Топтық жұмыс. «Ойлан,бірік, бөліс» әдісі арқылы тапсырмалар беріледі.
1-топ. 1.А-тапсырма.Мәтін мазмұнына сәйкес берілген ойды ары қарай жалғастыр.
2-топ. 1.Ә -тапсырма.Ерекшеленіп берілген сөздердің синонимдерін табыңдар.
3-топ. 7-тапсырма.Тұрақты тіркестердің мағыналарын табыңдар.
«Қаламсап сөйлейді» әдісі арқылы сұрап шығамын
Бағалау: «Мадақтау сэндвичі» арқылы
Мұғалім сөзі: Көптік жалғау туралы электронды оқулықтан түсінік береді
Жеке жұмыс .4-тапсырма.Үнтаспадан аудионы тыңдаңтамын.
Қасыңда отырған сыныптасына қарап,сол арқылы оның мінезіне сипаттама беріңдер.Көптік жалғаулы сөздерді қолданыңдар
Сабақ барысында оқушыларға қалыптастырушы бағалауды түрлендіремін.
Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмаларды күрделендіріп отырамын.
«Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы бірін-бірін бағалайды, «Бас бармақпен» әдістері арқылы оқушылар сабақтан алған білімдері негізінде өз-өздерін реттейді, оқудағы алға ілгерілеу қадамдарын нақтылайды.
АКТ-мен жұмыс жүргізу кезінде адам өмірінің қауіпсіздігі басшылыққа алынады.
Рефлекция
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Сабақ жоспарлауда көрсетілген оқу мақсаттары мен тілдік мақсаттар толығымен орындалды.
Бүгін оқушылар не үйренді?
Тірек сөздер мен суреттер арқылы негізгі ойды болжауды үйренді.
Көптік жалғау туралы мағлұмат алды, жаттығулар арқылы көптік жалғауын ажыратты. Ата-бабаларының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, мәдениетін негізге ала отырып, отбасы құндылықтарына құрметпен қарауды, ата-ана алдындағы азаматтық парызды түсінді, қамқорлық көрсетуді білді. Өз ойын жүйелі жеткізуді, қорытындылауды үйренді.
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Оқушы мен оқушы, оқушылар мен мұғалім арасындағы ынтымақтастыққа негізделген жағымды пиихологиялық жағдайда өткен мазмұнды сабақ болды. Оқушылар белсенді танымдық әрекетте болды.
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Оқу мақсаты оқушыларға түсіндіріле отырып, жағымды психологиялық ахуал орнатылды. Жоспарланған жұмыс түрлері мен пайдаланылған әдіс-тәсілдер тиімді пайдаланылды. «Балама тест» , «Жұбыңды тап,әдістері арқылы, ой қорытып, өз ойларын, пайымдауларын дәлелдеді. «Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған білімдері негізінде өз-өздерін реттеді, пікірін білдірді. «Басбармақпен бағалау.», «Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдістері арқылы орындалған жұмыстарға уақытылы баға берілді, өзара ынтымақтастық, сыйластық сезімдері артты.
Уақытты қалай пайдаландым?
Сабақ барысында уақыт тиімді пайдаланылды.
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
Жоспарда өзгерту болған жоқ.
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы берілген мәтіндегі жекелеген сөздердің қосымшаларын үндестік заңына сәйкес тапты, мәтіндегі көптік жалғау жалғанған сөздерді тапты.
2. Сабақ барысында әрбір оқушының өзінің және сыныптастарының әрекеттеріне эмоциялық қолдау көрсетуі, өзін-өзі бақылауы және рефлексия жасауы.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат болды?
Оқулықтан тыс қосымша тапсырмалар дайындау.
Отбасы құндылығы туралы ақпаратты кеңейту.
Бағалау парағы
Бағалау критерийлері
Дескрипторлар
Тірек сөздер мен суреттер арқылы негізгі ойды болжайды.
Көптік жалғауды жаттығу орындау барысында тиімді қолдана алады.
1.Берілген мәтін мен суреттер арқылы тақырыпты анықтайды.
2.Көптік жалғауын біледі, мәтін ішінен көптік жалғауын табады.