VI. Сабақтың аяқталуы Бүгінгі сабақ бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Сұрақтарыңыз жоқ болса, сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Дәріс тезисі Тақырыбы: Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындау
Жоспары:
1. Баланың психологиялық дамуының теориялық негіздер
2. Бала дамуына әсер ететін психикалық жағдайлар
3. Бала дамуында психологиялық жаттығулардың алатын орны
1. Баланың психологиялық дамуының теориялық негіздер Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық жағынан дайындау, бұл қазіргі таңда психология - педагогика ғылымдарындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Психологиялық сөздікте "мектепке психологиялық даярлық" ұғымын былай анықтайды: баланың мектептегі оқуды табысты бастауы үшін қажетті психикалық сапалар кешені. А. В. Запорожец, мектепке баланың дайындығын былай сипаттаған «баланың жеке ерекшеліктерінің бір тұтас жүйе ретінде қалыптасуын көздеген. Оның мотивациялық ерекшеліктері, таным қабілеттерінің даму деңгейі, ерік - жігер механизмінің қалыптасу деңгейінің өзара байланысы»
Яғни, баланы жан - жақты психологиялық тұрғыдан дайындау болып табылады. Баланы балабақшада ғана дайындап қоймай, ата - аналарында кіріктірген жөн. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау ауқымды мәселе. Көптеген жұмысты талап етеді. Балабақшамен мектеп арасында өзара байланысты орнату. Көптеген ата - аналар баланың мектепке бару үшін тек әріптерді танып, санай алса болғаны деп тұжырымдайды. Әрине бұлда маңызды фактор. Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығына назар аудармайды. Бұл кезең балалар үшін өте ауыр. Яғни балабақшадан мектепке бару. Әрине, балабақшада да өзіндік әдіс - тәсілдерін қолданады, сабақтар өтіліп, психолог - педагогта балалармен жұмыс жүргізіп мектепке дайындайды. Алайда баланың жан - жақты дамуына мектепке бейімделуіне ата - аналар көп әсер етеді.
Соның негізінде ата - аналарға балаларының мектепке психологиялық жағынан дайындығын мөлшерлеуіне өзіндік диагностикалау тесті беріліп отыр.
Американдық психолог Джеральдин Чейпидің ұсынған тестін қолдана отырып, ата - аналар балаларын бақылай отырып, қарапайым сұрақтардың жауабын қорытындылай келе психологиялық даму деңгейін шамамен болжай алады.