Күрделі етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әл-Фараби туралы мәліметтермен таныстыру; оқушылардың алған білімдерін бекіту,
Дамытушылық: Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын ояту, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін
қалыптастыру,
Тәрбиелік: Оқушылардың ана тілін қастерлеуге, сөз өнерін дәріптеуге, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: топтық ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары (инсерт,т.б.), сұрақ-жауап, ойландыру
Сабақтың көрнекілігі: схема, кестелер, сызба
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет
САБАҚ БАРЫСЫ:
1. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу;
ә) түгелдеу;
б) сабақ барысын ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау:
Қайталау сұрақтарын қою арқылы өткен сабақта алған білімдерін тексеру.
Топ бойынша (3 топ) сұрақтар беру.
1-топқа: Әл -Фарабидің өмір жолы
2-топқа: Әл Фараби музыкант
3-топқа: Әл Фараби ғалым
3. Жаңа сабақ өзектілігі:
• Морфология нені зерттейді?
• Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары
• Сын есім дегеніміз не? Сұрақтары
• Сан есім дегеніміз не? Сұрақтары
• Есімдік дегеніміз не? Түрлерін атаңыз
• Етістік дегеніміз не? Сұрақтары
1. Жаңа сабақты түсіндіру:
Мұғалім сөзі: Ал, оқушылар! Біз осы уақытқа дейін Әл-Фараби туралы біраз мағлұматтермен таныстық. Енді ол қандай салалар бойынша еңбектер жазды. Сол жайында білетін боламыз.
Әуелі сөздердің аудармасымен танысайык:
ұстаз – наставник, учитель
• ғылым – наука
• ғалым– ученый
• еңбек – труд
• ғасыр - век
• сапар – путь
• қан тамырлары – кровяные сосуды
• түсініктеме - пояснения
1. Қызығушылығын ояту кезеңі.
1. «Ой шақыру» мақсатында топта отырған әр оқушы алдарындағы мәтінді оқиды.
2. Мәтін бойынша бір біріне түсіндіреді, сосын сұрақтар дайындайды.
3. Жұптасып дайындаған сұрақтарын бір біріне қояды.
4. Әр топтан бір оқушы топтың ортақ келісілген сұрақтарын сыныпқа қояды.
5. Отырғандар сұраққа жауап бере бастайды.
Мәтінді оқу, түсінігін айту
Ғалымның еңбектері
Әл-Фарабидің жақсы дәрігер болғаны белгілі. Ол медицина ғылымы жөнінде пікірлер айтқан. Мысалы: «Шаш пен сақал өседі, қас пен кірпік бір қалпынан асып көп өсе бермейді. Бұл оның түбіне қан тамырларының тарауына байланысты» дейтін түсініктемелері бар.
Әл-Фараби ғылыми еңбектерді көп жазған адам. Бірақ әл-Фараби өз еңбектерін жинап, тәртіпке келтіріп қоюға онша ұқыпты қарамаған тәрізді. Оның саяхатшылық өмірінің өзі де оның еңбектерінің жоғалып кетуіне көп себеп болған.
Солай бола тұрса да, оның жазған еңбектерінің белгілі санының өзі жүзден асады. Олардың көпшілігі арабша жазылған. Оның арабша еңбектерінің бырсыпырасы өткен ғасырдың аяқ кезінде және үстіміздегі ғасырдың бас кезінде: Каирде, Стамбулда, Лейденде, Парижде, Лондонда, Берлинде, Ленинградта және тағы басқа жерлерде басылған...
2. Мағынаны ашу кезеңі.
Ереже қайталау!!!
Күрделі етістік (сложные глаголы).
Негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесуінен жасалған күрделі етістік бір мағынаны білдіреді. Күрделі етістік бірнеше етістіктің тіркесуінен жасалады.
(алғашқысы - негізгі, соңғысы - көмекші етістік болады)
Мұғалім сөйлеп тұр.
Дулат күліп жіберді.
Самат ертең мұражайға баратын шығар. Ермек сүрініп кете жаздады.
Арман досына көмектесіп жіберді.
Олар тауға шықпақшы болып еді.
Біріккен күрделі етістік.
(слитные сложные глаголы)
Қосарланған күрделі етістік.
(Присоединенные сложные глаголы) Тіркескен күрделі етістік.
(Составные сложные глаголы)
Түрегел тұра кел
Апар алып бар
өйт олай ет Жылап еңіреу
Ұрып соғу
Бағып қағу Күн тию
Жақсы көру
Қол ұшын беру
1. Мәтіннен күрделі етістіктерді тапқыздырту.
2. Сол бойынша жаңа тақырыптың мағынасын ашу.
5-жаттығу
Сөз тіркестерін қаыстырып сөйлем құрап жазу. Күрделі етістіктердің астын сызу:
Пікір айтқан
Ғылыми еңбектері
Табиғатқа көзқарас
Саяхат жасау
Ғалым тұлғасы
Ұлы адам
Табиғатқа шықты
Ал, енді топ арасындағы жарысты бастаймыз:
1. Мақал -мәтел жарысы «Ғылым, білім, өнер» туралы айту
2. Кестемен жұмыс (тапсырма лар жазылған кестелер)
3. Топ басшысы сайысы «Егер мен ғалым болсам...» қандай ғылым саласы бойынша сөз сөйлеу
Топ арасындағы сайыс бойынша жеңімпаз топты анықтау
2. Жаңа сабақты пысықтау:
• Әл-Фараби кім?
• Ол қай жерде дүниеге келген?
• Әл-Фараби қай қалаға аттанады? Не үшін?
• Әл-Фарабидің қандай еңбектері бар?
• Оның еңбектері қандай елдерде шықты?
• Әл-Фарабидің медицина жөніндегі пікірі қандай еді? (мәтін бойынша)
6.Сабақты қорытындылау. Топтастыру стратегиясы бойынша
7. Білімдерін бағалау.
8. Үйге тапсырма.
• “Әл-Фараби – ұлы ғалым” атты тақырып бойынша шығарма жазу
• Етістік, етістіктің түрлері, күрделі етістік қайталау
Қорытынды сөз:
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
Достарыңызбен бөлісу: |