Сабақ 8-сынып Сабақ тақырыбы: Тамақтан улану алдын ала сақтандыру. Уланудан алғашқы көмек. Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі69,91 Kb.
#30266
түріСабақ
1 сабақ 8-сынып
Сабақ тақырыбы: Тамақтан улану

алдын ала сақтандыру. Уланудан алғашқы көмек.

Сабақтың мақсаты:
.
1. Білімділік: Тағам атауларына байланысты түсінік бере отырып, мәтін мазмұнын меңгерту.

2. Дамытушылық: Гигиеналық талаптардың барлық кезеңдерінде қайта өңдеу және азық түліктерді сақтау өз бетімен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік:. Ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, сөйлеу мәдениетін дамытуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту, дағдыландыру, машықтандыру сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,салыстыру, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, суреттер, мәзір, грамматикалық кесте, конверттер, мақал – мәтелдер,

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. САбақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

3. Осы сабақ – теориялық, сабақ-әңгімелесу, түрлендіріп, жан-жақты түсініктеме беріледі.

а). Қойылған сұрақтардың көмегімен (қосымша 1) адам өміріне тамақтану физиологиясының маңызы туралы, тамақтанудың биологиялық мәні және оның химиялық құрамы туралы әңгіме өткізіңіздер. Осы төңіректе туындаған ойларын оқушылардың ой өрісін анықтағаннан кейін, қосымша материал ретінде рационалды дұрыс тамақтануда, ақуыздар, майлар, көміртегінің адам өміріне қажеттілігі туралы мазмұндау. Оқушы қыздарға әсіресе бағалы дәрумендер құндылықтарға жататын су, минералды заттар, органикалық қышқылдар, иілік заттар, пигменттер, фитондықтар, сірінді заттар. Осы заттар кездесетін көкөністер мен жемістерге мысал келтіріңіздер.

Жалпы түсініктемеден басқа, оқулықта пайдалы мәліметтер де берілген. Курсивті белгілері бар бөлімдерді оқушы қыздармен талдау.

Бөлімдегі материалдармен таныстыруда оқушы қыздарға ақуыздар, майлар, көміртегі туралы жүйелі түрде жалпы мағлұматтар және кестеге кіргізілді (қосымша 2).

б). Бұл бөлімде тамақтану тазалығына, жұқпалы аурулардан сақтану шараларына көп көңіл бөлінген. Материалды мазмұндау барысында микроорганизмдердің ас қорыту процесіне ерекше қатысуына және ауру тудыратын бактериясынан айырмашылығын айтып түсіндіру пайдалы. Жұқпалы аурулардың таралу жолдарын және себептерін мазмұндап айтуға көшу керектігі айтылады. Жұқпалы ауру мен ішек инфекциясының айырмашылығын дұрыс анықтай білу қажет. Ішек инфекциясын жұғудан және тамақтан уланудан алдын-ала сақтану мақсатында, азық-түліктердің сапасын анықтаудың маңызы ерекше. Оқушы қыздармен тренинг өткізуге болады – рольдік ойын тамақтан улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. Өткізілген ойынның қорытындысы, оқушы төтенше жағдайда, тұрақты өзін ұстау тәртібі қалыптасады. Тамақтану гигиенасына ерекше көңіл аударыңыздар. Инфекцияның алдын алу шараларына жатады:

1. Тұрғын үйдің орналасу тазалығы, азық түлік сақтау блоктары, сумен қамтамасыз ету;

2. Жеке тазалық гигиеналық ережесінің қатаң сақталуы.

3. Тазалық талаптарының сақталуы, тағам дайындау орындары, жабдықтар, ыдыстар мен құралдарды сақтау;

4. Гигиеналық талаптардың барлық кезеңдерінде қайта өңдеу және азық түліктерді сақтау;

5. Эпидемиялық көрсеткішке байланысты ішек инфекциясына қарсы сақтандыру екпелерін өткізу.

III. Қорытынды нұсқау

Сабақтағы қорытынды жұмыстарды өткізу.

1. Оқушылардың жұмысындағы кемшіліктерді анықтау.

2. Жақсы жасалған жұмыстың қорытындысын атап көрсету.

3. Оқушының жасаған жұмысын бағалау.



IV. Үй тапсырмасы. Сыныпты топтарға бөлу. Еттің түрлері туралы және етті қолдануда, еттен тағам дайындау мақсатында мәлімет беру.

Қосымша 1.

Бөлімге сұрақтар а).

1. Ағзаның функциясына қорек қалай әсер етеді?

2. Шығын энергияның орны қалай толықтырылады?

3. Жасушаның құрылысына, жүйесіне тағамның тигізетін әсері қандай?

4. Дұрыс тамақтануға әсер ететін ішкі және сыртқы ықпалды атаңдар?

5. Кәдімгі адам және спортпен шұғылданатын адамның тамақтануында айырмашылығы неде?

6. Азық түліктің тамақтану құндылығы неге байланысты?

Қосымша 2



Заттың атауы

Құрамы неде

Энергиялық сыйымдылығы

Не үшін қажет

2 сабақ 8-сынып

Сабақтың тақырыбы :Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі

Білімділігі:Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсінік беру;

Дамытушылығы:Халқымыздың ұлттық тағамдарының жасалу жолдарын тәжірибеде қолдана білуге, тапсырмаларды орындау кезінде топтасып, жеке жұмыс істей білуге тәрбиелеу;

Тәрбилегі:Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық сезімді қалыптастыру, қазақ халқының ұлттық тағамдарының қасиетін ұғындыру

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-суретті, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: «Ұлттық тағамдар», слайд

Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

-оқушыларды түгендеу;

-жұмыс орнын жабдықтау

ІІ. Үй тапсырмасы

1-тапсырма:

-Қауіпсіздік ережелерін ата?

-Санитарлық гигиеналық ережелері

-Тамақтану мәдениеті деген не?

2-тапсырма:

3-тапсырма:

Стафилоктар қуат алу, өмір сүру

Тамақ таза жүру, қолды жуу

Жеке бастың гигиенасы жылы жерде сақталған азық-түліктер

№1 сарамандық жұмыс “Еттен жасалған тағамдар”

№2 сарамандық жұмыс “Бірінші тағамдар дайындау”

ІІІ. Жаңа сабақ

Қазақ халқы барлық уақытта өзінің қонақжайлылығымен және ұлттық асханасымен ерекшеленеді. Сондықтан болар халықта «Жер танимын десең атың болсын, ел танимын десең асың болсын» деген мақал бар. Мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың негізгі асы ет пен сүт болған.

Ұлттық тағамдар

Ет тағамдары сүт тағамдары Ұн тағамдары

Қазақша ет Айран, Қатық Бауырсақ, Таба нан

(Бесбармақ, Бешбармақ) Шалап, Шұбат Май шелпек, Қаттама

Қазы, Қарта , Қымыз , Балқаймақ Талқан, Тары

Жал Жая Кілегей ,Қаймақ Жент (қоспа)

Сорпа , Борша Құрт ,Сары май Майсөк (майтары)

Жөргем ,Шұжық Сүзбе, Уыз, Ірімшік Бидай

Сірне , Ми палау ,Құйрық-бауыр ,Қуырдақ

Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Осылай асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді. Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.

Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.Бауырсақ –шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді (айран құйса да болады). Қамырды иін қандыра қатты илеп қоя тұру керек. Содан кейін қамырды жазып, төрт бұрыштап кесіп немесе жіңішкелеу етіп есіп алып, содан кейін кессе да болады. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады.

IV.Бекіту тапсырмалары


  1. Қазақша еттің құрамы

Қазақша ет: 1-2 бас жуа, картоп, қамыр, тұз, су, ет

  1. Ұлттық

Сусындар тағамдар, қымыз қазы-қарта, шұбат қуырдақ, айран қазқша ет,сүт

  1. Сандарды кішісінен үлкеніне қарай қойып, астындағы әріптерден сөйлем құра.

Тәбетіңіз ашылсын!

V. Қорытынды



Бағалау

Үйге тапсырма: §4.



Отбасындағы мерекелік ұлттық тағамдардың жасалу жолдарын жазып әкелу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет