Ей, адамзат! Бір сәт менің үніме құлақ сал. Мен де табиғаттың сен сияқты перзентімін.Өстім, өндім,айналама қайырым жасадым.Сен менің көлеңкеме саяладың,ық жағыма паналадың.Ауылыңа көрік бердім,Бау-бақшаңа сән бердім. Осы ауылдың бүкіл тыныс-тіршілігі менің көз алдымда өтті.Мен барлығының көзі тірі куәгерімін.Мен-бәріңнің тілеуіңді тілеп тұрар кәрі тарихпын. Ал сендер ше? .Сендер неге сонша қаталсыңдар?Жазықсыз жаныма жара салдыңдар,денемді кескілеп қор еттіңдер.Менің қандай кінәм бар еді?Бұл дүниеде мейірім деген болмаушы ма еді? Табиғатты сүю, аялау, мейіріміне бөлеу сияқты адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үшін септігі тиюімен қатар, сөз қолданыстарын, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін, өзіндік көзқарас білдіру шеберлігін шыңдау үшін көмегі зор болатыны сөзсіз.
Сонымен қатар әр түрлі тақырыптағы суреттерді экраннан көрсету арқылы да жұмыс жүргізуге болады: суретке ат қой, тақырып ойлап тап, сурет бойынша мәтін құра т.б.
Мысалы, Астана қаласының суреті бойынша мәтін құрауға тапсырма берілгенде, оқушылар мынадай тақырыптар қойған.
1.Ажарымен асқақтаған Астана
2.Сән түзеген Астана
3.Ғаламның ғажайып қаласы
4.Сымбатымен сұқтандырған Астана
5.Сарыарқа төріндегі сұлу қала
6.Сарыарқаның саңлағы
7.Асқақтаған Ақорда Астанада.
8.Еңсесі биік Елорда
9.Есілдің еркесіндей Елордам бар
10Жанарымда-жайнаған жасыл қала
Мәтін құрауға немесе тақырып табуға табиғат көріністері, іс-әрекет үстіндегі кейіпкерлер, ғажайып ғимараттар т.б. беруге болады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың түрліше әдіс-тәсілдерін жүйелі және тиімді қолдана білгенде ғана мақсатқа жетуге болады.