Сабақтың тақырыбы: Денсаулыққа пайдалы тамақтану
Жалпы мақсаты: Оқушыларға дұрыс тамақтану жақсы денсаулық кепілі екендігін таныту
Күтілетін нәтижелер:
Салауатты өмір салтын қолдауға үйренеді.Дұрыс тамақтану тәртібін біледі
Ресурстар
/Керекті жабдықтар/
АҚТ, оқулық, әдістемелік құрал,кестелер,сабаққа қажетті құралдар
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру
-Бүгін біз кемеге отырып, керемет қызықты жерлерге ,үлкен «Аралдар әлеміне» саяхат жасаймыз.( Слайдпен теңізді,үлкен кеменің суретін көретемін)Бастарына тақия киіп алып,бір-бірлеріне қарап, «Жол болсын», «Жолың оң болсын» деген тілектер айтады..Бұл тілектер слайдта жазылып тұрады.
Бүгін біз денсаулық әлемінде қонақтамыз .Өз денсаулығымызды күтіп ұстау керке . Ал сол денсаулыққы тамақтанудың қаншалықты орны бар маңызы неде ?осы және бірқатар сұрақтарға жауап іздеп келеміз .
2.Психологиялық дайындық.
3.Ой қозғау
1-тапсырма Адамғақалай дұрыс тамақтану керек? Постер жасау,қорғау
2-тапсырма.Әр топқа «Оқушының денсаулығына пайдалы тамақтану ас мәзірін дайындау» жобасын құрады.Әр топ өз ас мәзірлерін ортаға шығып қорғаулары керек.
3-тапсырма Дәптермен жұмыс Ертегі құрастыру
4.Рефлексия «Серпілген сауал»
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
Мысалы,
-Әсел сен Бекзаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?”
“Ернар Саяттың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”
“Аяулым, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады
5.Бағалау. Бағдаршам сигналдары бойынша алдын –ала қойылған табыс критерийлері бойынша бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |