Сабақ: қазақ әдебиеті
|
«И. Искандеров атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі
|
Күні 03.03.2016
|
Мұғалім есімі Т. Нургалиева
|
Сынып 11 «а»
|
Қатысқандар саны
19
|
қатыспағандар саны
0
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
Оқушылар Зейнолла Қабдолов өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінік алып, «Менің Әуезовім» романымен танысады.Оқушылар өзара тақырыпты талдайды.
Топтаса, ынтымақтаса жұмыс жасайды.
Оқушылар мәтіннен ашық сұрақтар дайындайды.
|
Оқу нәтижелері
|
Барлық оқушылар: Зейнолла Қабдолов өмірі мен шығармашылық жолы туралы біледі.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
Зейнолла Қабдолов өмірі мен шығармашылық жолынан «Менің Әуезовім» романының мазұнын талдай алады.
|
Кейбір оқушылар: Зейнолла Қабдолов өмірі мен шығармашылық жолынан «Менің Әуезовім» романын жанрлық сипатының ерекшелігін анықтап, өзпікірлерін білдіреді.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» романының мазмұнын меңгереді.
Оқушылар топтаса, ынтымақтаса жұмыс жасап сөйлеу мәдениеті жетіледі
|
Сабақ типі
|
Жаңа білімді меңгеру
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Психологиялық тренинг, «Жигсо» әдісі, Ашық сұрақтар, «Оқы-Ойлан-Бөліс» әдісі, Топтастыру, «Шығу билеті» әдісі
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
дереккөздер
|
Басталуы
|
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг «Атомдар мен малекулалар» арқылы топтарға бөлу
Топ басшыларын анықтайды.
Оқушыларды түгендеу
ІІ.Мақсат қою кезеңі: Оқушылар Зейнолла Қабдолов өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінік алып, «Менің Әуезовім» романымен танысады.Оқушылар өзара тақырыпты талдайды.
Топтаса, ынтымақтаса жұмыс жасайды.
Оқушылар мәтіннен ашық сұрақтар дайындайды.
|
Слайд1
|
Ортасы
|
ІІІ.Жаңа сабақ:«Менің Әуезовім» романы
Оқушылардың қызығушылығын ояту:Мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың «Біз үшін Абай қандай болса,Мұхаңда-сондай даналық мектебі. Ол мектептен дәріс алу-әр қазақтың абыройлы борышы»
Оқушыларға түсінік беру: «Менің Әуезовім» автордың ұзақ толғанысынан туған. Жазушы өз шығармасын осы толғанысының айтудан бастайды. Роман-эссе авторы М.Әуезовтен бес жыл оқыған, М.Әуезовпен он жыл бірге қызмет еткен. Романның бас кейіпкері-ұстаз, авторы-ұстазын іздеп тапқан шәкірт.Романның тақырыбы-М.Әуезовтің өмірі мен қызметі, идеясы- М.Әуезовтің өмірі мен қызметіінің өнегесі.
М.Әуезов жайлы бірқатар шығармалар бар. З.Қабдолов Мұхтар Әуезов туралы өзінше, тек өзінше жазды:жаңа сыр ашты, соны түр тапты. З.Қабдоловтің «Менің Әуезовім» роман-эссесі-ішкі мазмұны сырлы, сыртқы түрі нұрлы шығарма.
Аудиодыбыс арқылы оқушыларға романнан үзінді тыңдату
1-тапсырма«Жигсо» әдісі бойынша жұмыс жасайды.
1-топ Романның жанрлық сипаты
2-топ Романдағы ұстаз Әуезов
3-топ Жазушы Әуезовтың қызметі жайында
Топ ішінде тақырыпты талқылап,келесі топтарға «Диалогты оқыту» арқылы түсіндіреді.
«Оқы-ойлан-бөліс» әдісі бойынша оқушылар кітаппен жұмыс жасайды.
Ашық және жабық сұрақтар дайындау.
|
Дыбыстық жазба
Слайд 2,3
Слайд 4
|
Аяқталуы
|
Оқушылардың түсінігін анықтау мақсатында топтарға М.Әуезовтың афоризмдері бойынша тапсырмалар беру.
І топ «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім»
ІІ топ «Адамда екі түрліқылықтың жолы бар: бірі тіршілік қамы,бірі- адамшылық қамы»
ІІІ топ «Тартыспен түскен бейнетпен келген жақсылық қана шынмәнінде қымбар табыс»
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша ойларын ортаға салады.
Топтастыру жүргізу «М.Әуезов кім?»
М.Әуезов кім?
|
Слайд 5,6
Слайд 7
|
Бағалау
|
Ашық журналдағы нәтиже бойынша бағаланады.
Жинаған ұпай ескеріледі 12-15 ұпай-«5»
8-11 ұпай-«4»
3-7 ұпай-«3»
|
Слайд8
|
Кері байланыс
|
Шығу билеті
|
|
Үйге тапсырма
|
Романды оқу. Жазушы мен М.Әуезов арасындағы ұқсастық
|
|