Сабақ барысында деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру- белсенді, бәсекелестік атмосфера тудырудың кепілі. Тәжірибедегі «белсенді емес сыныптың»



Дата04.02.2020
өлшемі15,97 Kb.
#57131
түріСабақ
Байланысты:
ұсыныс

Ұсыныс

Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу деген бұрын болмаған еді, Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады.



Алдағы уақыттада осындай сабақтар жалғасын тапса және оқушыларға тапсырма бергенде практикаға және өмірмен байланысты есептерді көбірек қолдануды жолға қою керек.Оқушының нәтижесін жақсарту үшін және белсенділікті арттыру үшін ойын сабақтары,сонымен қатар тапсырмалардың берілген уақытқа сай орындалуы жолға қойылуы қажет.Қызықты тапсырмалардың көлемін көбейту және деңгейлік тапсырмаларды оқушы деңгейіне сай берілуі керек,қалыптастырушы бағалаудың түрлерін көбейту керек.

Оқушының нәтижесін жақсарту үшін мұғалімдерге:

  • Деңгейлік тапсырмалардың әр оқушының өз деңгейіне сай болуы;

  • Сабақ барысында қызықты тапсырмалардың,өмірмен байланысты практикалық тапсырмалардың көбірек болуы;

  • Әр тапсырма сайын қалыптастырушы бағалаудың түрлерін көбейту;

  • Оқушының тапсырма орындау барысында уақытты тиімді пайдалануын ескеру;

  • Тапсырмаларды орындау қарқынын арттыру, орындалуын қамтамасыз ету үшін белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану;

  • Оқушылардың өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру;

Сабақ барысында деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру– белсенді, бәсекелестік атмосфера тудырудың кепілі. Тәжірибедегі «белсенді емес сыныптың» мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыны деңгейлік,топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуді және «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін үнемі дағдыға айналдырсақ, үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға ұнайтындай әдістерді қолдана отырып сабағымызды жоспарласақ ғасырдың талабына сай сындарлы ой айта алатын жеке тұлға тәрбиелей аламыз деген ойға келдік.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет