Пән: Дүниетану
Сабақ №9
Сабақтың тақырыбы:
|
Жанғыш пайдалы қазбалар.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Жанғыш пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру.
|
Тілдік міндеттері:
|
антрацит,шымтезек,жермай, бұрғылау,көмір карьері.
|
Күтілетін нәтижелер:
|
Жанғыш пайдалы қазбалардың түрлерімен танысады.
Оның адам өміріндегі маңызын.алыну жолдарын анықтай алады.
|
Қажетті ресурстар:
|
Интернет көздері, оқулық,пайдалы қазбалар картасы, тапсырма жазылған карточкалар.
|
|
Сабақтың барысы:
|
|
Уақытты жоспарлау
|
Жоспар бойынша тапсырма
|
Дерек көздері
|
Ширату
5 мин
|
Окушы дәптерлерін қолына алып. Екінші қолына карындаш алып. Параққа жанындагы құрбысының суретін салады. Кері байланыс жасалады.
|
|
Топтық жұмыс
8 мин
|
Интернетке кіре алса екі-үш, бала бірігіп Бейнематериалды көруге болады.
|
|
Жұптық жұмыс:
5 мин
|
Бейнематериалдан көргені бойынша әңгімелесу.
|
|
Топтық жұмыс:
10 мин
|
Мәтінмен жұмыс.1.Оқушылар мәтінді тізбектеп оқып шығады.
2.Түсініксіз сөздерді анықтайды.,Джигсо әдісі. (диологтік оқыту)
1-топ: Тас көмір туралы
2-топ: Мұнай туралы
3-топ: Газ туралы
Әр топ өз тапсырмасын кітаптан оқып,топта талқылап, келесі топқа түсіндіріп береді.
|
|
Топтық жұмыс:
8 мин
|
«Бір тапсырма, бір сұрақ «
1-топтың тапсырмасы: Картадан (27-бетте) тас көмір өндіретін жерлерді
тауып, атын жазу.
2-топтың тапсырмасы: Картадан мұнай шығатын жерлерді тауып, атын жазу.
3-топтың тапсырмасы: Картадан газ шығатын жерлерді тауып, атын жазу.
«Қар лақтыру» ойыны Әр топ бір сұрақ жазады да, көрші топқа лақтырады,
(Мысалы,№1 Жер қойнауында тас көмір қалай пайда болады? №2 Жер астынан мұнай қалай өндіріледі? №3 Мұнай мен газға сипаттама жаз.)
|
|
Бағалау
2 мин
|
Топтық жұмысты бағалау,
Смайликтер арқылы.
|
|
Жұптық жұмыс:
5 мин
|
Ұсынылған тізімдегі пайдалы қазбаларды төмендегі қасиеттермен байланыстыру.
Тас көмір.құм, мұнай,темір, әктас.
1.Қара түсті. 2.Ақ түсті. 3.Жанғыш. 4.Жанбайды. 5.Қатты. 6.Жұмсақ. 7.Судан ауыр. 8.Қара түсті.9.Сары түсті.10.Морт сынғыш. 11.Иісі бар. 12.Балқиды.13.Су өткізгіш.
|
|
Рефлексия 2 мин.
|
Бүгінгі сабақта не үйрендім? Сабақ маған ұнады ма? Жұп болып ауызша сабаққа баға береді.
|
|
Үйге тапсырма:
2 мин
|
Мәтін бойынша он сұрақ дайындау
|
|
Пән: Дүниетану
Сабақ №10
Сабақтың тақырыбы:
|
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қасиеттерімен, оны игеру жолдарымен таныстыру.
|
Тілдік міндеттері:
|
Фосфорит, асбест,калий тұзы,ұлутас,гранит,әктас,мәрмәр
|
Күтілетін нәтижелер:
|
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрлерімен танысады. Оның адам өміріндегі маңызын,игерілу жолдарын анықтай алады. Тақырыпты түсінеді, өз ойларын айта алады. Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.
.
|
Қажетті ресурстар:
|
Интернет көздері, оқулық,пайдалы қазбалар картасы, сөзжұмбақ сұрақтары кестесімен, бағдаршам түстері.
|
|
Сабақтың барысы:
|
|
Уақытты жоспарлау
|
Жоспар бойынша тапсырмалар
|
Дерек көздері
|
|
Оқушыларды шеңбер қылып тұрғызып немесе артында отырған оқушыға бұрылып,жақсы тілек айту, комплемент айту.
|
|
Топтық жұмыс
8 мин
|
топқа бөлу, .топ мүшелерін сайлап алу,топтық ережені құру, спикер,хатшы,басшы.
|
|
|
1.Оқушылар мәтінді тізбектеп оқып шығады.
2.Түсініксіз сөздерді анықтайды.
«джигсо» әдісі (диалогтік оқыту)
|
|
Топтық жұмыс:
10мин
|
Мәтінмен жұмыс.
1-топ: Тұз туралы
2-топ: Фосфорит туралы
3-топ:Құрылыс материалдары туралы
Әр топ өз тапсырмасын кітаптан оқып,топта талқылап, келесі топқа түсіндіріп береді.
|
|
Топтық жұмыс:
5 мин
|
«Пайдалы» деген сөзге пайдалы қазбаларға байланысты
Сөзжұмбақ шешеді
|
|
|
Топтық жұмысты бағалау,
Әрбір дұрыс жауапқа 3 балдан жинайды.
|
|
Жеке жұмыс:
5 мин
|
Геодиктант.
пайдалы қазбалардың атын тауып жазу.
1.Жеңіл, ылғалды сіңіріп алады,жақсы жанады, тыңайтқыш ретінде қолданады. (Шымтезек)
2.Шахтада игеріледі.ауыр.мықты, созылғыш. (темір кені)
3.Қара түсті, қатты,жылтыр, суға батып кетеді,жанғыш зат, (тас көмір)
Оқушылар бір-бірінің дәптерін тексереді.
|
|
Рефлексия 2 мин.
|
Бүгінгі сабақта не үйрендім? Сабақ маған ұнады ма? Жұп болып ауызша сабаққа баға береді.Смайликтер арқылы бағалау,
|
|
Үйге тапсырма:
2 мин
|
36 беттегі тапсырманы орындау.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |