«Жолдыбай негізгі мектебі» КММ
Ашық сабақ
Қарсылықты салалас
8-сынып
Өткізген: Маженова Жамал Айдарбековна
Тексерген: ОІМ Қыдырбеков Б.З.
Тексерген күн:19.01.2017 жыл
Өткен күні:20.01.2017 жыл
2016-2017 оқу жылы
Тексерген: Бекітемін:
ОІМ: Мектеп директоры:
Қыдырбеков Б.З. Бекишов А.Б. «19» қаңтар 2017 жыл «19» қаңтар 2017 жыл
Сабақтың тақырыбы:Қарсылықты салалас
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің қалай жасалатынын, екі түрі бар екенін, тыныс белгілері мен жалғаулықтарын толық айтып, түсіндіру.
2.Дамытушылық: Теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдана алуға үйрету. Жаңа белсенді оқыту әдістері арқылы баланың пәнге деген қызығушылығын арттыра түсу.
3.Тәрбиелік: Алған білімдерін өмірде қолдана алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем туралы білімдері қалыптасады. Талдау жұмысын жүргізу шеберлігі қалыптасады. Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық , тірек сызба, тест, семантикалық карта, қима қағаз
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО.Жаттығу жұмыстарын орындау, шығармашылық жұмыс, талдау
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу.
І.Қызығушылық туғызу.
Психологиялық ахуал туғызу.
1.Сергіту сәті. 1,2,3 деп тірек-қимыл қозғалысын музыкамен жасау.
2. Екі оқушыға екі түс беремін.
Жандостың эмблемасы сары түсті болып келеді. Берілген тапсырмаларға толық жауап берсе, қоржынын сары түсті дөңгелек ұпайлармен толтырады.
Дильназдың эмблемасы қызыл түсті болып келеді. Берілген тапсырмаларға толық жауап берсе, қоржынын қызыл түсті дөңгелек ұпайлармен толтырады.
ІІ.Миға шабуыл. Үй тапсырмасын пысықтау. (Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасына шолу жасау.)
1.«Иә», «Жоқ»
1.Хабарлы сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады. (Жоқ)
2.Тұрлаулы мүшелер: бастауыш, баяндауыш. (Иә)
3.Тұрлаусыз мүшелер:толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш. (Иә)
4.Анықтауыш екі сызықпен сызылады. (Жоқ)
5.Жай сөйлемнің түрлері:Жақты, жақсыз, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, атаулы. (Иә)
6.Құрмалас сөйлем түрлері үшке бөлінеді:салалас, сабақтас, аралас. (Иә)
7.Салалас құрмалас сөйлемнің 9 түрі бар. (Жоқ)
8.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жалғаулықтары: және, да, де, та, те, әрі, мен. (Иә)
9.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдердің жалғаулық шылаулары:
сондықтан, өйткені, сол себепті, себебі. (Иә)
2.Топтастыру стратегиясы.
Тірек сөздерді топта, орнына орналыстырыңдар.
Таблицаға қима қағаздарды жапсыру.
Сөйлем мүшесі бола алады
|
Тұрлаулы мүше
|
Тұрлаусыз мүше
|
Бастауыш
|
Анықтауыш
|
Баяндауыш
|
Толықтауыш
|
|
Пысықтауыш
|
Сөйлем мүшесі бола алмайды
|
Оқшау сөздер
|
Қаратпа сөз
|
Қыстырма сөз
|
Одағай сөз
|
ІІІ.Мағынаны тану.Жаңа сабақ:
1.Тақырыпты түсіндіру.(тірек - сызбаларды пайдалану)
Қарсылықты салалас
|
Ережесі
|
Жалғаулық шылаулары
|
Мысалдар
|
Жай сөйлемдердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін салалас түрі
|
Бірақ,алайда,дегенмен,
сонда да,әйтсе де, сөйтсе де
|
Оның даусы жақсы,бірақ ән айтуды жақтырмайды.Есікті жауып қойған,сонда да ол үмітін үзген жоқ.
|
Қарсылықты салаластың жалғаулық шылаулар арқылы байланысына қарай
|
Жалғаулықты қарсылықты салалас
|
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас
|
Жалғаулықты қарсылықты салалас
Ережесі
|
Жалғаулық шылаулар
|
Мысалдар
|
Жалғаулықты қарсылықты
салалас қарсылықты мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады.
|
Жалғаулықтар жай сөйлемдердің арасында қайталанбай,бір-ақ рет келеді.мұндай жай сөйлемдердің арасы үтірмен бөлінеді.
|
Күн сайын бір жаңалық болады,бірақ оған ешкім таңданбайды.
Шанадағылар бұлар емес,дегенмен бірден-бірге жақындап келем.
|
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас
Ережесі
|
Жалғаулық шылаулар
|
Мысалдар
|
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбінесе антоним сөздерден және болымды-болымсыз формадағы сөздерден жасалады.
|
Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың аражігі үтір мен сызықша арқылы ажыратылады.
|
Жайнагүл сәлем беріп еді,- ол қырын қарап кетті.
Бас алу оңай,-бастамақ қиын.
Мал жұтайды,- өнер жұтамайды.
|
Нұржан мен Бектас көл жағасына дейін жүгірді, бірақ Санжар кетіп қалыпты.Осы сөйлемдердегі айтылған ой қандай мәнде беріліп тұр.
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама-қарсы болатын салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз.
Қарсылықты салалас сөйлемдер мынадай жалғаулық шылаулар арқылы жасалады. Олар:
бірақ, дегенмен, әйтсе де, десе де, сонда да, алайда.
Кейде бұл жалғаулықтар түсіріліп айтылады. Ондай жағдайда екі сөйлем арасына үтір мен сызықша қойылады.
Сондай-ақ, қарсылықты салаластың екі түрі бар.
1. Жалғаулықты қарсылықты салалас.
2. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас.
Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулықты шылау арқылы байланысса, онда ол сөйлем жалғаулықты қарсылықты салалас деп аталады.
Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулықты шылаусыз байланысса, онда ол сөйлем жалғаулықсыз қарсылықты салалас деп аталады.
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем құрамындағы баяндауыштар антоним сөздерден немесе болымды, болымсыз формадағы сөздерден жасалады.
Жаман іс дүниені кемітеді,
Жақсы іс дүниені кеңітеді.
Сәрсен оны анық көрді, алайда Жетес байқамады.
2.Оқулықпен жұмыс.
242-жаттығу.Берілген мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мағынасын түсіндіріңдер.Қарсылықты салалас сөйлемдерді көрсетіңдер.
244-жаттығу.Ертегі мәтініндегі гүлдердің жауаптарын қарсылықты салалас құрмалас сөйлем түрінде жазыңдар.
Мені саяласын, бірақ өзі ғана саяласын.
Соны алайын қалқама, ал қалғандары ренжімесін.
Мен өзім түстес сары көбелекті жаңбырдан қорғай тұрайын, бірақ басқаларыңа қорған бола алмаймын.
Жаңа сабақты бекіту:
1.Шығармашылық жұмыс.«Қарсыластар» ойыны: бірақ сөзін қатыстырып қарсы пікір айтады
Мен шаршадым...
Мен жақсы билей алмаймын...
Мен көп ұйықтаймын...
Мен еден жууды ұнатпаймын...
Мен тез ашуланғыш адаммын...
Мен соншалықты сымбатты емеспін...
Менің кемшіліктерім көп...
2.Кеспе парақшамен жұмыс
№ 1 парақша.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңдар. Жасалу жолын түсіндіріңдер.
Биыл мектеп бітіремін және Алматыға инженерлік оқуға түсемін.
|
№ 2 парақша.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңдар. Жасалу жолын түсіндіріңдер.
Ол сабаққа дайындалмаған, себебі кеше кітапханадан кітап таба алмады.
|
3.Семантикалық картаны толтыру.
№
|
Құрмалас сөйлемдер
|
Ыңғайлас
|
Себеп- салдар
|
Қарсылықты
|
1
|
Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді.
|
|
+
|
|
2
|
Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді,- жұмыстан қолы тимеді.
|
|
|
+
|
3
|
Мұндай шыбыны көп шөл даланы ешбір ауыл жайламайды: жаз айларында ондай шұбарлы жердің масасы мен сонасы қалың болады.
|
|
+
|
|
4
|
Күн батты да, тауды қара көлеңке басты.
|
+
|
|
|
5
|
Сөз бергенге ерме,- бөз бергенге ер.
|
|
|
+
|
Тест жұмысы. І нұсқа, ІІ нұсқа
Үйге тапсырма:Қарсылықты салалас.
247-жаттығу.Берілген тұрақты тіркестерді пайдаланып, қарсылықты салалас сөйлемдер құраңдар.Жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
Балдан тәтті, қағаздай аппақ, удай ащы, қазанның күйесіндей.
249-жаттығу.Мәтінді оқып, мазмұнына байланысты қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер құраңдар.
Кері байланыс: Көңіл-күй парақшаларын тарату.Өздерінің сабақтағы көңіл-күйлерін смайлингке белгілейді.
Рефлексиясы
Сабақта мен ... жұмыс істедім
|
белсенді/ белсенді емес
|
Сабақта мен өз жұмысыма ... болдым
|
Риза/риза емес
|
Сабақ мен үшін ... болды.
|
ұзақ/ қысқа
|
Сабақта мен ...
|
шаршадым/шаршаған жоқпын
|
Менің көңіл-күйім ... болды
|
жақсы/жаман
|
Сабақ материалы маған ... болды
|
түсінікті/түсінікті емес
қажетті/қажетсіз
қызықты/іш пыстырарлық
|
Үй тапсырмасы мен үшін ... сияқты болды.
|
оңай/ауыр
қызықты/қызықты емес
|
Бағалау:
Сабақ барысында алған қызыл, сары түстерін санап қорытып, бағалау
Сабақта алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады.
№
|
Аты-жөні
|
«Иә», «Жоқ»
|
Топтастыру
|
242-жаттығу
|
244-жаттығу
|
«Қарсыластар»
|
Кеспе парақша
|
Семантикалық карта
|
Тест
|
Қорытынды
|
1
|
Айтмағанбет
Жандос
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Сағынтай
Дильназ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тест І нұсқа
1.Қай салалас екенін тап.
Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқтаған жоқты.
А) Ыңғайлас
В) Қарсылықты
С) Себеп- салдар
Д) Кезектес
Е) Түсіндірмелі
2.Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты тап.
А)Жерді жыртқан біледі, малды баққан біледі.
В)Мақсат-біреу, сол себепті оны екіге бөлу-ымырашылдық.
С)Сізден сұрайтыным мынау:бізге қамқоршы болыңыз.
Д)Ең сенімді су жер астынікі,- оны іздеу керек.
Е)Шытырлап тұрған қурай лап етті, қара түтін бұрқ етті.
3.Салаластың қай түріне жатады?
Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
А) кезектес
В) түсіндірмелі
С) талғаулы
Д)қарсылықты
Е) ыңғайлас
4.Салаластың басты ерекшелігін тап.
А)Тек жалғаулықтар арқылы жасалады.
В)Құрамындағы жай сөйлемдер бағына байланысады.
С)Құрамындағы жай сөйлемдер тең дәрежеде байланысады.
Д)Алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болады.
Е)Берілгендердің барлығы дұрыс.
5.Қандай сөйлем?
Күн шығып, ел тұра бастады, - қонақтар әлі кетер емес.
А) сабақтас
В) аралас
С) салалас
Д) көп бағыныңқылы сабақтас
Е) көп басыңқылы сабақтас
Кілті І нұсқа
Тест ІІ нұсқа
1.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді тап.
А)Мезгіл кешкіріп кетті, амалсыз қонуға тура келді.
В) Жастардың қолы қырықтықта, аузы әнде.
С)Баршагүл сәлем беріп еді,-ол қырын қарап кетті.
Д)Опасыз адам жел сияқты:алдыңда құдық барда артыңнан итереді.
Е)Не өлтір, не кеш тағы қолымды шеш.
2.Салаластың басты ерекшелігін тап.
А)Тек жалғаулықтар арқылы жасалады.
В)Құрамындағы жай сөйлемдер бағына байланысады.
С)Құрамындағы жай сөйлемдер тең дәрежеде байланысады.
Д)Алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болады.
Е)Берілгендердің барлығы дұрыс.
3.Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды тап.
А)және
В)сонда да
С)сондықтан
Д)немесе
Е)бірде
4.Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмаласты тап.
А)Осылай жаз да өтті, күз де өтті.
В)Теріскейде қара бұлт тұтасып келе жатса да, Қоспан асықпады.
С)Сен жыладың, мен бірақ селт етпедім.
Д)Сейіт құр сараң жымиғаны болмаса, шырай берген жоқ.
Е)Жарқырай шағылысқан сәулесі жоқ, - бұлт астындағы қоңырқай жарықта төңіректің бәрі ап-айқын.
5.Салаластың қай түріне жатады?
Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
А) кезектес
В) түсіндірмелі
С) талғаулы
Д)қарсылықты
Е) ыңғайлас
Кілті ІІ нұсқа
Достарыңызбен бөлісу: |