11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тіліндегі стильдер туралы.
Сабақ мақсаты: а)стиль түрлерін білу, дұрыс қолдана білуге үйрету;
ә)тіл мәдениетіне тәрбиелеу;
б)өз пікірлерін қорғауға дағдыландыру.
Сабақ типі: жаңа сабақты меңгеру.
Сабақ түрі: зерттеу сабағы.
Сабақ әдісі: интерактивті әдіс, пікірлесу, салыстыру.
Сабақ көрнекілігі: слайдтар, мәтіндер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, биология т.б.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды төрт топқа бөлу.
Оқушыларды сабаққа дайындау мақсатында сауал қойылады:
Адам бойындағы асыл қасиеттер оның сөйлеген сөзінен байқала ма?
Оқушылар пікірі тыңдалады.
ІІ. Үй тапсырмасы тексеріледі.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақ тақырыбын тақтаға жазып, мақсатын түсіндіремін.
Қазақ әдеби тілі – стильдік – жанрлық тармақтары әбден айқын, ауызша және жазбаша түрде қызмет ететін тіл. Қоғамдық өмірдің барлық саласында белсенді қолданысқа ие.
Қазақ әдеби тілінің бес түрлі стильдік тармақтары қалыптасып сараланған: білім мен ғылым саласында – ресми іс – қағаздар, әдебиет пен өнерде – көркем әдебиет, бұқаралық ақпарат саласында – публицистикалық, күнделікті тұрмыстық қарым – қатынаста – сөйлеу тілі (ауызекі).
1 – слайд
Тіл стильдері
Ауызекі сөйлеу стилі Кітаби тіл стилі
2-слайд
Көркем әдебиет Ресми стиль, іс-қағаздар Ғылыми Публицистикалық
стилі стилі стиль стиль
Мысал:
Доп ойнайын деп жатырмыз (ауызекі сөйлеу стилі)
Тәуелсіз қазақ елінің алдында латын әліпбиіне көшу міндеті тұр. (публицистикалық стиль).
Тригонометриялық өрнектерді ықшамдау жолымен шешеміз. (ғылыми стиль).
Алғашқыда ел оның тірлігіне таңданып, аса сүйсініп жүрді (көркем әдебиет стилі).
Мен, немерем Құрманғалиева Гүлшаттың зейнетақымды алуына сенім білдіремін (ресми іс – қағаздар стилі)
ІV. Оқушыларға стиль түрлерін ажырату мақсатында семантикалық кестемен жұмыс ұсынылды (барлық топқа).
Стильдер түрлерін ажырат
1
2
3
4
Нағыз кәсіби маманның бағасы билік екенін өмір күн сайын дәлелдеп отыр.
Шектеусіз ондық бөлшектерді жай бөлшекпен жаз.
Күз айының бірі болса керек малының алдын қайырып тастап, Қордай етегінде қаршадай бала жүрді.
Сәния Өтешқызының
9-сынып оқитынын растаймын.
Интерактивті тақтаға мысалдар жазып, стилін айқындау.
Жаттығу жұмыстары. 17- жаттығу.
Мәтінді көшіріп жазып, стилін айқындау, синтаксистік талдау жасау.
Топтармен жұмыс. Дыбыстық мәндерді интерактивті тақтадан тыңдап, қандай стильде жазылғанын және стильдік ерекшелігін анықтайды.
1-мәтін.
Қалақай – улы өсімдік. Өсімдіктің емдік қасиеті күні кешеге дейін жұмбақ болып келді. Емдік қасиет күшті болу үшін оның жапырағы мен тамырын күздің аяғында жинайды. Қалақай жаңа өсіп келе жатқанда, оның балауса жапырағы мен сабағынан түрлі тағамдар да жасайды.
2 – мәтін.
Көк жүзін сеңдей басып келе жатқан қорғасын салмақты қара қошқыл бұлттан жүрегі шайылып, шошына қарап келеді. Қысы- жазы далада, мал соңында жүріп, күн қабағын бағып өскен малшы жігіт бүгін аса мазасыз.
3 – мәтін.
Қазіргі таңда көптеген жасөспірімді болашақ мамандық таңдау мәселесі толғандырады. Бүгінгі жастар бес – он жыл бұрынғы жастардан өзгерек. Көптеген жас Отан қорғаушы мамандықтарына түсуге бекем бел буған. Қазақстан Халқына Жолдауында ҚР Президенті Нұрсұлтан Навзарбаев еліміздің әскері алдындағы тұрған негізгі тапсырма кәсіби шыңдалу екендігін атап өткені белгілі.4- мәтін.
Бұйрық №12 – 1
Мереке күндерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күшейту туралы
2013 жылғы 22-24 наурыз мереке күндерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күзетті күшейту мақсатында бұйырамын.
Мектептегі барлық қызметкерлер 21 наурыз 2013 жылы жұмыс аяқталғаннан кейін кабинеттердегі электр жабдықтарының жағждайын тексерсін және кабинеттерді кезекшілерге тапсырсын.
Мектеп директоры:
V. логикалық тапсырма. Үстелде 3 стакан сүт бар. Алмас 1 стакан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стакан қалды?
Қараңғы бөлмеге кірген кісі шам мен майшамның қайсысын бірінші жағады?
VІ. І слайд. Математика оқулығы. І топ.
Оқулықтың қандай стильде жазылғанын және қазақтың атақты математиктерінің есімдерін атайды. М.Дулатовтың математика ғылымына қосқан үлесі бар ма деген сауалға өз жауаптарын дайындайды.
ІІ слайд. ІІ топ.
Е.Құдайбергеновтың орындауындағы Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» толғауынан үзінді тыңдап, алған әсерлері бойынша көркем әдебиет стилінде шағын мәтін құрастырады.
ІІІ топ оқушылары алдын – ала дайындалған қатынас қағаздарының үлгісін пайдаланып, сенімхат, ұсынба, хаттама жазады.
ІV топ.
«Алаң» телебағдарламасын негізге ала отырып, экономика тақырыбында қысқаша мақала жазады.
Нәтиже: оқушылар стиль туралы ұғымдарын кеңейтіп, стильдің тілдік ерекшеліктерін ажырата алады.
VІІ. Сабақты қорытындылау:Қазақ тілінің стильдері туралы алған білімдерін бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: Әр топ бір стиль түріне материал жинақтап, «Стиль түрін ажыратудың маңызы» деген тақырыпта өтетін пікірталас ұйымдастыруға дайындау.
Публицистикалық стильде жазылған шығарма:
- Қоғамдық өмірмен тығыз байланысты болады.
- Жұртшылықты көптен хабардар етеді.
- Өте жинақы, тұжырымды болып құралады.
- Шешендік сөзді көп қолданады.
Публистикалық стильдің мақсаты не?
Публицистикалық стильді қайда қолданамыщ?
Стильдік сипаты не?
Қандай тілдік амал-тәсілдер қолданылады?
ІІ. Жаңа сабақ. Көп нүктенің орнына сөз қойып айт.
Публицистикалық стиль қоғам мүшелерін ұлы…………….(мақсаттарға)жетелейді, қоғамдық бастамаларға ……(жұмылдырып), азаматтық ………(көзқарастар) қалыптастырады.
Публицистикалық стиль….
Қоғамда орын алған оқиғалармен…… “таныстырады)
Әлеуметтік -саяси мәселелерді…..(талдайды)
Әр түрлі тақырыптарды көтеру арқылы бұқаралық пікірге…..(ықпал етеді)
Жеке тұлғаның танымдық қабілетін арттыруға …. (әсерін тигізеді.
2-тапсырма. “Жаңа жылға дайындық” шағын мақала жазу. Публицистикалық стильдің тіл ерекшелігін сақтай отырып жазу.