Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін бекіту және толықтыру. Талдау түрлері арқылы сөз таптарын,сөйлем мүшелерін, оның
байланысу түрі мен тәсілдерін жүйелеп қайталау.
Білім деңгейлерін,іскерлік дағдыларын тексеру.
2.Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Танымдық қабілеттерін дамыта отырып, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.Қазақша сөйлеуге бейімдеу.
3.Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, Отанға деген сүйіспеншілігін
арттыру.Оқушыларды саналы ел азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұхбат, топтастыру, баяндау, ой шақыру.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география.
Қолданылған технология: СТО технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан Республикасының рәміздері» буклеті,Қазақстан картасы, түрлі- түсті суреттер (Астана көрінісі), сөзжұмбақ.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру:
а) Сәлемдесу
ә) Топқа бөлу
І. Қызығушылықты ояту
Ой шақыру.
1. Қ.Р Мемлекеттік тәуелсіздігі қай жылы, қай күні жарияланды? ( 1991 жылы 16 желтоқсанда)
2. Қ.Р қанша ұлттар мен ұлыстар тұрады? ( 130 дан астам)
3. Қ.Р тұратын өзге ұлт өкілдері? ( орыс, украин, өзбек, ұйғыр, корей, дүнген, түрік, неміс т.б)
4. Қазақстан халқы Ассамблеясы қай жылы құрылды? ( 1995 ж 1 науырзда)
5. - Қазақ елінің Отаны қалай аталады?( Қазақстан)
- Қазақстан қандай мемлекет? ( Тәуелсіз, дербес, егеменді, экономикасы
дамыған, демократиялық, құқықтық, көпұлтты;
6. Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз ел болды? ( 1991 жылы)
7. Биыл тәуелсіздігіміздің неше жылдығына аяқ басып отырмыз? ( 25 жылдық)
8. Қандай тәуелсіздік белгілерін білесіңдер? ( Ту, елтаңба, әнұран;
ІІ. Мағынаны тану.
Кластер.
Қазақстан, Ресей, Корей, Түрік
|