Ойын «Менің құқытарым мен міндеттерім» деп аталады.Мен міндеттер мен құқықтарды оқимын, сендер табуларың керек. Егер жауап құқық болса,қолдарыңды жоғары көтересіңдер,ал егер міндет болса,қолдарыңды шапалақтайсыңдар.Егер түсінікті болса, бастайық.
Конкурстар мен жаррыстарға қатысу. (Қ)
Жолда жүру ережелерін сақтау. (М)
Жеке бас тазалығын сақтау.(М)
Тегін оқу. (Қ)
Мектеп мүлкіне дұрыс қарау (М)
Табиғатты қорғау және күту.(М)
Демалу. (Қ)
Мектеп ережесін сақтау (М)
Жақсы оқу. (М)
Ата-анаға көмектесу. (М)
Басқа оқушылардың ар-намысын,абыройын құрметтеу (М)
Тегін кітапхананы пайдалану (Қ)
Қорытынды: Өте жақсы балалар, рахмет. Барлығымыз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді ажырата білдік.
Біз бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, сіздердің келешекте өз білімдеріңізді шыңдай, рухани жан дүниеңізді байыта отырып, өз құқықтарыңызды жете меңгеріп, еліміздің жақсы азаматы болуларыңызға сенім артамыз.
Бауыржан Момышұлы атамыз«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп айтқандай қашанда Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі іс-шарамызды аяқтаймыз.
Сіздерге әрқашанда сәттілік тілейміз!
Осымен сабағымыз аяқталды.Сау болыңыздар!
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«"Жасөспірімнің құқықтары мен міндеттері»
Қарағанды
Достарыңызбен бөлісу: |