Байланысты: Болатқызы А - 6.Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындау
Зияткерлік дайындық.Дайындықтың бұл түрі баланың нақты білімі мен ой – өрісінің ауқымын көрсетеді. Баланың танысып отырған материалына деген көзқарасы мен материалды жекелей әрі жоспарлы түрде қабылдау жүйесінің қалыптасуы маңызды. Сондай-ақ, жалпылай ойлау формасы мен негізгі логикалық операцияларды атқарып, есте сақтай алуы да міндетті.
Зияткерлік дайындық негізінен баланың бойындағы оқу іс-әрекетінің бастапқы пайымдарын қалыптастыруды көздейді. Осы дайындық түрі жалпы алғанда төмендегілерді қамтиды.
саралап қабылдау;
аналитикалық ойлау;
нақтылыққа талпыныс;
логикалық есте сақтау;
білуге құштарлық;
сөйлеу тілін игеру;қолдың қозғалысы мен көру-қозғалыс үйлесімділігі.