Сабақ Қазақ тілі 5-сынып Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаттығу жұмыстары мен қосымша мәліметтер беру арқылы дауыссыз дыбыстардың жасалу жолын жан жақты меңгерту
264-жаттығу. Мәтіндегі қатаң дауыссыздардың астын-бір, ұяң дауыссыздардың астын-екі, үнді дауыссыздардың астын ирек сызықпен сызыңдар.
Ақыл айтыпты: - ... дүниеге, ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен. Менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен. Осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?-депті.
Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жасаңдар және сол сөзге дыбыстық талдау жасаңдар
Р, о, б 4. Қ, ы, а, з, қ
А, ш, а, ғ 5. А, л, а, д
Т, р, е, е, м 6. І, м, б, л, і
«Адасқан әріптер» ойыны.
267-жаттығу. Мына сияқты сөйлемдер құрастырыңдар.
Үлгі: Таудың табиғаты тамаша.
Талғат, Таңат, Тұрарбек, Темір төртеуі тау табиғатын тамашалап, таңқурай терді.
Шарты: әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасаңдар.
Мысалы: Көйлек-кеме-емен-наурыз-зат-тас-сыпырғыш-шар-ракета-айна...