Сабақ Алкиндер Күні: 19. 11. 14 Пәні: химия Сыныбы : 11


Алкиндердің атаулары мен изомерлері



бет2/3
Дата24.04.2017
өлшемі2,89 Mb.
#14599
1   2   3

Алкиндердің атаулары мен изомерлері.

Алкиндердің аталуы алкендердің аталуына ұқсас. Халықаралық номенклатура бойынша алкиндерді атағанда, алкандардың –ан жұрнағын –ин жұрнағына алмастырады. Үш байланыс негізгі тізбекке кіруі керек. Көміртектерді еселі байланыс жақын орналасқан шеттен бастап нөмірлейді. Молекулада қос және үш байланыстар болса нөмірлегенде қос байланыс шешуші рөл атқарады. Мысалы:


НС≡ С-СН2-СН3 СН3-С ≡ С-СН2-СН3 НС≡ С-СН2-С ═ СН2

Бутин-1 бутин-2 ׀

СН3

2-метилпентен-1-ин-4 Алкиндердің радикалдары басқа көмірсутектердің радикалдарына ұқсас аталады: Н-С≡ С – этинил.

Алкиндердің изомерлері.

1.Еселі байланыс орнына сәйкес


СН ºС-СН2-СН3 СН3-СºС-СН3

бутин-1 бутин-2
2. Көміртек қаңқасына сәйкес
СН ºС-СН2-СН2-СН3 СН ºС-СН-СН3

½

пентин-1 СН3



3-метилбутин-1

3. Класаралық изомерлері

НС = СН

СН ºС–СН2–СН3 СН2=СН–СН=СН2 ½ ½



Н2С – СН2

бутин-1 бутадиен-1,3 циклобутен

Алкиндердің алынуы.



  1. Метанды пиролиздесе (жоғары температурада қыздырса), ол көміртек пен сутекке айырылатынын білесіңдер. Реакцияның жүргізу жағдайына байланысты метанды айырғанда, ацетилен аралық өнім ретінде түзіледі:

2СН4 –> С2Н2 + 3Н2

  1. Алкиндерді сәйкес алкандарды дегидрлеп алуға болады. Мысалы, этанды 1200°С-қа дейін қыздырғанда, ацетилен мен сутекке айырылады:

С2Н6 –> С2Н2 + 2Н2

  1. Лабораторияда және күнделікті тұрмыста ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады. Ал кальций карбидін электрпеште сөндірілмеген әк пен коксты жоғары температурада (2000°С) әрекеттестіру арқылы алады:

СаО + 3С –> СаС2 + СО

СаС2 + 2Н2О –> Са(ОН)2 + С2Н2



VІ. Бекіту кезінде оқулықтағы 6-жаттығу мен 13-есеп тақтаға орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет