ІІІ.Ойын«Ата-ана мейірімі». Ата- аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой- пікірлерін айтады.
ІҮ.Жағдаят. Ата- аналар жағдаятты оқып, өз ойларын айтады.
І топқа: Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
ІІ топқа: Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4- 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Сіздің балаңыз осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде елеусіз қалдырасыз ба?
ІІІ топқа: Кейбір ата- аналардың баласының әрбір істеген іс – әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс- әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?