Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы.
Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі, қиындықтарды жеңуі баланың психологиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.
2. Бала дамуына әсер ететін психикалық жағдайлар
Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |