(Ұ) Оқулықпен жұмыс
Оқулықтан 38-жаттығуда берілген «Бозторғайдың ерлігі» мәтінді оқу тапсырылады. Оқушылар «Тізбектей оқы» әдісі арқылы мәтінді оқиды. «Құсты ұясына қондыр» ойыны.
Мәтіндегі негізгі ой қандай?
Қарамен жазылған сөздер қай сөз табының орнына жұмсалып тұр?
Бозторғай нені көрді?
Ол жыланды қалай өлтіреді?
Ол ерлікті кім үшін жасады?
Сөздік бағалау: Жарайсыңдар! Керемет! Өте жақсы!
Сергіту сәті жүргізіледі. Ойын. «Тауып көр» ойыны. Мақсаты: Баланың қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.
Жазылым дағдысы. Оқулықпен жұмыс
Оқулықтан 39 – жаттығу орындай тапсырмасы беріледі. Көп нүктенің орнына тиісті жіктеу есімдіктерінің бірін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады. Оқушылар мәтінді қатесіз әрі көркем жазады.
Қ/Б: «Смайликтер» арқылы бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |