Жүргізуші. Балалар, сендерде бос сандықша тауып алсаңдар көңілдерің бұзылар ма еді? Неліктен? Әрі қарай не болғанын тыңдалық.
— Сандықшаның бос болғаны жақсы, деп жауап берді дана. Бос нәрсені қалай толықтыру керектігі туралы сөйлесетін уақыт келді. Айналаларыңа қараңдар. Бұл сандықшаны қалай және немен толтырар едіңдер?
Жүргізуші. Балалар! Қане, өзімізді теңіз жағалауында жүрміз деп елестетіңдер. Сіздер дана мен шәкірттердің қасында болсаңыздар, сандықшаны немен, қалай толтырар едіңдер?
Қазір бәрің әр түрлі-түсті қағаздарды аласыздар (әр түрлі көлемдегі). Өз жауаптарыңды жазып, біз сандықшаның ішіне жапсырыңдар.
Жүргізуші контуры сызылған сандықшаға көңіл аударады.
Балалар жазып жатады, (тапсырманың кезінде теңіз толқынының музыкасы ойнап тұрады). Тапсырманы орындап болған балалар сандықшаның ішіне жапсырады. Симай жатса, сыртына жапсыра береді.
Барлығы жазып, жапсырып болғаннан кейін жүргізуші оқып, сосын қорытынды жасайды.
Балаларға мынадай сұрақ қойылады,
Жүргізуші. Балалар! Неге сіздердің барлық қағаздарыңыз жапсырылмады? (Балалардың жауаптары). Рахмет! Әрі қарай не болды екен тыңдалық.
— Мен сандықшаны таспен толтырар едім, — деді біреуі.
— Ал мен кішкентай тастармен толтырамын, ол сиымды болады және менің көп күшім кетеді, — деді біреусі.
Үшіншісі былай деп есептеді, сандықшаны құммен толтыру, яғни барлығыда құмға толатындығын айтты.
— Иә, — деп күлді дана. — Мен көптеген әр түрлі адамдарды көрдім, әркім сандықшаны өзінше толтырды және бәріде өздерінше сандықтарының толықтығына сенімді болды. Мен сендерге менің ұстазым не істегенін айтайын.
Дана сандықты алып, үлкен тастармен толтырды.
— Сандық толды ма? — деп шәкірттерінен сұрады.
— Толық, —деп жауап берді.
Сосын дана оны ұсақ тастармен толықтырды.
— Сандық толды ма?
— Толық.
Ал қалған ашық жерлерін құммен толтырды.
Дананың Сандық толды ма? деген сұрағына шәкірттері толды жауап алды.
— Мен өз ұстазымның осындай әдіс көрсеткеніне алғысым шексіз. Бұл сандық біздің бос жіберген уақытымызға ұқсас.
Жүргізуші. Балалар, жауап беріңдерші, неге дана сандықты бос уақытпен салыстырды?
(Балалар жауап береді, ал жүргізуші балалардың жауаптарын сандықшаның жанындағы плакатқа жазып тұрады. Жүргізуші жауаптарына алғыс айтып әрі қарай тәлім-әңгімені одан әрі жалғастырады).
— Сандық секілді, уақыт шектеулі, бізде уақытты әр түрлі пайдаланамыз. Кей уақытта өз қалауымызбен толықтыру мүмкіндігі болмай жатады. Бірақ мынаны ұмытпаған жөн, ірі тастар-біздің үлкен істеріміз, оны айналамыздағылар көреді, ұсақ тастар – біздің уақыт,яғни біз дем алуға, ойнауға арнаймыз. Ал құм – ұсақ күнделікті жұмыстар, ол көзге көрінбейтін көп, ол адамдарға өте қажет істер. Осы сөзден кейін дана сандықты жауып , оған қолын қойды.
Қайтадан ашқан кезде, шәкірттердің таңданысынан сандықтың іші алтын бағалы тастарға, кесекке, қазынаға, алтын құмға толы еді.
Достарыңызбен бөлісу: |