Сабақ: қазақ тілі мектеп: «Жамбыл Жабаев атындағы№15 Қарсақбай жобб мектебі базасындағы Тірек мектебі



Дата05.07.2018
өлшемі45,32 Kb.
#47273
түріСабақ
қысқа мерзімді Сабақ жоспары

САБАҚ:қазақ тілі

МЕКТЕП:

«Жамбыл Жабаев атындағы№15 Қарсақбай ЖОББ мектебі базасындағы Тірек мектебі

(ресурстық орталық)» КММ


ТАҚЫРЫБЫ: 8-бөлім2-сабақ Кім несімен бай?

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ ЕСІМІ:

Сейтова Гулсара Абдилдиновна



СЫНЫП: 5


ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:

САБАҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚУ МАҚСАТЫ (МАҚСАТТАРЫ)

ӘТН 3.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.

САБАҚ МАҚСАТТАРЫ

Барлық оқушылар:

  • мәтінмен танысады, мазмұнын түсінеді, ойтүрткі сұрақтарға жауап береді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдердің ережелері негізінде тапсырмалар орындау арқылы сөздерді анықтайды, ажыратады.

Кейбір оқушылар:

  • мәтінде қатысты ұғымдарда тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшелігіне сай өз пікірін жазуда қолданады

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

1.Мәтінмен танысады, мәтін мазмұнын түсінеді, ойтүрткі сұрақтарға жауап береді.

2.тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдердің ережелері негізінде тапсырмалар орындау арқылы сөздерді анықтайды, ажыратады.

3.мәтінде қатысты ұғымдарда тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшелігіне сай өз пікірін жазуда қолданады

ТІЛДІК МАҚСАТ

Оқушылар:

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним,антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана отырып, өз пікірін жазуда қолдана алады.



Негізгі сөздер мен тіркестер: мінез,жеке тұлға, бағып-қағу, тәрбие беру

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Мінез қалай пайда болады? Адамды қай қасиетіне қарап бай деп айтуға болады?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Әдеби тіл нормаларына қатысты ережелер негізінде тапсырмалар орындайды, кесте толтырады, сөйлем құрайды.

ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАУЛУ

Зайырлы қоғам және жоғары руханиятқа негіз болатынадам бойындағы жақсы қасиеттерді оқушы бойыны сіңіру

АЛДЫҢҒЫ ОҚУ

Грамматикалық материалды тиімді пайдалану арқылы мәтінде көтерілген мәселені эссе арқылы түсінеді.

ЖОСПАР

ЖОСПАРЛАН

ҒАН УАҚЫТ

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыздар)

РЕСУРСТАР

Басы


10минут

1.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.

  • Психологиялық дайындықты ұйымдастыру.

Жүру барысы:

1.Көркем сөздер арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтады

Мысалы:


Әдемі Айгүл, көркем Айнұр , ақылды Анель, білімді Қаракөз, сұлу Аружан, сабырлы Диассаған бүгінгі күн сәттілік әкелсін.

  • Сыныпты топқа бөлу

Шарты: Оқушылар кеспе қағаздарын алып омоним, антоним, синоним атауларымен аталған топтар құрылады

2.Үй тапсырмасы

«Мен досымды несімен мақтан тұтамын?»эссесін оқиды

3. Қызығушылықты ояту

«Миға шабуыл» әдісі

ТЖ «Ментальді карта» құру арқылы топ мүшелері өз пікірін білдіреді

( сол арқылы оқушыны мәтінмен жұмысқа жетелеймін)




Адам несімен бай?




Қосымша 1

Топқа бөлуге арналган кеспе қағаздары

Флипчарт,

маркер



Ортасы
25 минут

  1. Мағынаны тану

ТЖ 1-тапсырма

Мәтінмен 2 минут ішінде танысып шығады, адам мінезіне тән сөздерді теріп жазады, ойын айтады.



Мысалы: Шыншыл, ақкөңіл, адал, дөрекілік, тұрпайылық, ұстамсыздық, сылбыр, жайдары мінезді, көңілді, мұңаю

(адам мінезіне тән қасиеттерді анықтау арқылы сөздің көркемдік ерекшеліктеріне сай пікіріне пайдалануға, қазіргі заманмен салыстыра алуға ықпал етемін)



«Бір минут» тәсілі

«Қазіргі адам несімен бай?» тақырыбында әр топтан бір оқушы топ пікірін 1 минутта айтады

Дескрипторлар:

1.Мәтінді оқып шығады

2. Адам мінезіне тән сөздерді теріп жазады

3.Мәтін бойынша ойын айтады



ҚБ

«Сигналды карточка» әдісі

( үш түрлі карточканы көтеру арқылы пікірін білдіріп отырады)



  • Қызыл түс – тапсырманы орындай алмады

  • Сары түс – тапсырманы жартылай орындады

  • Көк түс – тапсырма толық орындалды


Ж2-тапсырма

Оқушыларға топ атауына сәйкес келетінграмматикалық мәтін беріліп, теориямен танысады және тапсырма орындайды

(Омоним,антоним, синоним, тура және ауыспалы мағынадағы, көп мағыналы сөздер)

Сабақтың грамматикалық тақырыбы бойынша ақпарат алады, сол негізде оқушының теориялық білімін бекіту мақсатында кесте толтырады


Омо

ним


Антоним

Сино

ним


Тура мағына

Ауыс

палы мағы

на


Көп мағына




Көңіл-

ді,мұңаю



Ақкө

ңіл, жай


дары мінез

ді, көңіл

ді











Дескрипторлар:


  • Грамматикалық анықтамалармен танысады

  • Кесте толтырады

ҚБ

С 3-тапсырма

«Лотерея барабаны» тәсіліарқылы оқушының ережелерді қалай меңгергенін бақылаймын

(оқушы сұрақтарды сандықшадан алып шыға-

ды, ол туралы не білетінін айтады, мысалдар келтіреді)



Дескрипторлар:

  • Грамматикалық анықтамаларды түсініп, ережесін айта алады

  • Мысалдар келтіре алады

ҚБ


Қосымша 2

«Мінез» атты мәтін жазылған қағаз

Сигналды карточкалар

Кесте сызылған қағаз


Сұрақ салынған сандықша



Соңы

10 минут

ОЙ ТОЛҒАНЫС

Кері байланыс

«Мидың суретін сал» тәсілі

(мидың суретін дәптерге салады да, ӘТН ережелері негізінде мінез,жеке тұлға, бағып-қағу, тәрбие беру сияқты сөздерді қатыстыра отырып, адамның өмірінде басты құндылық туралы айтып береді)



Бағалау

«Таудың ұшар басына шығу» формативтік бағалау жүйесін қолдану

Үй тапсырмасы

РАФТ стратегиясы

роль

аудитория

формат

тақырып

ақын

оқушыға

хат жазу

«Мінездің адам өміріне әсері»





Слайд

«Мидың суретін сал» тәсілі
Кесте

Қосымша ақпарат

«Мінез» мәтіні, ӘТН ережелері жазылған ақпарат қағазы, сандықшадағы сұрақ




Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?


  • Топ мүшелері бір-біріне қолдау көрсетеді.

  • Анағұрлым қабілетті оқушыларға тірек сөздерді пайдалана отырып, адамға қажетті басты құндылықтар туралы еркін пікір білдіреді

  • хат жазады

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


  • Сұрақ және жауап

  • Кері байланыс

  • топтар бір-бірінің жауабын қалыптасты

рушы бағалау арқы-

лы береді.



Пәнаралық байланыс:

  • қазақ әдебиеті

  • «Мәңгілік ел» тұжырымдама

сы

  • АКТ

-

-

-

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Қосымша 1

  • Топқа бөлуге арналган кеспе қағаздары

  • Флипчарт

  • маркер

Қосымша 2

  • «Таудың ұшар басына шығу» тәсіліне құрылған кесте

  • Сандықша,

  • Мәтін: Мінез

Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар әр түрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер және түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай әрекетке келетiнiн жаңылмай, дәл айтуға болады. Алайда, жеке тұлға ерекшелiкке бай келедi, ал солардың бәрi де адам мiнезiн танытады деу қате. Мiнез көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы мәндi сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттерi. Егер адам қандай да дау-дамайлы жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиетi деу жөн емес. Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен бастауын алып, мiнез нақты адамның өмiр барысында қалыптасады, тұрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы әр адамның ойлау, сезiм, ниет, әрекет сипатын бiрлiктi анықтап барады. Мұнда адамның бүкiл өмiрiн жан-жақты қамтыған қоғамдық шарттар мен әлеуметтiк жағдайлар маңызды келедi. Дегенмен, мiнездiң нақты қалыптасуы әр түрлi деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы т.б.) қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершiлiк, қоғамдық құндылықтарға тәуелдi мүшелерiнiң мiнез ерекшелiктерi орнығады. Мiнез бiтiстерi, сонымен бiрге тұлғаның отбасындағы абыройы, топтың басқа мүшелерiмен арақатынасына байланысты тұрақталып, не аса қажет болса, өзгерiске түседi. Жоғары деңгейлi дамыған топ, ұжым мiнездiң мәндi де ұнамды бiтiстерiнiң қалыптасуына оң әсер етедi. Жақсы мiнездi адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дәреже, деңгейiн арттыра түседi.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет