Сабақ Қабылдаған: Макпал Анламасова Орындаған: Əбілаш Нұрхат



Pdf көрінісі
Дата26.12.2021
өлшемі33,99 Kb.
#105669
түріСабақ
Байланысты:
Әбілаш Нұрхат.Саясаттану
Виды проф коммуникации(3) - копия


           Практикалық сабақ 

 

 



 

Қабылдаған: Макпал Анламасова 

Орындаған: Əбілаш Нұрхат 

Тобы: ТТА-911 

 

 

Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат. 



 

 

 



Саясат адамзат қатынастары арасындағы өте күрделі сала. Оны көпшілік 

ғылым деп атап көрсетіп жатса, өнер деп есептейтіндер де кездесіп 

жатады. Саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі – түрлі əлеуметтік 

топтар мүдделерін ескере отырып қоғамды басқару. Саясат түсінігі ежелгі 

грек философы Аристотельдің ұғыммен аттас еңбегі арқылы ғылымға 

кеңінен тарала бастады. Ғұлама ғалым саясатты отбасылар мен 

тайпалардың бақытты, ізгілікті өмір сүру түрлерінің ізденісі ретінде 

қарастырды. Оның пікірінше, адам саяси жануар жəне ол саяси 

қатынастарға түрлі деңгейде қатысады: мемлекет азаматы, əлеуметтік 

топ мүшесі, саяси қайраткер. Демокрит жəне өз заманының ойшылдары 

саясатты өнерден де жоғары түсінік ретінде айқындайды. Ойшылдардың 

пайымдауынша, саясат аса дарынды, данышпан, əділетті жəне 

шыншылдардың ісі. Парасатты саясат – мемлекеттің гүлдену, қоғам мен 

тұлғалар дəулеттілігінің кепілі. Неміс саясаттанушысы М. Вебер саясатты 

билік жүрзізуге ұмтылыс немесе оның үйлестіру қызметіне ықпал жасау 

ретінде қарастырады. 

 

Саясат – бұл ресурстарды таратуды басқару. Бұл билікті алу, сақтап қалу 



жəне пайдаланумен байланысты қоғамдық өмір-салттың саласы. 

Ағылшын тілінде саясат ұғымын түсіндіру үшін оның түрлі өлшемдерін 

сипаттайтын түсініктер қолданылады: нысандық (polity) – саяси 

құрылымы, саяси институттардың жиынтығы; мазмұндылық (policy) – 

саясат субъектілерінің жобалары мен талаптары; партиялар 

бағдарламалары немесе үкімет саясатының бағыттары; іс-жүргізу 

(politics) – қоғамның барлық саяси өмірі, саяси күрес нəтижелерін ескере 

отырып жасалатын саяси қатынастар мен саяси қимылдардың күтпеген 

салдары. Саясат туралы көптеген пікірлер арасынан төмендегі 



ерекшеліктерді атап өтуімізге болады: жалпыміндетті шешімдерді 

қабылдау бойынша қызмет; мемлекет, партия, мүдделес топтар 

қызметінің саласы; билік үшін күрес, билікке ықпал жасау жəне оны 

пайдалану; мемлекеттік-құқықтық құралдар көмегімен қоғамдық маңызы 

бар істерді басқару; əлеуметтік топтар мен жеке тұлғалар қатынасының 

ерекше түрі; қоғамдық өмірдегі ережелерді жасау, қолдау жəне өзгерту. 

Саясаттың негізгі элементтеріне билік жəне оның субъектілері, саяси 

ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар мен саяси мəдениет жатады. Өз 

кезегінде қоғамдық өмір салаларына сəйкес саясаттың мынадай түрлері 

бар: экономикалық – экономикадағы азаматтар мен əлеуметтік топтар 

арасындағы қатынастарды реттеу; əлеуметтік – қоғамдағы орнына 

байланысты азаматтар мен əлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды 

реттеу; ұлттық – ұлттар арасындағы қатынастарды реттеу; мəдени – 

рухани өмірдегі азаматтар мен əлеуметтік топтар арасындағы 

қатынастарды реттеу; мемлекеттік-əкімшілік – мемлекеттік-əкімшілік 

құрылымының саясаты, билік-саясат саласындағы қатынастарды реттеу. 

Деңгейлеріне қарай бөлінеді: жергілікті – жергілікті құрылымның (аудан, 

ауыл, қала) дамуымен байланысты мəселелерді реттеу; аймақтық – 

аймақтың (облыс) дамуымен байланысты сұрақтарды реттеу; 

жалпымемлекеттік – қоғамның дамуына бағытталған мəселелерді реттеу; 

халықаралық – халықаралық сахнадағы мемлекеттер арасындағы 

қатынастарды реттеу; əлемдік – жаһандық заманауи мəселелерді шешуге 

байланысты мəселелерді реттеу. Көлеміне қарай бөлінеді: - 

стратегиялық – қоғамдық жамудың маңызды басымдықтары, ұзақмерзімді 

стратегиялық бағыттарды таңдау, негізгі бағыттарға жетудің жолдары мен 

тəсілдерін айқындау; тактикалық – ағымдағы мəселелерді шешу, жедел 

шешімдерді əзірлеу жəне жүзеге асыру. Мемлекеттің қызметіне қарай 

бөлінеді: ішкі саясат – мемлекет ішіндегі түрлі салалардағы азаматтар 

мен əлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; сыртқы саясат 

– халықаралық қатынастар субъектілері арасындағы байланыстарды 

реттеу. Бүгінде аталмыш терминді көбінесе ықпал жасау мен басқарудың 

түрлері ретінде жиі айқындалады. Саясат қоғамдық өмірдің барлық 

жақтарына ықпал жасайды. Азаматтар түрлі сайлау үдерістері арқылы 

билік органдарын қалыптастыруға, мемлекетті басқаруға, материалды 

жəне рухани құндылықтарды үйлестіруге қатысады. Саяси өмір – бұл 

мемлекеттік билік, оның қызметтері, институттары жəне билікті жүзеге 

асыру тəсілдерімен тығыз байланысты əлеуметтік өмірдің ерекше түрі. 

Саяси өмір түрлі əлеуметтік таптар мен топтар, партиялар мен қоғамдық 

бірлестіктер қызметіндегі мүдделерді біріктіреді. Бұл өте күрделі, 

жан-жақты, қарқынды жəне өзгермелі құбылыс ретінде əлеуметтік 




кеңістікте дамиды жəне саясат əлеміндегі саяси қатынастар, институттар, 

үдерістер мен адам санасын қамтиды. Əлеуметтік кеңістікте түрлі саяси 

күштер, топтар, ұйымдар, уақытша жəне тұрақты одақтар қызмет 

атқарады. Əлеуметтік мəселелерді шешудегі осы барлық күштердің 

өзара байланысы саяси өмірдің мазмұны мен түрлерін анықтайды. Адам 

баласы саяси өмірді күнделікті өмірдегі түсінікпен қатар, теориялық жəне 

ғылыми деңгейде ұғынуы керек. Саясат адамзат баласы мəдениетінің 

ажырамас бөлігі. Ол қоғамдық өзара байланыстар мен құрылымдарда 

көрініс табады, адамның қоғамдық жəне жеке өмірін қалыптастырады. 

Қоғамдық өмірдегі саясаттың рөлі мынадай қызметтермен анықталады: 

қоғамның барлық топтары мен таптарының қоғамдық маңызды 

мүдделерін көрсету; қоғамда пайда болған қарама-қайшылықтарды 

оңтайландыру; қоғамдық үдерістеріді басқару; қоғамның тұтастығы мен 

тұрақтылығын қамтамасыз ету; қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру 

үшін əлеуметтік ресурстарды жұмылдыру; əлеуметтік қақтығыстарды 

алдын алу жəне өркениетті түрде шешу; түрлі əлеуметтік топтардың 

мүдделерін біріктіру; қоғамдық дамудың инновациялық тəсілдермен 

қамтамасыз ету; жалпы құндылықтарды жүзеге асыру үшін мəжбүрлеу 

мен күштеу тəсілдерін қолдану. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет