Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т ережесін еске салу. Тәртіп Талап Тыныштық Тазалық Татулық Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»



бет1/4
Дата29.03.2022
өлшемі20,58 Kb.
#137223
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
сабак жоспар


Өзін-өзі тану сабақ жоспары
№ 11сабақ
Тақырып: Мінез-құлықты тәрбиелеу
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: адалдық, ақкөңілділік
Мұғалімдер:Тұрсын Дарико, Сарсенбина Ақбота.
Сынып: 11 сынып
Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты: оқушыларға адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеті:
• Жақсы, жаман мінез - құлықты ажырата білуге үйрету;
• Оқушылардың бойында жақсы мінез - құлық дамытуға ықпал ету;
• Өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:үнтаспа,
суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
5 Т ережесін еске салу.
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық


Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"
Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

  • Қанда сезімде болдыңыздар?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет