Сабақ «Бейнелеу өнері және сызу»



бет2/2
Дата29.01.2017
өлшемі0,88 Mb.
#8203
түріСабақ
1   2
Оқушылар сурет салған кезде үнсіздікті толтыру мақсатында оқушыларға жеңіл дидактикалық тапсырма орындатып, портретке байланысты бір ойынды ойнатамын.

«Бейнені тап»-тапсырмасы және «Қожанасырдың мұрнын қондыр» ойыны.

Үйге тапсырма беру.

Портеттің тағы бір түрі болады,ол- автопортрет,яғни суретшінің өзін-өзі бейнелеуі.Осыған байланысты сендерге үйге тапсырма, өздерінің бейнелеріңді салып келесіңдер.

Сабақты қорыту бөлімі.



Ой- толғаныс.

Венн диаграммасын сызу.Бейнелеу пәні мен қазақ әдебиеті пәніндегі портреттің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату.

Бағалау.


Графика тақырыбында сызықтардың көмегімен шығармашылық натюрмортты орындау

Сабақтың мақсаты: Штрихтардың түрлерімен таныстыру,сол арқылы қарапайым тұрмыстық бұйымдардан құралған натюрмортты орындауға үйрету,абстракты қиялдауға төселдіру.

Пәнаралық байланыс: геометрия,сызу.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру бөлімі.

II Үй тапсырмасын қайталау

Өткен тақырып бойынша оқушылардың теориялық білімдерін сұрақ қою арқылы анықтап,бағалау

III Жаңа сабақ

Біздер штрихтардың түрлерімен өткен сабақтарда танысып, салу әдістерін үйренген болатынбыз.Бүгін осы сабақты жалғастырып,штрих арқылы шығармашылық натюрмортты бейнелейміз.

Жалпы, штрих дегеніміз-өзімізге таныс қарапаым сызық.Олар біздің өмірімізде өте көп кездеседі: жолдар сызығы,көпір сызығы, тоқ стобалар сызығы,ағаш сызығы.Тіпті адам фигурасы,бет-пішіні де осы сызықтар арқылы салынады.

Сондықтан олардың маңызы өте зор деп айтуға болады.

Ал сол сызықтар салыну түрлеріне қарай адамның көңіл күйіне де әсер ете алатын қасиеттері бар екен.Мысалға, мына сызық көңіл күйдің бір қалыпты,бір сарынды екенін көрсетсе,
мына сызықтан
көңіл күйдің көтеріңкі екенін байқауға болады.

Ал мына сызық қорқыныш сезімін туғызатын сияқты.

Қане, бүгінгі көңіл-күйлеріңізді қандай сызықтармен сипаттай аласыңдар,қағазға салып көрсетіңіздер.

Осындай жаттығулардан кейін тақырыпты бірте күрделендіремін.



  • Міне,осындай сызықтардың көмегімен көптеген суреттерді көркемдеуге болады.Мына алдарыңыздағы натюрмортты қазір әркім өзінше,өзінің қиялдауына байланысты әсемдейді.

  • III Практикалық жұмыс.

  • Оқушылар дәптерлеріне композицияларын салып,жұмыстануға кіріседі.Мен қатарларды аралап жүріп,орналастыру жағынан кеткен кемшіліктерін түзетіп,жақсы жұмыстарды үлгі ретінде көрсетемін.Сабақтың соңында салынған жұмыстардан көрме ұйымдастырылады.


Мазмұны
1. Аттесиациялық парағы.

2. Ақпараттық бет.

3. Шығармашылық есеп.

4. Сертификаттар.

5. Дипломдар, мақтау қағаздар.

6. Таратылған іс-тәжірибелер.

7. Ашық сабақтар.

8. Тәрбие сағаттар.

9. Мінездеме.

10. Пікірлер.



Ш

ығармашылық есеп

Әрбір жас жеткешек буын іс-әрекет ету үшін адамзаттың тәжірибесімен жинақталған,қалыптасқан ғылымды игеріп алады,соған сүйенеді.Қазіргі кезде жас ұрпақты оқытып,алған білімін кеңейтіп, көркемдік талғамдарын арттыруда,өмірге көзқарастарын дұрыс қалыптастырып халықтық тәрбие беруде ,ізгі мінез-құлық, биік адамгершілік ,ұлттық қасиеттерін қалыптастыруда бейнелеу өнері пәнінің атқарар міндеті мол, орны ерекше

Бейнелеу өнері сабағы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,өмірдегі әсемдік пен әдемілікке сүйіспеншіліктерін арттырады,өз өлкесінің сұлу табиғатын,халқымыздың әдет-ғұрпын,ұлттық өнері мен кеңірек танысуына жол ашады.Осыған орай өзімнің педагогикалық тәжірибем туралы айта кеткім келеді.

Мен, Меңдешева Айгүл Еділбайқызы 1993жылы мектеп бітіргеннен кейін Орал қаласындағы Педагогикалық колледжде білімімді жалғастырдым.1997 жылы аталған колледжді бітіріп «Бастауыш мектеп және сурет,еңбек пәнінің мұғалімі» мамандығын алып шықтым. 2003 жылы Батыс Қазақстан Гуманитарлық Университетінің «Сурет және сызу» бөлімін сырттай бітірдім.

Еңбек жолымды 1994 жылы М.Әуезов атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастадым. 1997 жылдан бастап еңбек және сурет, сызу пәндерінің мұғалімі болып жұмысымды жалғастырдым. 5 - 11 кластарға сабақ беріп келемін.

Проблемалық тақырыбым: Оқушы ой-өрісін кеңейтіп,өмірдегі әсемдік пен әдемілікке сүйіспеншілігін арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Мақсатым: Жас ұрпақты өздігінен ізденіп жұмыс жүргізуіне, шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйретіп, бейнелеу өнері пәніне өнеріне деген қызығушылығын ояту.

Мектепте 1997 – 2000 оқу жылдарында кабинет меңгерушісі жұмысын атқардым,кәсіподақ комитетінің мүшесі, 2006 жылдан бастап ғылыми - әдістемелік кеңесінің төрайымы, «Аружан» қыздар ұйымының жетекшісі секілді қоғамдық жұмыстарды атқарып келемін . 1998 оқу жылында 5 в класын қабылдап алып. 11 класқа дейін класс жетекшілік міндетін атқардым. Класс оқушыларымен барлық мектепішілік, сыныптағы шараларға және спорттық шаралары белсене қатыстық.

Келген жылдан бастап оқушылармен, оқытушылармен бірлесіп жұмыстанып келемін. Оқушыларымның жұмыстары Жеңіс күніне, Балаларды қорғау күніне, Тәуілсіздік мерекесіне, СПИД қарсы айлығына арналған мектепішілік, аудандық, облыстық көрмелерге қатыстырып жүлделі орындар алып жүр. Солардың ішінде Аманбаев М,Еркінғалиев А, Кенжеғалиева А.

Оқушыларымның ішінде ерекше атап өтетін оқушым Сисенғазиев Қайсар. Қайсар өзім жетекшілік ететін «Сиқырлы қылқалам» үйірмесінің белсенді мүшесі. Оның жұмыстары облыстық,аудандық байқауларында жүлделі орын алды. Атап айтқанда: «Жайық толқындары», «Мәңгілік алауы», «Әрқашан күн сөнбесін», «Тәуелсіздік құрдастары».

Аудан көлемінде ұйымдастырылып жүрген мұғалімдердің көрмесіне шығармашылық жұмыстарымды қатыстырып келемін.

2002 жылы «Тарихқа тағзым » атты көрмеге қатысып, мақтау қағазымен,

графика жанры бойынша І орын алдым.

Мектепішілік, аудандық мәдени қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрмін.

Қазан айында ауданымызда балалар шығармашылық орталығы ұйымдастырған «мастер – класқа» қатысып, әріптестеріммен іс-тәжірибе алмастық ./2006 ж./

2006 жылы білім жетілдіру курсынан өттім.

2002-2003 ж – Аудандық мақтау қағазы,

2006 ж – Мектепішілік мақтау қағазымен,

2006 жылы аудандық тамыз мәслихатында «Қиялым – қанатым» атты Сисенғазиев Қайсардың шығармашылық жұмыстарының жеке көрмесі көрермендер назарына ұсынылды.

Биылғы оқу жылында 5а класына 2007 ж. ақпан айында бейнелеу өнері пәнінен ашық сабақ өткіздім. Тақырыбы: «Портрет» жанры.

Өнер біздің қоғамда адамдарды,жастарды рухани,эстетикалық тәрбиелеуде сенімді,күшті құрал болып табылады.

Жастарды көркем өнерді сүюге,адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді.Қандай жұмыс түрі болмасынол жоспарлы,қызықты ұйымдастырылса,балалардың да ынта-жігерін,қабілетінпәнге деген сүйіспеншілігін арттырады. Сондықтан оның нәтижелі болуымұғалімнің шығармашылық ізденісіне, өз пәнін сүюіне,білім қорының молдығына, бай тәжірибесіне де байланысты

М.Әуезов атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебінің

Бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі

Меңдешева Айгүл Еділбайқызына




П і к і р
Айгүл Еділбайқызы 1997-1998 оқу жылынан бері осы мектепте жұмыс жасап келеді.Әріптесім ретінде мен Айгүл Еділбайқызының бірнеше сабақтарына,тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс жұмыстарына қатыстым.

Жалпы,ұстаз қандай шараға да тыңғылықты әзірленеді.Эстетикалық талғамы өте биік,жоғары.

Айгүл өз әріптестері арасында үнемі ізденіп,әр сабағына қандай да бір жаңалық қосып отырады және терең білімділігі мен ой-өрісінің кеңдігін көрсетеді.Ал тәрбиеші ретінде оқушыларға жәй түсіндіріп,санасына жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындата білу шеберлігімен ерекшеленеді.

Менің пікірім,ұстаз I санатқа лайық деп есептеймін.



Пікір беруші: Сүлейменова Үміт Бақсиыққызы – ағылшын пәні мұғалімі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет