойысы

3) Орал тауының оңтүстік бөлігі? Ж:Мұғалжар тауы

4) Орал тауының өзендерін ата? Ж: Жем,Ырғыз,Ор,Тобыл,Талды өзендері

5) Үлкен Боқтыбай тауының биіктігі қанша? Ж: 657 м

6)Орал тауында қандай пайдалы қазбалар кездеседі?Ж:Никель,хромит,мыс,қара және сирек кездесетін металға бай.

7) Орал тауында қандай өсімдіктер кездеседі? Ж: Мұғалжардың батыс бөлігінде боз,бетеге,селеу,жусан өседі.

8) Мұжалжар тауының ұзындығы мен ені қанша? Ж: Ұзындығы-200км,ені-30 км

9) Орал тауы қай қаланың тұсынан басталады?Ж:Жаманқаланың (Орск)тұсынан басталады

10)Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері қанша?Ж: 300 мм

11) Жаз айларында орташа температура қанша градус ? Ж: 38°С -қа дейін көтеріледі

12)Қандай жануарлар мекен етеді? Ж: Дала зонасында тау аңғарларында ақбөкен,жабайы шошқа,қоян,қарсақ,қасқыр,түлкі,сарышұнақ мекендейді.

13)Мұғалжар тауы қандай қатпарлықта түзілген?Ж:Герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке.

14)Мұғалжар тауы нешеге бөлінеді? Ж: Батыс және шығысболып екіге бөлінеді

15)Қыс айларында температуа неше градусқа дейін көтеріледі? Ж:-40°С –қа дейін

16)Қазақстанға Орал тауының қай бөлігі кіреді? Ж:Оңтүстік бөлігі кіреді

17)Біршоғыр ойысының бойында қандай кен орыны бар? Ж:Көмір кен орыны бар

ІІІ. Кілттік сөздермен жұмыс Жаңа сабақ Мәтінді оқу (5 мин.)
1.Мұзтау

2.Кенді Алтай

3.Күршім мен Қарақоба өзендері

4.Бұқтырма СЭС

5.Марқакөл көл

6.Рахман қайнары

7.Қалба жотасы
ІV. Жаңа сабақ Мәтінді оқу (5 мин.)



V. Қарама-қарсы сұрақ қою.
1. Қазақстанға Алай тауының қай бөлігі кіреді? Оңтүстік-батысы

2.Алтай тауы қай жерден бастау алып жатыр? Алтай Зайсан ойпатынан басталып,Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатыр

3.Жер бедерінің ерекшелігіне қарай қазақстандық Алтай нешеге бөлінеді? Алтай 3 ауданға бөлінеді. Олар-Кенді Алтай,Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы

4.Оңтүстік Алтайдың солтүстігіндегі қандай өзен ағып жатыр? Бұқтырма өзені

5.Тарбағатай тауының биіктігі қанша? 2739 м

6.Азутау жотасы мен Сарытаудың аралығында биіктігі 1449 м болатын қандай қазаншұңқыр орналасқан? Марқакөл

7.Марқакөл тауының батыс шекарасында қандай тау тізбегі өтеді? Холзун тауы

8.Қалба жотасы Ертіс өзенінің қай бөлігінде жатыр? Ертіс өзенінің сол жағында

9.Қалба жотасының биік нүктесі қалай аталады ? Сарышоқы биіктігі 1558 м

10.Қалба жотасы батыс жағында Шар аңғары арқылы қандай таумен шектесіп жатыр? Сарыарқамен

11.Қазақстандық Алтай таулары қандай қатпарлықта түзілген? Герцин қатпарлығында

12.Кенді Алтайда қандай пайдалы қазбалар кездеседі? Қорғасын,мырыш,қалайы,вольфрам,күмістің және сынаптың мол қоры шоғырланған

13.Нарын мен Күршім жоталарында қандай пайдалы қазбалар бар? Алтын мен сирек кездесетін бағалы металлдар өте көп

14.Осы Қалба жотасы,Кенді Алтай тауларында өндірілген пайдалы қазбаларды байыту мақсатында қай қалаларда металлургиялық зауыттар салынған?Өскеменде,Риддерде,Зырянда

15.Алтайдың Қазақстандық бөлігінде климаты қандай? Қоңыржай континентті

16.Қыс айларында температура қанша градус болады? -40°С

17.Алтай тауының ең үлкен өзенін ата?Ертіс өзені

VІ. Тест

І – нұсқа тест
1. Қазақстандық Алтай тауларында қанша мұздық бар?

А) 328 мұздық

В) 300 мұздық

С) 150 мұздық

Д) 210 мұздық

Е) 320 мұздық

2. Жылдық жауын-шашын тау бөктерінде қанша мм түседі?

А) 50-100 мм

В) 100-120 мм

С) 100-200 мм

Д) 200-220 мм

Е) 300-400 мм

3. Тауда қардың қалыңдығы қанша метр?

А) 5 см

В) 10 см

С) 2-3 м

Д) 1 м

Е) 2 см

4. Зайсан көлінің ауданы қанша км?

А) 2100 км

В) 2775 км

С) 455 км

Д) 1600 км

Е) 5510 км

5. Марқакөл қорығы қай жылы ұйымдастырылған?

А) 1976 ж

В) 1750 ж

С) 1971 ж

Д) 1987 ж

Е) 1973 ж

6. Алтай тауларында қандай аңдар тіршілік етеді?

А) Аю,қабан,қар барысы,бұғы т.б аңдар өте көп

В) Қоян,түлкі

С) Кекілік,тоқылдақ

Д) Арыстан

Е) Жолбарыс

7. Рахманов бұлағы Қазақстанның өңірінде орналасқан?

А) Шығыс Қазақстанда

В) Оңтүстік Қазақстанда

С) Солтүстік Қазақстанда

Д) Орталық Қазақстанда

Е) Батыс Қазақстанда

8. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау ішінде қанша мм ?

А) 100 мм

В) 200 мм

С) 350 мм

Д) 1000-1500 мм

Е) 210 мм

9. Ертіс өзенінің бойында қандай су электр стансалары салынған?

А) Бұқтырма және Шүлбі СЭС

В) Шардара СЭС

С) Қапшағай СЭС

Д) Өскемен СЭС

Е) Ертіс СЭС

10. Оңтүстік Алтай жотасының биіктігі қанша м?

А) 1600 м

В) 2000 м

С) 220 м

Д) 1200 м

Е) 1350 м

ІІ – нұсқа тест
1. Алтай тауының биік нүктесі:
А) Бесбақан
В) Бесшоқы
С) Мұзбел
Д) Мұзтау
Е) Хан – Тәңірі
2. Қалбы жотасының биік нүктесі
А) Сарышоқы
В) Бесшоқы
С) Бесбақан
Д) Мұзтау
Е) Мұзбел

3. Алтай тауындағы ағынды көл
А) Марқакөл
В) Зайсан көл
С) Алакөл көл
Д) Сасықкөл
Е) Теңіз көл

4. Алтай тауы....... ауданға бөлінеді
А) төрт
В) бес
С) үш
Д) сегіз
Е) екі.
5. Қай тау алтынмен бай?
А) Жонғар Алатауы
В) Алтай тауы
С) Тянь - Шань тауы
Д) Сауыр – Тарбағатай
Е) Манғыстау таулары


6. Жауын - шашынның ең көп түсетін жер......
А) Батыс Сібір жазығы;
В) Шығыс Еуропа Жазығы
С) Тянь - Шань тауы
Д) Батыс Алтай
Е) Каспий маңы
7. Алтай аймағының ең үлкен көлі
A) Зайсан
B) Марқакөл
C) Тұранғыкөл
D) Язовое
E) Черновое
8. Көлдердің ең үлкені?

А) Ертіс

В) Қызылсу

С) Зайсан

Д) Күршім

Е) Ақ Берел

9. Алтай тауындағы мұздықтардың жалпы ауданы қанша км?

А) 89, 6 км

В) 65,2 км

С) 120 км

Д) 82,6 км

Е) 67 км

10. Алтай тауларында қандай өсімдіктер өседі?

А) Қалампыр

В) Түймедақ,раушан гүлі

С) Бүлдірген

Д) Май қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын

Е) Ағaштap, бұтaлap, шөптектi өсiмдiктер
VІІ.Тақырыптық сөздік қор

VІІІ. Бағалау

4-5 белгі – 5 ұпай

3-белгі – 4 ұпай

2-белгі – 3 ұпай

1-белгі – 2 ұпай

1-белгі - 2 ұпай алған оқушы болса үйге тапсырма беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет