5. «Мотивациалық дайындық» тесті (А.Л.Венгер)
Ойынның барысы: Балаға төмендегі сұрақтар қойылады.
1. Егер екі мектеп болса - біреуінде қазақ тілі, математика, оқыту, ән-күй, суретсалу және дене шынықтыру, ал екіншісі – тек қана ән-күй, сурет салу және дене шынықтыру, - сен қай мектепте оқығың келер еді?
2.Егер екі мектеп болса – біреуі қоңырау мен сабақпен, ал екіншісі – ешқандай сабақсыз тек қана қоңыраумен болса. Сен қай мектепте оқығың келер еді?
3. Егер екі мектеп болса – біреуінде дұрыс жауап үшін жақсы 4-5 деген баға қойса, ал екіншісінде ойыншықтар мен тәттілер берсе. Сен қай мектепте оқығың келер еді?
4. Егер екі мектеп болса – біреуінде тек қана мұғалімнің рұқсатымен ғана қол көтеріп, тұруға болады, ал екіншісінде өзің білген нәрселерді істегің келеді. Сен қай мектепте оқығың келер еді?
5. Егер екі мектеп болса – біреуінде үйге тапсырмалар берсе, ал екіншісінде бермесе. Сен қай мектепте оқығың келер еді?
6. Егер мектептегі мұғалім ауырып қалса, мектеп директоры оның орнына басқа мұғалімді немесе сенің анаңды шақырам десе кімді таңдар едің?
7. Егер сенің анаң: "Сен әлі кішкентайсың, саған ерте тұру, сабақ қарау қиын болады. Сен үйде қал немесе келесі жылы барасың", - десе сен келісесіңбе?
8. Егер сенің анаң: " Мен сенің мұғаліңмен келістім, енді ол біздің үйге келіп сені оқытып отырады, саған енді ерте тұрудып мектепке барудың қажеті жоқ ", - десе сен келісесіңбе?
9.Егер сенен көрші бала мектепте саған ең қатты не ұнайды десе, сен не деп жауап берер едің?
Нәтижесі:
Әр дұрыс жауапқа 1 балл,
Әр дұрыс емес жауапқа 0 балл.
Достарыңызбен бөлісу: |