Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі



бет3/3
Дата21.04.2017
өлшемі431,07 Kb.
#14487
түріСабақ
1   2   3

Дамытушылық: оқушылардың ауызша сөйлеу  тілін,  шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: көркем шығарманы  талдау арқылы  ізгілікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезінде үйге берілген тапсырма тексеріліп, ол жаңа  тақырыппен байланыстырылды. Жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан соң, оқушыларға «Жыл басына таласқан хайунаттар» ертегі бойынша ойын ұсынылып, ойын барысында түбір және туынды сөздерге олардың мағыналарына талдау жасалынды.

Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлінді.Қай топтың оқушылары рөлін жақсы ойнап, топқа берілген  тапсырманы дұрыс орындаса, сол топ жеңіске жетеді. Топ мүшелерінің әрқайсысы бір – бір рөлге ие болып, сол рөлдің қимылын,  қозғалысын, дауысын айнытпай салуға тырысу керек.

Алғашқы болып, екі топ оқушылары шықты. Екінші топтың жетекшісі автор сөзін оқыды. Түйе рөлін ойнап шыққан оқушы түйенің жүрісін салып шайқалақтайды. Ойынның  ережесі бойынша рөлде ойнап тұрған оқушының ненің рөлінде ойнап тұрғанын табу қажет. Оқушылар бірауыздан « түйе» екендігін дұрыс тапты. Осылайша барлық балалар хайуанаттардың  қимыл- қозғалысын айнытпай  салып шықты. Мұнан кейін  хайуанаттардың  рөлінде ойнап жүрген оқушыларға сөз берілді.

Сонан соң  бір топтың оқушылары ертедегі  хайуанаттар рөлін ойнауға шақырылды. Бірінші топтың оқушылары екінші топқа  қарағанда хайуанаттарды осал бейнеледі.

Қорытындыда оқушыларға мынадай сұрақтар берілді.


  1. Кім хайуанаттар рөлінде жақсы ойнады?

  2. Қай оқушы хайуанаттың қасиеттерін анық белгіледі? Неге?

  3. Кім хайуанатты осал бейнеледі? Неге?

  4. Сендер жыл басына кімді сайлар едіңдер?

Бұл оқушылардың өзара пікір таласуына жағдай туғызды. Әрбір сұраққа оқушылар өздерінің ойларын жазды, оны бүкіл сынып алдында дәлелдеді. Сонан соң оқушыларға хайуанаттар сөзі жазылған кеспе қағаздар үлестіріліп, мынадай тапсырмалар берілді.

І – топ оқушыларына: мәтіндегі  жұрнақтар арқылы жасалған 5 туынды сөздерді табыңдар. Соңынан бір – бірінің қателеріңді тексеріңдер;

ІІ – топ оқушыларына: мәтіндегі 5 туынды сөздерді табыңдар. Тапқан сөздерді байланыстыра отырып, мағынасын түсіндіріңдер, сөйлем құраңдар.

Сабақты қорыту: Тапқырлық пен белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау.Үй тапсырмасын беру.

    Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды тиімді пайдалану  әдіс-тәсілдері

Дене шынықтыру сабағында халық ойындарын пайдалану мұғалімнің күнбе-күнгі сабағына әзірлену кезінде белгіленіп, сабақ жоспарында көрсетіледі. Халық ойындарын сабақтың басында да, ортасында да, соңында да пайдалануға болады. Мектептің табалдырығын жаңа ғана аттап отырған, балалар бақшасында болмаған, топтасып әрекет жасап қалыптаспаған балалар үшін дене шынықтыру сабағын бірден бастап кету мұғалім үшін де, оқушылар үшін де қиындық келтіреді. Мысалы, бағдарлама бойынша бірінші сынып оқушыларына гимнастика сабағы «Сапқа тұру және қайта өзгеріп тұру» сабағынан басталады. Осындағы сапқа тұру, колоннада бір-бірден жүру, т.б. толып жатқан ұғымдарды оқушыларға бірінші күннен бастап түсіндіре қою қиынға соғатыны белгілі.  Мәселе оның мұғалім үшін қиыншылығында емес, балалардың бірден күрделі ұғымдар мен қимылдарды меңгеріп алуының күрделілігінде. Сондықтан алғашқы он-он бес минут уақытты мұғалім халық ойындарымен бастап, балалардың қимыл бірлігі қалыптасып, бір-біріне жақындаса бастаған кезде, ойыннан сабаққа біртіндеп көшкені жөн.  Алғашқы бірнеше сабақ бойы мұғалім ойыннан негізгі материалға, одан қайта ойынға, одан және ойынға көшіп,  қайтадан негізгі материалды етеді де, сабақтың аяғын ойынмен бітіреді. Бұл, әрине мұғалімнің шеберлігіне, оқу материалдарын өткізуді күн ілгері егжей-тегжейлі ойластыруына, сабаққа мұқият әзірлігіне байланысты. Зерттеулер мен тәжірибелерге қарағанда халық ойындарын сабақтың ортасында пайдалану — оқушылардың дене шынықтыру сабағындағы арнайы материалдарды дұрыс түсініп ұғуына негізделеді. Бастауьш сынып оқушыларының назары тұрақты болмайды.  Көп жағдайларда дене жаттығуларын мұғалімнің көрсетуі бойынша қайталай береді.  Ал, мұғалім балалардан жаттығуды өз беттерімен жасауын талап еткенде олардың көпшілігі дұрыс орындамайды, сондай-ақ олардың қимыл бірлігі бұзылады. Балалардың назарын сабаққа аудару үшін мұғалім сабақтың ортасында 5-10 минут осы сабаққа ұқсас халықтық қимыл ойындарын ойнатып, олардың көңілдерін басқа жаққа аударады да, осының негізінде пайда болған ерік-жігерлерін негізгі материалдарға аударады. Ал, ойынды сабақтың аяғында, көбіне, оқушылар негізгі оқу материалдарын меңгерген кезде қолдануға болады. Сабақ бітуге 5-10 минут қалғанда біртіндеп ойынға көшкен жөн. Сабақтың аяғында ойын элементтерін пайдалануға мұғалім өте ұқыпты болып, мұндайда, көбіне, баяу қимылды ойынды пайдаланған жөн.  Өйткені, оқушылардың үзіліс кезінде байсалды дем алуларына нұқсан келмеу жағын ескерген орынды.

«Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді» деген                      П. Ф. Лесгафтың пікіріне көңіл бөле отырып, біз мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға, олардың дене шынықтыру сабағын сүйіп оқуына жету үшін халық ойындарын тәрбие құралы деп таптық. Халық ойындарын бағдарламаның қимыл ойындары деген бөлімінде ғана пайдаланып қоймай, әр сабақтың мақсатына қарай, сонымен бірге мазмұнына сай, сабақ кезеңдеріне орай пайдалануға тырыстық. Халық ойындарын бағдарламада көрсетілген ойындардың орнына қолданумен бірге оқу сағаттарын оқу жылы барысындағы ауа райының алмасуына байланысты және мектептің материалдық жағдайын ескеріп жоспарлауға тырыстық. Олай дейтініміз, жоғарыда аты аталған мектептердің тек біреуінде /№ 12 мектеп-интернатта/ ғана арнайы дене шынықтыруға арналған спорт залы бар. Қалған мектептердің бәрінде де мұндай мүмкіншілік жоқ. Осыған орай халық ойындарын көбінесе күзде, жазғытұрымғы ауа райының қолайлы уақыттарына келтіруді ойластырдық.

Бірінші сыныпта дене шынықтыру сабағын бағдарламада көрсетілгендей, бірден «гимнастикадан» бастау оқушылардың ұғымына ауыр тиеді. Бұл жерде мұғалімнің пәнаралық байланысты толық сақтай отырып, сабақ беруінің үлкен білімдік, тәжірибелік мәні бар. Оқу жылының басында бірінші сынып оқушылары мектепке үйренісіп, мектептегі тәртіп, оқу, жазу, т. б. туралы мағлұмат алады. Сонымен бірге мұғалім де өз шәкірттерінің мінез-құлқын, қабілетін, ой-өрісін, қимыл-қозғалысын тексереді, зерттейді. Осыған орай сыныптағы оқушыларды бірнеше шағын топтарға бөліп, олардың бір-бірімен теңесіп, бірдей дамып жетілуін қамтамасыз ету жағын ойлайды. Сыныптағы оқу үлгірімінің жоғары көрсеткішке жетуінің ең басты шарттарының бірі — оқушыларды мақсаттас бір ұжымға біріктіру болып табылады. Берік ұжым — саналы тәртіп пен сапалы оқудың бірден-бір кепілі. Олай болса, оқушылардың осы сапалық көрсеткіші бірінші сынып оқушыларын алғашқы күннен-ақ оқу мен тәртіпке, ұйымшылдыққа қалыптастырудан басталады. Сыныпта жүргізілетін тәрбие жұмыстарының негізіне халық ойындары жатады деп біз батыл айта аламыз. Бірінші сынып оқушылары үшін /алғашқы күннен бастап/ қимыл ойындарының ішінен алдымен көпшілік болып ойнайтын ойындарды таңдап алу керек. Осындай халық ойындарының бірі «Қасқырқақпан». Ойын мектеп ауласында, дене шынықтыру сабағына арналған кең алаңда өткізіледі. Мұғалім оқушыларды қатар тұрғызып, алдымен ойынның атын атап, мазмұнымен таныстырады. Ойнау тәртібін, ойын ережесін, ойында әркім өзін қалай ұстайтынын, т, б.

Егер ойында тақпақ болса, онда мұғалім оқушыларға сол тақпақты алдымен өзі айтып, сонан кейін хормен айтқызады. Жеке оқушыларға айтқызып, түсінбеген сөздеріне көңіл аударады. «Қасқырқақпан» ежелгі халық ойыны, ол туралы балалар отбасында айтылатын әңгіме, ертегіден таныс. Бұл балаларды ойынға ынталандырмай қоймайды. Олар мұғалімнің әр сөзін ұғып алуға тырысады, ойындағы тақпақты тез жаттап алады. Ойын ешбір дене шынықтыру, спорт мүліктерін керек етпейді. Ойын өтетін орын: мектеп ауласы, дене шынықтыру алаңы. Ойын тәртібі: балалар екі топқа бөлінеді. Үлкен тобы — «Қақпан», кіші тобы — «Қасқырлар». Ойынды мұғалімнің өзі басқарады. Мұғалімнің айтуымен тақпақты ең жақсы жаттап алған бала бастайды, қалғандары оған қосылады.

Қасқыр түссе қораға,

Ұстамасқа бола ма?

Қол ұстасып тұрайық,

«Қасқырқақпан» құрайық.

Біздің қақпан болаттай,

Қаскырды тұр жолатпай.

Қасқыр, қасқыр, келіп көр,

Кақпан, қақпан, берік бол!

Оқушылар бір-бірімен қол ұстасып дөңгеленіп, шеңбер құрып, тұрып болғанша:

Кәне, кәне, тұрайық,

«Қасқырқақпан» құрайық,-

деген өлең жолдарын қайталап, айта береді. Сонан соң өлеңнің соңғы шумағы

Кәне, қақпан, берік бол,



Қасқыр, қасқыр келіп көр! —

деген жолдарды айтып болысымен, «қақпан» болып тұрғандар бір-бірінің ұстаған қолдарын жоғары көтереді. Ал, «қасқыр» тобындағы оқушылар арғы беттегі қораға көтерілген қолдардың астымен жүгіріп, өтіп кетуге тырысады. Қасқырлар осылай өтіп жатқан кезде мұғалімнің «а-ап!» деген белгісімен көтерілген қолдар төмен түсіріледі. Оқушылар жүрелерінен отыра қалады. Сөйтіп,қақпан жабылады. Іште қалғандар «қақпан» тобына қосылады да, «қасқырлар» азая береді. Ойынды осылай жалғастыра беруге болады. Ойында балалар кезектесіп отырады. Оқушылар ойынға жаттыққаннан кейін мұғалімнің көмегімен өз іштерінен бір оқушыны ойын басқарушы етіп сайлайды. Бұл ойынды таңдап алу мен ойнатудағы мақсат — алдымен ойында балалардың тілін, ақыл ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, оларды еліктіріп, қызықтыру. Екіншіден, осы ойын арқылы оқушыларда ұйымшылдық, патриоттық сезім қалыптасады. Үшіншіден, дене шынықтыруға байланысты бір және екі қатар болып сапқа тұру, шеңбер болып, қол ұстасып тұру, ойындағы қимыл бірлігі, бұйрықпен қозғалу, бір адамға бағынып, тыңдай білу сияқты қарапайым дағдылар қалыптаса бастайды. Бұл ойынды (күрделендіре отырып) екінші, үшінші сыныптарда да ойнауға болады. «Қолдың, аяқтың, кеуденің, бастың негізгі қалыптары мен қозғалыстары» тақырыбына байланысты жаттығуларды өткен кезде «Мысық пен тышқан» ойынын ойнауға болады. Ойынның тәртібін мұғалім оқушыларға түсіндіреді. Ойын сабақтың екінші жартысында жүргізіледі. Ойынның өтетін жері: мектеп ауласы, дене шынықтыру алаңдары, спорт залы. Ойынға ешбір спорт мүліктері қажет емес. Ойнаушылар дөңгелене қол ұстасып тұрады. Оқушылар араларынан екі баланы ортаға шығарып, оның бірін — «Тышқан», екіншісін- «Мысық» етіп белгілейді. «Тышқан» болған оқушы шеңбердің ішінде қалады. «Мысық» болған оқушы шеңбердің сыртына шығады да «Тышқанды» аңдып, оны ұстауға тырысады. Шеңбер құрып тұрған оқушылардың міндеті: «Мысық», «Тышқанды» қуған кезде ұстасқан қолдарымен бөгеп “Тышқанды” ұстатпауға тырысады. «Мысық» қапылыста ішке кіріп кетсе, «Тышқанды» сыртқа шығарып, «Мысықты» ұстап қалуы керек. Егер де «Мысық» сыртқа шыға қалса, онда «Тышқанды» ішке кіргізіп, «Мысықты» сыртқа қалдырады. Осылайша, бірін-бірі қуып жүріп, «Мысық» «Тышқанды» ұстауға тиіс. «Тышқан» ұсталғаннан кейін олардың орындарына басқа екі оқушы шығады да ойын жалғаса береді. Бұл ойынды пайдаланудағы мақсат: біріншіден, ойынға кластағы оқушылардың бәрі қатынасады, әрі қарапайым, әрі оқушылардың түсінігіне жеңіл және сабақтың мазмұнына сай баланың қозғалысқа қажетті барлық қимылдары бар. Екіншіден, оқушының белсенділігін көтеріп, сезімталдық, батылдық, мақсат қоя білушілік, өзін-өзі ұстай білу, өзіне-өзінің сенуі, табандылық тәрізді, т.б. адамға қажетті қасиет, қабілеттердің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Үшіншіден, оқушыларды қимыл бірлігіне, ұжымдық іс-әрекеттерге баулиды. Біздің бақылауларымыз бен тәжірибелерімізге қарағанда,  осы ойынды бірнеше оқушының өз беттерімен бос уақытында ойнағанындай емес, мұғалімнің басшылығымен сынып ұжымы бірігіп ойнағанда оқушы өзін жауапкершілік сезіммен ұстап, ойынға өзінің бойындағы бар қабілетімен қатынасады, сонымен бірге оны барынша шыңдай түседі. Доппен ойналатын сабақтарда мұғалім бағдарламадағы талаптарды оқушылардың толық орындауын қамтамасыз ете отырып, оның сапалық жағын да қарастыруы керек. Осыған орай ол балаларға доппен ойнайтын халық ойындарын ойнатуға тиісті. «Дәл түсір», «Допты соқ», «Доп тебу», «Доппен жарысу», т. б. ойындарды ойната отырып, оқушылардың мөлшер, бағдар, төзімділік, алғырлық сияқты әдеттерін қалыптастыруға болады. Қазақтың байырғы халық ойыны- «Доп тебу» ертеде «Қара бие» деп аталған. Ойнаушылар жеребе тартады, жеңгені допты қорғаушы болады. Ойынға қатынасушылар оны қоршап тұрады. Ойын дене шынықтыру алаңында өтеді. Ойынға сынып оқушыларының барлығы қатынасады. Ойынға қажетті зат доп. Қорғаушы ортада допты айналып жүреді. Ойынның тәртібі бойынша допты тек аяқпен қорғауға тиіс. Ал әрбір ойнаушы оны теуіп, ала қашуға тиіс. Ойнаушылардың бірі допты тебуге ұмтылған кезде, оған қорғаушының аяғы тиіп кетсе, ойнаушы қорғаушы болып қалады да, доп қорушы әлгі ойнаушының орнына шығады. Егер ойнаушылардың бірі допты теуіп шеңберден шығара қалса, басқа ойнаушылар қашан доп қорғаушы қуып жетіп, допты ажыратып алғанға дейін кезек-кезек тебе береді. Допты қорғаушы қуып жетіп, допты ажыратып алса, ойнаушылар бұрынғы орнына қарай жүгіреді. Осы кезде қорғаушы ойнаушылардың бірін доппен ұруға тырысады. Егер, ол допты тигізе алса, доп тиген бала қорғаушы болады. Осы кезде ол да допты ала сала қашып бара жатқан ойнаушылардың бірін белгілі сөреге жеткенше ұрып үлгеруі керек. Егер, оған доп тисе, ол да басқа біреуді ұрып қалуға тырысады.

.
Каталог: uploads -> doc -> 012d
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
012d -> А. Е. Сандыбаева Электрондық оқулық оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын, компьтерлік технологияда негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тағы басқа программалардың жиынтығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет