Сабаққа дейінгі – сабақ барысындағы – сабақтан кейінгі мұғалім рефлексиясы.
Рефлексиялық талдау қай кезде жүргізілетініне байланысты – іс-әрекетке дейін, іс-әрекет барысында немесе іс-әрекет аяқталғаннан кейін жүргізілуіне сәйкес рефлексияның бірнеше түрін атап көрсетуге болады:
алдын ала рефлексия – іс-әрекетке дейінгі рефлексия;
синхронды рефлексия – іс-әрекет барысындағы рефлексия;
ретроспективті рефлексия – іс-әрекеттен кейінгі рефлексия.
«Біз өткенге оралу үшін немесе өзіміздің ойлау процесімізді бақылау үшін емес, практикалық мақсаттарға барынша сәйкес келетін келешекте қателеспей байыпты әрекет ету үшін рефлексия жасаймыз» (Reagan, 2000, 31).
Іс-әрекет барсындағы рефлексия кезінде мұғалім өзінің оқушымен өзара әрекеттестігін синхронды түрде бақылайды, бұл оған ағымдағы жағдайға сәйкес икемді реттеп отыруға және өз әрекеттерін түзетуге мүмкіндік береді.
Мұндай рефлексия орын алуы мүмкін ықтимал салдарларды шешім қабылданғанға дейін талдау болып табылады.
Бұл рефлексия жасаудың аса тиімді әдісі, өйткені ол іс-әрекетті болып жатқан кезінде бақылауға және өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді. Мысалы, сыныпта оқушылар түсінбеген тақырыпты түсіндіре аласыз. Сіздің іс-әрекет барысындағы ойларыңыз мұндай жағдай неліктен орын алғанын және осы жағдайдан жол табу үшін қалай әрекет ету керек екенін түсінуге мүмкіндік береді.
Іс-әрекет барысындағы рефлексия мұғалімге оқу ортасында орын алуы мүмкін күтпеген оқиғаларды еңсеруге мүмкіндік береді.
Бұл Сізге өз біліміңізді жаңа жағдайда қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол оқытуды дербестендіруге мүмкіндік береді, өйткені белгілі бір жағдайда не істеу керектігі туралы алдын ала ойластырылған идеяларды қолданудың орнына, мұғалім осы ерекше тәжірибе мен оқушы үшін қазіргі сәтте қандай іс-әрекет оңтайлы болатыны туралы шешім қабылдайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |