|
(Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.
Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интерактивті тәсіл. Интерактивті тақтада 3 сурет көрсетілгеннен кейін әрбір оқушы жеке өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (1-2 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 2-3 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.
|
2- тапсырма:
Суретке назар аудар. Компьютер алдында дұрыс отырмаудың қандай зияны бар? Ойыңмен бөліс.
Дескриптор:
Жұптасып өз ойларымен бөліседі.
Компьютер алдында дұрыс отырмаудың зиянын атайды.
Зиян келтіретін теріс әрекеттерді болдырмаудың алдын алу шараларын айтады.
|
ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
Интерактивті тақта
|
|
(Д). Интерактивті тақтадан компьютер алдындағы балақайдың әртүрлі іс-әрекеті бейнеленген 3 сурет көрсетіледі.
***3- тапсырма:
Информатика кабинетінде бала қандай ережені бұзды? Балаға қандай кеңес бересің?
|
Дескриптор:
Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерді есіне түсіреді.
Бала қандай ережені бұзғанын біледі.
Балаға ток көзінен шнурды қалай ажырату керектігін, қалай дұрыс отыруға болатынын, тамақтану ережесі бойынша өз кеңесін береді.
|
|