Сабақ: қазақ әдебиеті Күні: 05. 02. 19 Мұғалімнің аты-жөні



Дата10.12.2019
өлшемі0,76 Mb.
#53371
Байланысты:
ақ қасқыр мен көк қасқыр


Сабақ: қазақ әдебиеті




Күні: 05.02.19

Мұғалімнің аты-жөні: Бекмуратова Г.А.

Сынып: 7а,ә,б,в

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ақ қасқыр мен Көксерек

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7. А/И.1. Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Повестегі оқиға желісінің басталу, даму, шиеленісу, шешілу жолдарын баяндайды;

  • Шығармадағы автор идеясын анықтайды;

  • Шығармадағы эпизодтар мен әдеби бейнелерді салыстыра талдайды.




Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Повестегі эпизодтар мен бейнелерді салыстыру барысында, көркемдегіш құралдарды пайдалана алады.




Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Повестегі бейнелерді қазіргі өмірмен салыстырып, өзіндік баға бере алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

«Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» деген даналық ойдың мәнін түсіне алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Қараадыр, қалың ши, түн баласында, күзелген жылқы, жер тырпу
Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Екі қасқыр, көкке қарап, боранды түн, ажал табу, ауыздары арандай ашылу




Талқылауға арналған сұрақтар:

1. «Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» деген нақыл сөзде қандай өнеге бар?

2. Неге циркте қасқыр өнер көрсетпейді?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Көк бөрілі байрақ тіркесі не мағына береді?




Бағалау критерийі

  • Шығарма эпизодтарын талдайды;

  • Кейіпкер бейнесін салыстырады.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясындағы ұлттық қауіпсіздік, тарих, мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылығын сақтау;

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

Табиғат заңдылығына құрметпен қарау.


Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, Жаратылыстану, Тарих, Биология

Алдыңғы оқу

Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы біледі;

Қасқырдың жабайы аң екендігі жөніндегі пікірлері қалыптасқан.



Жоспар


Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


2 минут

5 минут


10 минут

7 минут


10 минут


I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесемін.

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалаймын.

3. Оқушыларды қима қағаздар арқылы III топқа бөлу.

I – Адамзат

II – Қоршаған табиғат

III – Дала заңы

Үй тапсырмасы «Кубизм» әдісі бойынша сұралады.

1. Cyрeттe. Көкceрeктің пoртрeтін cyрeттeңіз.

2. Caлыстыр. Дaлa қacқыры мeн Көкceрeкті cалыcтырыңыз.

3. Зeрттe. Қacқыр тyрaлы тaғы қaндaй шығaрмa білемcіз?

4. Қoлдaн. Көкceрeк тyрaлы eл нe дeйді?

5. Дәлeлдe. Көкceрeкті eлдің бәрі түбі жaуыздыққa бaрaды дeп oйлaйды. Нeліктeн?

6. Тaлдa. Көкceректің қaтыгeздігін қaй тұстa бaйқaдың?

Кері байланыс: Повесті оқу барысында қандай әсерде болдыңдар?

Қалыптастырушы бағалау: Жұлдызша арқылы

II. Жаңа сабақ. Сыныптық жұмыс.

Мәтінмен танысу.



1 – тапсырма. Топтық жұмыс.

«Түсініктеме күнделігі» әдісі арқылы жүреді.

1 – топ: Повесті оқиға желісі негізінде баяндайды

2 – топ: Шығармадағы автор идеясын анықтап, оған өздерінің пікірлерін білдіреді

3 – топ: Повестің композициялық амал-тәсілдерін талдайды


Кері байланыс: Шығарма арқылы автордың оқырманға айтқысы келген ойы не?
Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.

2 – тапсырма. Жұптық жұмыс.

«Венн диаграммасы» әдісі бойынша оқушылар жұп ішінде шығарма эпизодтары мен Көксерек бейнесін салыстырып, талдау жасайды.
Дескриптор Білім алушы

- эпизодтарды салыстырады;

- шығарма эпизодтарын қолдана

отырып талдайды;

- берілген эпизодтардағы

Көксеректің әрекетін таниды;

- сипаттаулардағы бейнені

салыстырады.



Кері байланыс: «Күшік асырап, ит еттім,

Балтырымды қанатты» деген нақыл сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Қалыптастырушы бағалау: Бағалау парақшалары негізінде жұптар бірін-бірі бағалайды.
3 – тапсырма Жеке жұмыс

«Рафт» әдісі бойынша оқушылар «Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» тақырыбында ойтолғау жазады.

Р - Көксерек

А - Жапан дала

Ф - Ойтолғау

Т - «Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды»
Кері байланыс: Қазақта көк бөрілі байрақ тіркесі не мағына береді?
Қалыптастырушы бағалау: Смайликтер арқылы бағалау.

Қима қағаздар



Кубик

Оқулық









Сабақтың соңы



6 минут

III. Үй тапсырмасы.

Бөрілер бейнесін суреттейтін халық мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерді жаттау.


Кері байланыс: «Үш минуттық үзіліс» әдісі арқылы сабақты бекіту.

... туралы көп білдім

... бұған таң қалдым, себебі...

Мені ... қызықтырды

Мен ... құрастырдым





Қосымша ақпарат

  • Ауа райы жайлы болса, қасқырлар орман ішінде 9 шақырым жердегі, ал ашық далада 16 шақырым жердегі дыбысты ести алады.

  • Қасқыр 200 миллион иісті сезеді. Адам 5 миллионга жуық иісті ажырата алатындығын айта кетелік.

  • Қасқырлар тірі жануардың иісін 1,5 шақырымнан анық сезе алады.

  • Қасқырдың бөлтірігінің көздері жаңа туған кезде көк түсті болады. Тек 8 айдан соң ғана көздері сарғыш тартады.

  • Қасқыр күшіктерін 65 күнде туады. Бөлтіріктері соқыр, саңырау болып туылады. Ал салмағы небәрі жарты килограмм болады.

  • Қасқырдың жағы өте күшті болады. Тістеген жерінің бір шаршы сантиметріне шамамен 300 килограмм күш түседі.

Саралау.

Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?



Бағалау.

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, денсаулық сақтау.

АКТ-мен байланыс




«Кубизм» әдісі арқылы оқушылар өткен тақырыпқа қорытынды жасайды.

«Түсініктеме күнделігі» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятамын.

«Венн диаграммасы» әдісі арқылы оқушылар жаңа сабақ бойынша тұжырым жасайды, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

«РАФТ» әдісі бойынша ойтолғау жазады. Бұл әдістер арқылы оқушылардың жазу сауаты, өз ойын еркін және жүйелі жеткізу дағдысы қалыптасады.



Әр тапсырмадан кейін оқушыларға:

Өткен тақырыпта қиындық тудырған сұрақтар болды ма?

Бүгінгі сабақта сіз үшін не қызықты болды?

Сабақ барысында сізді таң қалдырған жағдай болды ма? – деген кері байланыста берілетін сұрақтар арқылы оқушылардың нені үйреніп, қандай нәрсе қиындық туғызғанын біле аламын.

Сабақ барысында оқушылар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек», «Жұлдызшалар», «Смайликтер» арқылы бағалайды.


Әр тапсырмаға сәйкес уақыт бөлінісін сақтай отырып және оқушының физиологиялық, психологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманың қарапайымнан күрделіге өту принципін сақтаймын.

Рефлексия

  1. Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Себебі, оқу мақсатқына сай берілген тапсырмалар толық орындалды.

  1. Бүгін оқушылар не үйренді?

Оқушылар сыни ойлау арқылы өзіндік тұжырым жасай алуды, өзгелердің пікірін тыңдай білуді және құрметпен қарауды, қарым-қатынас және сөйлеу мәдениетін,топпен,жұппен және жеке жұмыс тиімді жасауды, бірін-бірі әділ бағалауды үйренді.

  1. Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Сабақта оқу мақсатына сай жоспарланған тапсырмалар өз уақытында орындалды. Белсенді оқу әдістерін қолдану арқылы ынтымақтастық ортасы қалыптасты. Жеке және топпен жұмыс істеу қабілеті, сын тұрғысынан ойлау дағдылары ,сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

  1. Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? ( тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Тақырыпты оқушыға меңгерту үшін берілген тапсырмалар нақты және жүйелі болды.

Жұптық, топтық жұмыстарды орындау барысында түсіну, білу және қолдану кезеңдерінің тапсырмаларын саралап оқыту тәсіліне сай берілген жұптық тапсырмалар орындалды;



  1. Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарланған жұмыстар өз уақытында толық орындалды.

  1. Жоспарларыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?




Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе ойдағыдай сәтті шықты. (оқытуды да , оқуды да есепке алыңыз)

1. Жұптық жұмыс.

2. Сабақ барысында оқушылардың біріне-бірі қолдау көрсетуі.

Қандай екі нәрсені жетілдіру сабақты жақсартар еді? (оқытуды да , оқуды да есепке алыңыз)

1. Оқулықтан тыс қосымша тапсырмаларды қолдану.

2. Әдіс-тәсілдердің күрделі әрі қызықты болуы.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1. Оқушының ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған күрделі тапсырмалар түрін жетілдіру.




Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

  1. Шығарма эпизодтарын талдайды

1. Повесті оқиға желісі негізінде баяндайды

2. Шығармадағы автор идеясын анықтап, оған өздерінің пікірлерін білдіреді

3. Повестің композициялық амал-тәсілдерін талдайды


  1. Кейіпкер бейнесін салыстырады

1. Эпизодтарды салыстырады

2. Шығарма эпизодтарын қолдана отырып талдайды

3. Берілген эпизодтардағы Көксеректің әрекетін таниды

4. Сипаттаулардағы бейнені салыстырады




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет