Сабақ беру процесінде Н. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау»



бет1/4
Дата13.11.2016
өлшемі3,04 Mb.
#1678
түріСабақ
  1   2   3   4
Қанкошекова Гүлжан Дүйсембайқызы 01.10.1974 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында дүниеге келген. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік Университетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі факультетін бітірген. «№ 11 мамандандырылған физика- математика мектебі» мемлекеттік мекемесінде 2005- 2006 оқу жылынан бастап еңбек етіп келеді. «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің үздік оқытушысы - 2010» қалалық сайысының ІІІ орын иегері.

Шығармашылық жұмыс тақырыбы: «Оқушылардың сөйлеу тілі мен жазу тілін дамыту»

Осы аталған тақырыбы бойынша үздіксіз жұмыстануда. Оқушылары қалалық, облыстық «Әбіш оқулары», «Махамбет оқулары», «Абай оқулары», «Інжу Маржан» сайыстарында жүлделі орындар иеленуде.

Сабақ беру процесінде Н. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» жаңа технологиясын пайдаланады. Қалалық, облыстық семинарларда өзінің тәжірибесін әріптестерімен бөлісуде.



Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс жасау деп есептейді. Оның ерекшелігі сол - ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлануына, толғануына, пікір айтуына ықпал жасайды. Сөз құдіретін баяндау, түсіндіру жолымен емес, ондай інжу- маржанды оқушының өзіне таптыру, сөзбен жұмыс істей алуға, мазмұнын игерту барысында жанды байланыста болу, логикалық ойын жеткізуде ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру сияқты жұмыстарға баса назар аударады. Шығармашылық жұмыстарды (пікір алмасу, табиғатқа өзінше сипаттама беру, екі шығарманы салыстырып пікір айту) орындатып, ой қорытындыларын жасатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет