Сабақ Қазақ тілі
Жатыс септік
|
Мектеп: Подстепный қазақ ЖОББМ
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі: Бейбитова Т.М.
|
Сынып 4
|
Қатысқандар саны: 21
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Оқушылар зат есімнің септелуі, жатыс септік туралы біледі,берілген тапсырмаларды орындай алады.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Оқушылар зат есімнің септелуі, жатыс септік туралы біледі, берілген тапсырмаларды орындай алады.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Берілген сөздерді септеп, өлеңді мәнерлеп оқи алады.
|
Кейбір оқушылар:
|
Шығармашылық тапсырмаларды орындап, сызба бойынша әңгіме құрайды.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
|
Өз ойын жеткізе алады, жатыс септік жөнінде әңгімелей алады.. ... (істей алады)
|
Негізгі сөздер мен сөз тіркестер:
Сөз таптары, зат есімнің септелуі
|
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар: (тыңдалым)
|
Менің ойымша, ..., мен ... істей алар едім... ...., өйткені... Зат есімнің септелуі -? Сен қалай ойлайсың?
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? (айтылым)
|
Менің ойымша, ..., мен ... істей алар едім... Сөздерге сұрақ қоя білемін бе-?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Септеу – склонение - declension
|
|
Алдыңғы оқу
|
Табыс септік
Ауызша сұрақтарға жауап береді.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (ескертпелер)
|
Оқу үшін бағалау
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
І Кіріспе. Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу)
Тренинг: « Бәріңе сәттілік тілеймін!» Сабаққа дайындығын тексеру.
Амансың ба, Алтын Күн,
Амансың ба, көк аспан?
Амансың ба, достарым
Сендерді көрсем қуанам!
Өткенді қайталау. Табыс септік
Ереже: Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұратын қосымшалар септік жалғаулары деп аталады. Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі деп аталады.
Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Топтардың аты:
І Атау ІІ Ілік ІІІ Барыс ІV Табыс
Жаңа сабаққа кіріспе. Жатыс септік
Сабақ мақсаты мен табыс критерийін бірге анықтау.
Жұптық жұмыс. Кестені толтыр.
А. с.
|
|
І. с.
|
|
Б. с.
|
|
Т. с.
|
|
Ж. с.
|
|
Ш. с.
|
|
К. с.
|
|
|
Мұғалімнің амандасуы
Сенім білдіру, ынталандыру
Топқа бөлу.
Табыс критерийі:
1. Оқушылар зат есімнің септелуі, жатыс септік туралы біледі, берілген тапсырмаларды орындай алады.
2. Берілген сөздерді септеп, өлеңді мәнерлеп оқи алады.
3. Шығармашылық тапсырмаларды орындап, сурет бойынша әңгіме құрайды.
Сұрақтарға жауап береді.
«Оқушының бастапқы және соңғы деңгейлері арасында байланыс орнату» идеясына сәйкес
|
|
Ортасы
|
ІІІ.Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.
Қыдырымпаз адамда ұят болмайды,
Жел мінезді адамда мұрат болмайды.
Терең ойлау тапсырмалары: 55-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Шөлде гүлдейді, құлпырады,
Суда өмірі қырқылады.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олардың жалғауларын тап. Бұл сөздер қай септікте тұр?
Ақпараттық ізденіс. 56-жаттығу. Мақалдарды оқып, жатқа жаз.
1.Күш – білімде. 2. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады. 3. Ерлік білекте емес, жүректе.
Ереже. Жатыс септіктегі зат есімдер кімде? неде? кімдерде? нелерде? қайда? деген сұрақтарға жауап береді.
Жатыс септігі атау септікке –да, -де, -та, -те жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды жатыс септік жалғаулары деп атайды.
Жатыс септіктегі сөздердің астын сыз. Оларға сұрақ қой.
57-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Мәтінге ат қой.
Жатыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта.
Терең ойлау тапсырмалары: 58-жаттығу. Берілген септіктердің сұрақтары мен жалғауларын салыстыр. Бұларды бір-бірінен қалай айыруға болатыны жайлы қорытынды жаса.
Б.с. кімге? неге? қайда? -қа, -ке, -ға, -ге.
Ж.с. кімде? неде? қайда? -да, де, -та, -те. (жалғауларына қарай)
59-жаттығу. Сөздерді оқы.
Өзен, жайлау, қыс, көген, бесік.
Өзенде, жайлауда, қыста, көгенде, бесікте.
Шығармашылық тапсырма: Осы сөздерге жатыс септік жалғауының тиістісін жалғап, әрқайсысымен сөйлем құрап жаз.
Бұл сөздерге жатыс септік жалғауының әртүрлі жалғану себебін түсіндір.(жуан не жіңішке)
Терең ойлау тапсырмалары: Кестені пайдаланып, ойыңды дәлелдей білуге үйрен.
Бұл – жатыс септіктегі сөз, өйткені
|
Ол кімде? (неде? қайда?)
сұрағына жауап беріп тұр.
Ол сөйлемде тұрлаусыз мүше болып тұр.
|
60-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да
Ақ гүлдер өрілді. (А.Бақтыгереева)
Терең ойлау тапсырмалары: Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой, олардың қай септікте тұрғанын ажырат.
Екі септіктегі сөздер де қайда? сұрағына жауап береді. Оларды өзара салыстырып, бір-бірінен қалай ажыратуға болатынын айт.
Топтық жұмыс тапсырмалары:
І топ: Сурет бойынша әңгіме құра.Әңгімеңде жатыс септігіндегі сөз болатын болсын.
ІІ топ: Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен жатыс септіктегі сөздерді тап.
ІІІ топ: Өлеңді мәнерлеп оқы. Жатыс септігіндегі сөздерді тап.
Сиырда аунамақ жоқ,
Жылқыда күйсемек жоқ.
Таста тамыр жоқ,
Суда қаймақ жоқ. (Бәйдібек би)
ІV топ: Сурет бойынша әңгіме құра.Әңгімеңде жатыс септігіндегі сөз болатын болсын.
|
Жұпта, топта талқылайды.
Бағалау критерийі:
1.Берілген жаттығуларды түсініп, тапсырмаларын өз бетіммен орындадым.
А) берілген әр жаттығудағы тапсырмаларды толық түсініп, қатесіз көшіріп орындай алдым. 5 ұпай
Ә) жаттығуларды көшіріп жаздым, күрделірек тапсырмаларды толық орындай алмадым.3 ұпай
Оқушы ойын дәлелдейді.
«Басбармақ» әдісі
«Шешімдері алдын-ала анықталмаған тапсырмаларды зерделеу» идеясы
|
Оқулық 130-131-бет
Электронды оқулық
сызба, кесте
АКТ мүмкіндігімен суреттер көрсету
|
Аяқталуы
|
Шығармашылық тапсырма: Сөздер жатыс септікте тұратындай етіп сөйлем құра.
Ойын : «Сөздер банкісі» Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс септіктегі сөздерді ажырату, топтау.
Сабақты қорытындылау.
- Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік?
-
-Зат есім-?
-Зат есімнің септелуі-?
-Атау септік?
-Ілік септік?
-Барыс септік?
-Табыс септік?
-Жатыс септік?
Мысал келтір.
Бағалау.
Үйге: 57, 61-жаттығу, 130-131-бет.
|
Табыс критерийі:
1. Зат есімнің септелуіне берілген тапсырмаларды орындай алдым.
2. Берілген сөздерді септеп, өлеңді мәнерлеп оқи алдым.
3. Шығармашылық тапсырмаларды орындап, әңгіме құрай алдым.
«Кері байланыс күнделігі»
1.Мен сабақта бәрін түсіндім, ....................................................
мыналарды орындай аламын.
2.Мен түсінбедім, ................
..................... мен үшін қиын болды.
3. Бүгінгі сабақта мен (қандай оқушы болдым?) ................................................
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
Бейнелеу өнері, дүниетану
|
|
|
|
Рефлексия
Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Сабақ туралы өз пікірім:
|
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқыту, оқу)
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқыту, оқу)
1:
2:
|