Тақырыбы: Power Point бағдарламасы (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
● Білімділік: PowerPoint программасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету. Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
● Дамытушылық: PowerPoint программасын қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен компоненттерін ажырата білуді үйрету.
● Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: Вассерман әдісі
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, плакат.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа алғашқы дайындық (2 минут).
2. Ой қозғау (3 минут).
3. Жаңа материалды түсіндіру. (15 минут).
4. Жаңа материалды бекіту. Ақпараттық диктант (2 минут).
5. Компьютердегі практикалық жұмыс. (20 минут).
6. Қорытынды. Оқушыларды бағалау. (3 минут).
Ой қозғау
/үй тапсырмасын сұрау, сұрақтар беру/
Компьютердің программалық жабдықтамасы.
Жүйелік жабдықтаманы қалай түсіндіресіңдер?
Жүйелік программалар ұсынатын қандай қызметтерді атайсың?
Амалдық жүйе дегеніміз не?
Амалдық жүйенің негізгі қызметі.
Амалдық жүйенің дамуына не себепші болды?
Қазіргі АЖ – лерге қандай талаптар қойылады?
WINDOWS жүйесіндегі пайдаланушы интерфейсін қалай түсінесің?
Жаңа сабақ.
Презентация (көрме) – ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізатпен қызмет түрлерін көрнекі түрде ұсыну.
MS Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Слайд – көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.
Слайд фильмдерді жасау құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді.
Сабақтың тақырыбы: Пернетақта (презентация түрінде)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін шыңдау мақсатында тың материалдармен қамтамасыз ету. Оқушыларға пернетақта пернелерінің атқаратын қызметтері туралы толық мағлұматтар беріп білімдерін нығайту, білік дағдыларын кеңейту.
Тәрбиелік: Адамгершілік қасиетін ұлғайту, ұқыптылыққа, тазалыққа жетелеуді оқушыларға түсіндіру.
Дамытушылық: Озық тапсырмалармен қатар сабақтың барысын кеңейту, жаңа технология элементтерімен жұмыс жасай отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Практикум элементі бар түсіндірмелі, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайдтар, электронды оқулық,
тапсырмалар, тест парақшасы, бағалау парағы
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, математика, бейнелеу.
С а б а қ т ы ң б а р ы с ы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
””
“Жасырылған жұмбақты таңда”
3. Үй тапсырмасын қорытындылау
“Компьютердің құрылғылары”.
4. Жаңа сабақ “Пернетақта”.
5. Пернетақта және оның пернелерімен таныстыру
6. Пернелермен жұмыс.”Біздің сынып”
7. Ребус, сәйкестендір, өзіңді тексер(тест).
8. Жаңа сабақты қорытындылау
“Ой жинақтау”
9. Үйге тапсырма.
10. Бағалау.
Ұ й ы м д а с т ы р у к е з е ң і
А) Оқушыларды түгелдеу.
Б) Үй тапсырмасы
“Компьютердің құрылымы”
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата
*А) Монитор, пернетақта, жүйелік қорап
Ә) Принтер, сканер, тышқан
Б) Пернетақта, принтер, жүйелік қорап, монитор
В) Монитор, сканер, жүйелік қорап
Жауабы дұрыс
Компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы
А) Монитор
Ә) Принтер
*Б) Пернетақта
В) Жүйелік қорап
Компьютердің ақпарат шығаратын құрылғысы
* А) Монитор
Ә) Сканер
Б) Пернетақта
В) Жүйелік қорап
Компьютердің барлық құрылғылары қайда бекітілген?
А) Мониторға
Ә) Принтерге
Б) Пернетақтаға
*В) Жүйелік қорапқа
Компьютер қандай құрылғы?
А) Тек қана жазу құрылғысы
*Ә) Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы
Б) Сурет салуға арналған құрылғы
В) Ойнауға арналған құрылғы
Ақпараттық процестер дегеніміз не?
А) Ақпарат алу
*Ә) Ақпарат алу, сақтау, жеткізу
Б) Сурет салу
В) Ақпаратты жеткізу
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі қандай?
А) байт
Ә) Кбайт
*Б) бит
В) Мбайт
Ақпаратты немен өлшейміз?
А) мм, см, м, км
Ә) г, кг, тн
Б) бит
* В) бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта.
Мақсаты: 1. Білімді игеруіне сәйкес, біліктер мен дағдыларды және қабілеттерін шыңдау.
2. Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру.
3. Сауаттылыққа, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге үйретуді көздеу.
Әдістері: түсіндіру, ой қозғау, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс,
шығармашылық жұмыс, жеке, топтық, жұптық жұмыстар.
Көрнекіліктер: Сөзжұмбақ, компьютер, карточка.
Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)
ІІІ. Жаңа сабақ (26 минут)
А) қызығушылығын ояту, ой толғау әдісі
ІҮ. Шығармашылық жұмыс (6 минут)
Ү. Сабақты бекіту (3 минут)
ҮІ. Үйге тапсырма
Тақырыбы: Слайд - фильм дегеніміз не?
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
- Оқушыларға слайд - фильмдерді жасауға арналған құрал - жабдықтармен таныстыру.
- Оқушыларға слайд – фильмдерді түсіндіру, үйрету.
- PowerPoint программасын қосуды үйрету
- Тұсаукесер (Презентация) мағынасын түсіндіру
2. Дамытушылық:
- Оқушыларға компьютерлік презентация ұғымын түсіндіру.
- Оқушылардың логикалық ойларын дамыту
3. Тәрбиелік:
- Оқушыны қазіргі заман техникалық құралдарымен жұмысты игеруге білуге тәрбиелеу
- Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар:
Оқулық, жұмыс, дәптері. компьютер
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабақты түсіндіру
5. Бекіту кезеңі.
6. Үйге тапсырма беру.
Әдіс тәсілдері:
Жаңа материалды сұрақ - жауап, практика арқылы түсіндіру.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды журнал бойынша тексеріп шығу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру
PowerPoint бағдарламасын практикалық меңгеруге кіріседі, бұл орайда оқушылармен жұмысты төмендегідей жоспар бойынша ұйымдастыру:
1. PowerPoint программасын қосу
2. PowerPoint терезесі. Инструменттер панелінің және Меню нүктесінің батырмасын белгілеу.
Слайд дегеніміз – тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Әр слайдқа жазбалар беттері беріледі,
оған жасау кезінде де, көрсету кезінде де түсіндірме мәтінді енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның (тұсаукесердің) негізгі сәттерін және оларға қатысты жағдайларды түсіру үшін қолданылады. Жазбалар беттерін слайдтардың кез келген саны үшін құруға, мысалы, оларға презентацияда сүйемелдейтін сценарийді жазуға болады.
Әдетте, белгілі тақырып бойынша бірыңғай стильде безендірілген слайдтардың және тиісті жолдама материалдарға (презентация жоспарына, баяндамашы ескертпелеріне, тыңдаушыларға үлестірілетін материалдарға) сәйкес келетін слайдтардың жиынтығы презентация деп аталады.
Презентацияны әзірлеу кезінде төмендегідей ережелерді сақтау керек:
- презентацияны алдын ала жоспарлау қажет – оның мақсаты мен жалпы мазмұнын нақты білу керек;
- презентацияның әрбір слайды мазмұнды әрі есте сақталатындай болуы тиіс;
- слайдта ақпарат ықшам және қарапайым болуы керек;
- импортталатын бейненің қалыбын (форматын) таңдау кезінде көрсетілім құралының мүмкіндігін ескерту қажет;
- бейнелеудегі объект фоннан түсі бойынша ерекшелеуі тиіс;
- фотобейнені редакциялау үшін арнайы программаны пайдалану қажет;
- слайдты безендіру үшін констрастілік және үйлесімді түсті таңдап алу керек;
- аудиторияны презентацияның жекелеген сәттеріне назарын аудару үшін анимациялық ауысулар, бейне дыбыс және басқа құралдар пайдалану ұсынылады;
- кейбір жағдайларда дайын материалдарды пайдаланған жөн, өйткені, бейне материалды және анимациялық клипті әзірлеу қиын әрі қымбат.
Сабақты бекіту: Әр слайдқа жазбалар беттері беріледі, оған жасау кезінде де, көрсету кезінде де түсіндірме мәтінді енгізуге болады.
Үйге тапсырма беру:
1. Слайд дегеніміз не?
2. Презентация деп нені айтады?
3. PowerPoint программасын неге қолданады?
4. PowerPoint - тің негізгі мүмкіндіктері
Достарыңызбен бөлісу: |