№1 сабақ бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы; Көлік түрлері және елдің транзиттік әулеті
|
Мектеп; №111 Ж .Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Күні ;31.01
|
Мұғалімнің аты-жөні;
Миржибаева Улбала
|
Сынып; 9 «а»
|
Қатысқандар саны;
|
Қатыспағандар саны;
|
Сабаққа негізделген оқу
мақсаты
|
Тыңдалым.Тақырыпты талдау арқылы негізгі ойды анықтау, дәлелдеу өз пікірлерін жеткізуге, дәлелдеуге, машықтанады.
Елдің көлік түрлерін салалары құрамын аныктап ,транзиттік әулеті жайлы түсіндіре алады
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлығы Қазақстандағы ;көлік түрлерін біледі
Көпшілігі; Қазақстанның транзиттік әулеті жайлы қысқаша айта алады
Кейбірі Тақырыптың идеясын аша алады, салыстырады, дәлел келтіреді; .
|
Тілдік мақсаты
|
Оқушылар; тақырыптағы жана сөздердің мағынысын түсіндіре алады қай жерде қолданатынын біледі.
Негізгі сөз тіркестер; инфрақұрылым, телекоммуникация
Талқылауға арналған тармақтар;
Транзиттік әулеттің маңызы қандай ?
Қөлік түрлері арасындағы транзиттік көліктің айырмашылықтары қандай?
Сіз неліктен екенін айта аласызба?
-Инфрақұрылым сөзін калай түсінесіздер?
-телекоммуникация сөзін ше?
Жазылым бойынша ұсыныстар;
-инфрақұрылым-инфрақұрлым
- телекоммуникация - телекомуникасия
|
Алдыңғы оқу
|
-Көлік кешені жайында біледі
-Қазақстандағы көлңк кешені жағдайымен танысты.
- Көлік кешені жағдайын салыстыра отырып қарастыра алады
-Көлік кешенінің бір қатар ерекшеліктерін түсіндіріп бере алады
|
Жоспар
|
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Басталуы
Кіріспе
(5 минут)
|
А) Сәлемдесу «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы сыныпта ынтымақтастық ахуалды қалыптастырамын
Б) Үй тапсырмасын сұрау «Серпілген сауал» жаттығуы арқылы сұрадым Үш топтан үш оқушыны таңдап алдым .Мақсатым оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты менгергендігін білу үшін.. Тақырыпшалар жазылған әртүрлі пішіндегі оқушы санына байланысты кесілген ,қағаздарды алады және құрастырады.Парақшаларды құрастырған кезде топтың
Тапсырмасы шығады.
1-топ Әуе көлігі
2-топ.Су көлігі
3-топ. Теміржол көлігі
|
Ортасы;
Тұсаукесер
(5 минут)
Негізгі бөлім
(20 минут)
|
Парақшаларды құрастыру және топқа бөлу арқылы бүгінгі .Сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылды .Топтарда тапсырма парақшаларын құрастыру арқылы
Джигсо әдісі өздігінен іске асады.Джигсо әдісін қолданғандағы мақсатым ;Жаңа тақырыпты меңгерту арқылы білімдерін жетілдіру.Оқушылар өз тапсырмаларын оқиды, талқылайды және плакат бетіне түсіріп қорғайды. Қорғау бар дәлелмен моделдеу әдісі арқылы картадан көрсетеді тақырыбына байланысты.
Бүгінгі сабақта түртпе,сынақтан өткізу,басқаға бағыттау арқылы сабақты пысқтаймын
1. Көлік жүйесінің маңызы қандай? Көлік салаларының негізгі кандай факторлармен анықтай алатынын айта аласыз ба? Келесі оқушыға сіздің пікіріңіз қандай?
2.Транзиттік әулеттік жүйесінің аумақты игеруді ,еңбек әлеуетінің ұлғаюын шектейді ме?Өндірістік салаларына бір екі мысал келтіре аласызба? Басқаға бағыттау Қазақстанда көлік түрлерінің аз болу не себебті сіздің ойыңыз кандай?
3 Көлік түрлері жүйесі мен транзиттік әулет арасында байланыс бар ма?Егер байланыс бар немес жоқ болса себебін түсіндіре аласыз ба? Жауабына байланысты ол жайында мысал келтіре аласыз ба?
|
Аякталуы
Қортынды
(10 минут)
|
Такырыпты қаншалықты меңгергендігін білу
мақсатында сабақты қортындылаймын. Ыстық орындық тәсілі арқылы .Бүгінгі сабаққа кері байланысты бармақ әдісі арқылы ауызша түрде аламын.
|
5 минут
|
Үйге тапсырма. Осы тақырыпты түгел оқып келу.
Кері байланысты Сенім ағашыі арқылы жазбаша түрде алдым Бағалау парақшасына қызыл ,жасыл,сары түстер
арқылы бағалаймын
|
Қосымша ақпарат сайттар?
|
Саралау;Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз?
|
Бағалау.Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ- мен байланыс
Құндылықтармен байланыс
|
Үй тапсырмасын сұрауда «Серпілген сауал»жаттығуында
Негізгі бөлімдегі тақырыпты
қорғағанда және қортындыдағы
Ыстық орындық жаттығуы барысында яғни бүкіл сабақтың
барысында көрініс табады
|
Бағалау парақшасы арқылы бағалау
|
Тарих,математика
Тарих- ежелгі адамдардың шаруашылығы
Математика-халық санының үлесі
|
Рефлексия
Сабақ оқу мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау
шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде
үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және
неліктен?
|
|
Қортынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табыст ы болды (Оқытуды да ,оқуды да ескеріңіз)
1 Топтасуда оқушы белсенділік танытады,бір-біріне көмек беру арқылы тапсырманы орындауға әрекет жасайды
2 Бағалау критерийін қойған табысты болды
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?
1 Үй тапсырмасын сұрауда барлығы қамтылды
2.Акт-ны пайдалану ,бағалау критериййін қою
Сабақ барысында мен сынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге
көмектесетін не білдім?
1.Әр кезеңге уақытты қойып ,соны ұстану.
2.Бағалау шкаласын келесі сабаққа тиімді етіп қою
3.Жеке жұмыстың орындалганын назарға алу .
|
Тексерілді Есенбеков.Б
Елбасының биылғы жылдың 1 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауында Көлік және коммуникация министрлігіне Көлік стратегиясын әзірлеу міндеті жүктелген. Осы жылдың 11 сәуірінде министрлік әзірлеген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы Президент Жарлығымен бекітілді.
І. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
Стратегияның негізгі мақсаты — Қазақстан эко¬номикасының бәсекеге қабілеттілігінің, соның ішін¬де экспорттық әлеуетінің өсуіне ықпал ететін тиімді көлік инфрақұрылымын құру, сондай-ақ елдің геостратегиялық орналасуын ескере оты¬рып, оның транзиттік әлеуетін барынша іске асыру.
Еуразия экономикалық қауымдастығы, Бір¬ың¬¬ғай экономикалық кеңістік, Шанхай ынтымақ¬тас¬тық ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Дүниежүзілік сауда ұйымы және тағы сол сияқты өңірлік және халықаралық ұйымдар шең¬бе¬рінде, сондай-ақ көлік саласындағы халықара¬лық шарттарға қосылу жолымен ұлттық көлік заңнамасын халықаралық нормалармен үйлестіру;
біртұтас экономикалық кеңістікті нығайту және өңіраралық байланыстарды дамыту, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту және тиімді пай¬далану арқылы әлеуметтік тұрақтылыққа кепіл¬дік беретін деңгейде көлікке қол жетімділікті қамтамасыз ету;
инфрақұрылымды кластерлік дамыту есебінен Қазақстанның көлік жүйесінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудерістерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көліктегі оқиғалардың санын және ауырлығын азайту;
халықаралық нормаларға сәйкес келетін эко¬ло¬гиялық стандарттарды белгілеуде және олардың орындалуын бақылауда мақсатты бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу арқылы экология¬лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және энерге¬тикалық ресурстарды ұтымды пайдалану;
көлік секторында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру.
Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия¬ның серпінді дамып келе жатқан нарығы ара¬сын¬да орналасқан Қазақстанның ұтымды география¬лық орны еліміздің әлемдік көлік жүйесін қалып¬тастыруда тең құқылы әріптес ретінде қаты¬суы¬ның ерекше өзектілігін айқындайды. Бұл ретте бізді Еуропа, Азия, ТМД және Балтық елдерімен ынтымақтастық айырықша қызықтырады.
АҚШ-Еуропа-Оңтүстік-Шығыс Азия “үш¬бұры¬шында” негізгі қаржылық және тауарлық ағын¬дар шоғырланатындығы туралы әлем эко¬но¬ми¬касы дамуының болжамды бағаларына қара¬ған¬¬да сарапшылардың болжамдары бойынша Еуропа – Азия арасындағы тауар айналымы ша¬ма¬мен 1 триллион АҚШ долларын құрайды. Сон¬дық¬тан, Елбасының Қазақстан халқына Жол¬дау¬ын¬да көрсетілгендей, бүгінгі күні Қазақстан үшін ең маңызды міндет — Еуропа мен Азия ара¬сын¬дағы құрылықаралық көпір ретіндегі өзінің тиімді геостратегиялық орнын толығымен пайдалану.
Еліміз ШЫҰ, ЭЫҰ, БЭК, ЕурАзЭҚ және ТМД сияқты көпжақты экономикалық ұйым¬дар¬дың белсенді қатысушысы болып табылады. Қа¬зақ¬станның әлемдегі және өңірдегі осындай бел¬сенді экономикалық және сауда ынтымақтастығы тауарларды бір пункттен екінші пунктке бала¬ма¬лы, сапалы, сенімді және уақтылы жеткізуді та¬лап етеді. Осыған орай, біз Қазақстанның гео¬стрବ¬тегиялық орналасуынан қосымша эконо¬ми¬калық және саяси тиімділік алу үшін нақты жұмыс жүргізудеміз.
Барлық ықтимал, жүктерді қалыптастыратын өңірлерді және жаңа көлік дәліздерін ескере оты¬рып Қазақстанның көлік жүйесін кешенді дамыту үшін Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы шеңберінде жүк көп та¬сымалданатын темір жол учаскелерінің шамамен 1 600 км-ін салу және 2 700 км-ін электрлен¬ді¬ру, 50 мың километрге жуық автожолдар салу, қал¬пы¬на келтіру және жөндеу, порт инфрақұры¬лымын кеңейту мен жаңғырту және азаматтық авиация саласын белсенді түрде дамыту қажет.
Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін Үкі¬мет Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағ¬дарламасын қабылдады, онда жалпы пайда¬ла¬ным¬дағы автожолдарды дамытуды қаржыландыру 1,3 трлн. теңге сомасында көзделген, соның ішін¬де жергілікті жолдар желісін дамытуға тұңғыш рет 271 млрд. теңге бөлінеді.
Азаматтық авиация саласын одан әрі дамы¬ту¬дың негізгі стратегиялық міндеттері ағымдағы жылдың маусым айында қабылданған Азаматтық авиация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында көрініс тапқан, атап айтқанда, олар – республика тұрғындарын әуе тасымал¬дарымен қамтамасыз ету, озық халықара¬лық стандарттарға сәйкес саралы және бәсекеге қабілетті авиациялық қызметтерді ұсыну және жерүсті инфрақұрылымын жаңғырту.
Кеме қатынасын және теңізде жүзуді дамыту мақ¬сатында Қазақстан Республикасының теңіз көлі¬гін дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағ¬дарламасы және Қазақстан Республикасының кеме қатынасын дамыту және ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007-2012 жыл¬дар¬ға арналған бағдарламалары әзірленді. Оларды іске асыру теңіз көлігімен тасымалданатын жүк кө¬лемін жылына 50 млн. тоннаға дейін, ал өзен кө¬лігімен — 7-8 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
ІІ. Тиімді көлік инфрақұрылымы — экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызды элементі
Қазіргі магистральдар арасындағы байла¬ныс¬ты¬рушы учаскелерді салу транзиттік дәліздің жал¬пы өткізу көлемін жылына 400 млн. тоннаға дей¬ін ұлғайтуға, ал транзиттік дәліздердің өткізу қа¬бі¬летін жылына 100 млн. тоннаға дейін ұлғайту және жаңа жүк ағынын тарту арқылы транзиттік та¬сымалдың көлемін жылына 8 млн. тоннадан 50 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осы мақсатпен жаңадан “түзетуші” темір жол желі¬лерін салу көзделуде. Мысалы, Жезқазған-Сеꬬсеуіл-Шалқар-Бейнеу темір жол желісі астық, мұнай өнімдері, қара және түсті металдар сияқты жүктер үшін Ақтау порты бағытында бәсекеге қабілетті бағдарғыларды ұйымдастыруға және Батыс Қазақстанды еліміздің орталық және шы¬ғыс облыстарымен қосуға мүмкіндік береді. Сон¬дай-ақ, Қазақстан Республикасының ірі кәсіп¬орын¬дары өнімінің бағасындағы көлік құрам¬дас¬ты¬ғын төмендетуге мүмкіндік береді. Мысалы, қа¬ра метал¬дар¬ды тасымалдау кезінде ол 20%, түсті ме¬тал¬дарды тасымалдаған кезде — 37,3 % төмендейді.
Қазақстан жүктерін Каспий теңізіне неғұрлым тиімді тасымалдау үшін жаңа Маңғыстау-Баутино (135 км) және Ералы-Құрық (14,4 км) темір жол¬дарының құрылыс жобасын концессиялық негізде іске асыру көзделуде. Жаңа желілер салу қосымша жұмыс орындарын құруға және порт инфрақұры¬лым¬дарын күшейтуге мүмкіндік береді. Жобала¬нып отырған желілердегі жүк тасымалдаудың бол¬жамды көлемі жылына 15 млн. тоннадан астам болмақшы.
Автожолдардың өткізу қабілеті мен олардың са¬пасы ел экономикасының барлық дерлік сала¬сы¬на әсері болатындықтан республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың жай-күйін жақ¬сар¬ту автожол саласын дамыту басымдықтарының бірі болып табылады. Экономикада құрылымдық қайта құрулар жүргізу нәтижесінде автомобиль көлігіндегі жүк айналымының 2010 жылға қарай 33-тен 55 млрд. т. км. дейін өсуі жоспарлануда.
ҚР автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде алты жолақты автожол магистральдарын салу, 6 негізгі ха¬лықаралық дәліздерді қалпына келтіруді қоса есеп¬тегенде, 7 мың километрден астам жолды жоғары тех¬ни¬калық санатқа өткізуді жүзеге асыру жоспар¬лануда. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автомобиль жолдарының және жасанды құрылыстардың беріктігін, сенімділігін арттыру, жол жұмыстарының құнын төмендету сондай-ақ автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және пайдалану сапасын арттыру еліміздің автомобиль жүйесін одан әрі дамытудың басты өлшемдері болып табылады. Автомобиль тасымал¬дары¬ның бәсекеге қабілеттілігі тікелей автомобиль жолдарының жай-күйіне ғана емес, жылжымалы құрамның да жай-күйіне байланысты болған¬дық¬тан, автокөлік құралдары паркін ЕВРО норма¬ла¬рына сәйкес келетіндей етіп жаңғырту көзделуде.
Азаматтық авиация саласының бәсекелестікке қабі¬¬леттігін арттыру мақсатында сала инфрақұры¬лы¬мын одан әрі жаңартуға, кадр әлеуетін қам¬та¬масыз етуге және жаңа авиациялық стандартт; тарды енгізуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Жолаушы және жүк ағынының жыл өткен сайын ұлғая түсуіне байланысты барлық әуежай¬лар¬дың өткізу қабілеті мен қызмет көрсету сапасын арттыру шаралары жүргізілуде. Айталық, таяудағы үш жыл¬дың ішінде әуежайлардың жерүсті инфра¬құрылымын жаңарту жұмыстары толықтай аяқта¬ла¬ды. Атап айтқанда, еліміздің негізгі әуежайлары¬ның терминалдары мен жасанды ұшу-қону жолақ¬тары жаңғыртылады, қазіргі заманғы әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдарына арналған арнайы техника паркі жаңартылады. Авиакомпанияларды әуе кемелерін жаңартуға ынталандыратын шаралар кешені әзірленуде. Осыған сәйкес 2008 жылы тұ¬рақты маршруттардағы кеңестік кезеңде шығарыл¬ған барлық ұшақтар пайдаланудан толықтай шы¬ғары¬лады. Әуе кемелерінің санының авиатасымалға деген сұранысқа сай болуы керектігін ескере оты¬рып, батыста шығарылған әуе кемелерін алу жұ¬мы¬сы жалғастырылуда. Жалпы, таяудағы 10 жылдың ішінде қазақстандық әуе компанияларының паркін қазіргі заманғы әуе кемелерімен 12-ден 65 бірлікке дейін өсіру жоспарлануда.
Сонымен қатар, салада жолаушы және жүк та¬сы¬¬мал¬дарын бәсекелес әуежайлардан ауыстырып алу жөнінде белсенді саясат жүргізілуде. Айталық, авиациялық қызметті пайдаланушыларға көбіне көп тартымдырақ қызмет ету жағдайларын ұсынудың арқасында кейінгі жылдары жолаушы авиа¬та¬сы¬малын жылына 25%, сол сияқты жүк авиатасы¬ма¬лын (шамамен 10%) тұрақты өсіріп отыруға қол жеткізілді. Мысалы, Астана халықаралық әуежайы бәсе¬кеге қабілеттірек тарифтер мен сапалырақ қыз¬мет көрсетуді ұсынудың арқасында Luftgansa Cargo сияқ¬ты ірі жүк тасымалдаушы компанияның бар¬лық дерлік жүк тасушы рейстерін өзіне қаратып алды. Бүгіннің өзінде тасымал көлемі аптасына 45 қонуға жеткізілді, ал таяу мезгілде компания өзінің барлық рей¬стерін елордалық әуежайға ауыстыруды жос¬парлауда.
Еліміздің ішінде халықаралық рейстерге сұра¬ныс¬тың ұлғаюын және шетел авиакомпания¬лары¬ның Қазақстанға ұшуға қызығушылығын ескере оты¬рып, біз отандық авиакомпаниялардың ұшу географиясын кеңейту және жаңа шетелдік авиа¬ком¬панияларды өзімізге тарту тәжірибесін ширата түсудеміз. Қазақстанның географиялық жағынан оңтайлы орналасуы Еуропа мен Азия аралығында жо¬лау¬шы тасымалдайтын рейстер жасайтын авиаком¬панияларды тартуға мүмкіндік береді, сонымен қатар ИКАО-ның болжамды бағалауларына қарағанда, таяу жылдары Еуропа мен Азия аралығындағы жолаушы тасымалы 5-7%-ға, ал жүк тасымалы 9-10%-ға өседі, Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы болатын транзиттің ең үлкен өсуі Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа және ТМД елдеріне жаңа рейстер ашу арқылы қамтамасыз етілмек.
Кейінгі жылдары республиканың сыртқы сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуде Батыс Қазақстандағы Каспий теңізінде дамып келе жат¬қан Ақтау порты үлкен рөл атқаруда. Қазіргі уақыт¬та Каспий бассейнінде тасымалданатын жүктің жалпы көлемі жылына 30 млн. тоннадан асты. Бұл ретте Ақ¬тау портының үлесі Каспийдегі жалпы жүк ағы¬¬ны¬ның 33 %-ын құрайды. Қазірдің өзінде Кас¬пий теңізіндегі ең ірі және жүк құраушы порт бо¬лып отырған Ақтау теңіз порты аймақта “түзетуші” темір жол¬дары және жаңа автомобиль жолдары салына¬тын¬дығын қоса есептегенде еліміздің өзіндік “Батыс қақпасына” айналып, ол арқылы өтетін теңіз тасы¬ма¬лының көлемі одан сайын ұлғая түспек, ал, жүктердің 50%-дан астамы Қазақстанда шығарылған өнімдер болмақ.
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес 2012 жылға қа¬рай Каспий теңізіндегі жүк тасымалдарының көлемі шамамен 65 млн. тоннаны құрайтын болады. Осыған байланысты тиісті бәсекелестік ортаны құру және порт инфрақұрылымын дамытуға инвести¬ция¬лар тарту мақсатында, қазіргі уақытта мемлекет — жекеменшік әріптестігі негізінде Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске асыру жөнінде жұмыс жүргізуде
Ертіс және Жайық бассейндеріндегі кеме жасау және кеме жөндеу кәсіпорындарына жаңғырту жүргізіледі, сондай-ақ Маңғыстау облысы Құрық ауданында жаңа кеме жөндеу зауыты салынатын болады, су көлігі саласы кадрларының біліктілігін арттыру жөнінде жұмыстар жүргізіледі.
ІІІ. Еуразия көлік жүйесіне кірігу
Бүгінгі күні Қазақстанның көлік жүйесі бірыңғай еуразиялық көлік желілерінің ажырамас құрамдау¬шы¬сының бірі болып табылады, оның бәсекеге қабі¬леттігі тек барлық мүдделі мемлекеттердің келісілген қызметі жағдайында ғана қамтамасыз етілуі мүмкін.
Прогрестің мүмкіндігі тек түрлі деңгейдегі конфе¬рен¬цияларда және халықаралық форумдарда барлық мемлекеттердің транзиттік бастамаларын талқылау жолымен сындарлы диалог пен өзара тиім¬ді ынты¬мақ¬тастық негізде мүмкін болатынын түсі¬не отырып, Қазақстан 2006 жылғы 21-22 қыр¬күйек аралығында Астана қаласында “Трансконти¬нент¬тік транзит — қазір¬гі заманғы көлік жүйесі” атты VІ “Тран¬сеу¬ра¬зия-2006” халықаралық конфе¬рен¬циясын өткізгелі отыр, ол Еуропа, Азия, ТМД, Бал¬тық елдерінің көлік ведомстволары, сондай-ақ халықаралық көлік ұйымдары мен қаржы инсти¬тут¬тары басшылары үшін келіссөздер жүргізу орны болмақ.
Біз қазіргі даму кезеңінде Қазақстан Республи¬касының транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін аса қолайлы алғышарттар қалыптасқанын түсінеміз. Олардың – бірі Еуропа және Азия елдері арасындағы серпінді дамып отырған сауда-өнеркәсіптік тауар алмасу. Оның өзі жаңа, барынша ұтымды еуразиялық көлік коммуникацияларын қалыптастыруды ынталандырады.
Мәселен, биылғы жылғы көктемде Әзірбай¬жан¬ға, Грузия мен Түркияға барғанымызда, “Карс-Ахал¬калаки-Тбилиси-Баку” жаңа байланыстырушы темір жол желісі құрылысының жобасымен таныс¬тық. Бұл Карс-Ахалкалаки темір жолын Тбилисиге және Бакуге дейін соза отырып, Ақтау портын іске қосу арқылы Азиядан Еуропаға жүк тасымалдау жөнін¬дегі перспективалы жобалардың бірі болып табылады, ол жүктерді Азиядан Еуропаға 12-15 күннің ішінде жеткізуге мүмкіндік береді, бұл теңіз көлігінен екі есе жылдам.
Сондай-ақ, халықаралық транзит тұрғысынан алғанда аса маңыздылардың бірі Қазақстан-Қытай шекарасындағы Достық-Алашаңқай өткелі болып табылады. Бүгінде ол Трансазия темір жол магис¬тралі¬нің негізгі буыны. Таяу арада Достық-Алашаң¬қай шекаралық өткелін (жүк өткізу қабілеті жылына 25 млн. тонна) дамыту және Сарыөзек-Қорғас жаңа темір жол желісін (жүк өткізу қабілеті жылына 25 млн. тонна) салу жөніндегі іс-шаралар басталады. Бұл екі жобаны іске асыру Көлік стратегиясы шең¬берінде көзделген және олар Азиядан Еуропаға жүк тасымалдаудың ажырамас буындары болуы тиіс.
Достық стансасы мен Ақтоғай-Достық учас¬ке¬сі¬нің жылына 25 млн. тоннаға дейін жүк тасы¬малдау және өткізу қабілетіне қол жеткізу үшін, сондай-ақ Достық кентін әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін Достық халықаралық шекара өткелі мен Ақто¬ғай-Достық темір жол учаскесін одан әрі дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы әзірленді, онда тек стансаның өзін ғана емес, сондай-ақ оған іргелес аумақ пен кент инфра¬құры¬лымын дамыту да көзделеді.
Жалпы контейнерлік тасымалдың үлесі артып келе жатқанын, 2005 жылы Қазақстан темір жол¬да¬ры бойынша, соның ішінде Еуропа-Азия аралы¬ғында транзитпен тасымалданған контейнерлердің саны 2004 жылмен салыстырғанда 14%-ға артқанын ескере отырып, біз контейнерлік тасымалдарға ерек¬ше назар аударудамыз, осыған байланысты үсті¬міздегі жылдың аяғына дейін Қазақстан Рес¬публикасының темір жол көлігінде жүк тасымалын контейнерлендірудің 2007-2012 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданады. Осыған орай, Қазақстан қытайлық, ресейлік, украиндық және беларустік әріптестерімен бірлесіп Үрімші-Новороссийск, Үрімші-Мәскеу, Үрімші-Санк-Петербург, Үрімші-Слав¬кув, Үрімші-Брест бағыттары бойынша кон¬тей¬нерлік пойыздарды өткізуді ұйымдастыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде.
Қазақстанның транзит бойынша әріптестермен тығыз ынтымақтастықта транзиттің қолайлы және пайдалы шарттарына қол жеткізуі бірқатар эконо¬микалық мәселелердің оң шешілуіне ықпал ететін болады. Мәселен, ағымдағы жылғы тамыз айының ортасында Қазақстан Республикасы мен Ресей Феде¬ра¬циясы көлік министрліктері арасында қазақстан¬дық жүктерді Ресей аумағы арқылы, ресейлік жүкті Қазақстан аумағы арқылы өткізуде қолайлы жағдай жасау туралы келісімге қол қойылды. Айырықша тарифтік шарттарды ұсыну арқылы әлеуметтік мәні бар көмір және астық тәрізді жүктердегі көлік құрамдастығынан үлесін 30%-ға дейін төмендеттік. Сонымен бірге, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Ресей жағымен экспорттық-импортты тарифтерде бізге жеңілдіктер беру жөнін¬де келісімге қол жеткіздік. Осының нәтижесінде жүктердің негізгі түрлерінің тарифтері 30-50%-ға төмендетілді.
Бұдан тыс, жүктерді тасымалдауды ресімдеу мен жүк тарифтерін қолдануда жүк жіберушілер мен те¬мір жол әкімшіліктері арасындағы қарым-қаты¬нас¬ты реттеу мақсатында екі елдің үкіметтері арасында Ресей аумағында орналасқан Қазақстанның темір жол учаскелері бойынша және Қазақстан аумағын¬да орналасқан Ресей темір жол учаскелері бойынша та¬сымалдау төлемдерін төлеудің және жүк тасымал¬дବрын ресімдеудің тәртібі туралы келісімге қол қойылды.
Қабылданған келісімдер экономиканың та¬сымал¬дарға деген қажеттілігін қанағаттандыруға және экспортқа шығарушылардың әлемдік рынокқа қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған екі елдің темір жолдарының тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні ұзақтығы 128 мың км. автомобиль жо묬дарының 88 мыңы жалпы пайдаланымдағы авто¬жо묬дарға жатады, бұл республика экономикасының одан әрі өсуіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі.
Автожолдардың әлеуметтік маңыздылығын ес¬ке¬ре отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамта¬мବсыз ету, автомобиль жолдарының және жасанды құ¬рылыстардың сенімділігін, жол жұмыстарының құ¬нын төмендету, сондай-ақ автомобиль жолдарын салудың, қалпына келтірудің және пайдаланудың са¬пасын арттыру еліміздің автомобиль желісін одан әрі дамытудың басты критерийлері болып табылады.
Халықаралық тасымалдарды қамтамасыз ету үшін Қазақстан 11 халықаралық конвенция мен келісімге қосылды, 32 елмен екі жақты үкіметара¬лық келісім жасады және әлі де 18 елмен шарт жасасу жөнінде жұмыстар жүргізуде, сондай-ақ барлық халықаралық көлік дәліздерін кезең-кезеңімен қайта жаңартуды жүргізіп отыр.
Сонымен бірге барлық халықаралық ұйымдар мен біздің шетелдік әріптестерімізбен екі және көпжақты құжаттарды жетілдіру, шекарадан өту рәсімдерін жеңілдету мен жасанды кедергілерді жою жөнінде тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Еліміздің аэронавигациялық қызметтерін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесін дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленуде.
Тұтастай алғанда Қазақстанның авиакөлік жүйесін тиімді дамыту ірі ұлттық авиакомпаниясыз, яғни жетекші авиатасымалдаушысыз мүмкін емес. “Эйр Астана ” АҚ-тың стратегиялық жоспарына сәйкес 2015 жылға дейін жолаушы тасымалы көле¬мі¬нің өсуі жылына орта есеппен 18% болады деп жоспарлануда. Одан тыс, ішкі жолаушы тасымалы рыногы 2015 жылы айтарлықтай өседі. Сарап¬шы¬лар¬дың болжауынша, халықаралық жолаушы тасы¬малы 2005 жылғы 1,24 млн. жолаушыдан 2015 жылға қарай 6,6 млн. жолаушыға дейін өседі. 2008 жылға дейін қазақстандық жетекші авиатасы¬мал¬даушы “әуенің алтыншы еркіндігі” атты авиаком¬пания¬ның деңгейіне дейін көтерілуі тиіс, яғни Еуро¬па¬дан Қазақстанға және Қазақстан-Азия ба¬ғыт¬¬тарының өзара жалғасқан желісін құру жолы¬мен Азиядан Еуропаға және кері бағытта Қазақ¬стан¬ның тран¬зит¬тік әлеуетін пайдалана отырып жолаушыларды та¬сы¬малдауға қол жеткізілуге тиіс. Сөйтіп, авиаком¬па¬ния тек Қазақстан авиациялық рыногы мүмкін¬дік¬терін пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар халықаралық авиациялық рынокқа да шыға алады.
Көлік дәліздерінің бәсекелестікке қабілеттігін қамтамасыз ету және транзит ағындарын ұлғайту тиісті инфрақұрылымды дамытумен тығыз байла¬нысты, сондықтан да біз осы бағытта белсенді жұмыстар жүргізудеміз.
ІV. Қазақстан — өңірлік көлік “хабы”
Әлемдік статистика көрсетіп отырғандай, ІЖӨ сер¬піні авиатасымалдар жалпы көлемінің серпінін анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Бұл рет¬те авиатасымалдар көлемі өзгеруінің ІЖӨ-нің өз¬геруіне қатынасы кейбір елдерде 1,5-тен 2-ге дейінгі мәнді құрайды, бұл ІЖӨ 1% өскенде авиата¬сы¬¬малдар көлемі орта есеппен 1,5-2% өседі деген сөз.
Біз әлемдегі ең ірі авиатехникалық орта¬лық¬тар¬дың бірі “Sіngapore Technologіes Aerospace” компа¬ния¬¬сымен мемлекетіміздің елордасы Астанада батыс ұшақтарына қызмет көрсететін тартымды тех¬ни¬ка¬лық орталық құру жөнінде келіссөздер жүр¬гі¬зудеміз. Жоспарланған техникалық орталық авиа¬циялық қызмет көрсетуде қазақстандық рынок сұра¬нысын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қоса аумақтық деңгейге шығатын болады, себебі аумақ¬та мұндай қызмет көрсетуге сұраныс ұдайы өсуде. Еуро¬па-Оңтүстік-Шығыс Азия аралығында тран¬зитпен Қазақстан арқылы өтетін әуе қозға¬лы¬сы¬ның трафигінің өсуінің оң үдерісін бақылау, со¬нымен бірге Federal Express, Luftgansa Cargo сияқты және басқа компаниялардың отандық әуежайларға тартылуына қарап республикадағы халықаралық әуежайлардың едәуір дамығандығы туралы айтуға болады.
Сондай-ақ біз қазіргі заманғы әуе кеме¬лері¬нің қозғалтқыштарын жөндейтін зауыт салудың жобасы жөнінде “General Electrіc” компаниясымен келіссөздер бастадық, осы жағдайда біз бұл қызмет түріне сұраныс тек қазақстандық авиакомпаниялар ғана емес, алыс және жақын шет ел¬дер¬дің авиакомпанияларында да болады деп есептейміз.
Бүгінгі күні Қазақстанның аумағы бойынша республикада бар көлік инфрақұрылымы негізінде мынадай халықаралық көлік дәліздері: Трансазия темір жол магистралінің Солтүстік дәлізі (ТАТМ), ТАТМ Оңтүстік дәлізі, ТРАСЕКА, Солтүстік-Оң¬түстік ортаазиялық дәліз өтеді және қалыптасуда. Трансазия темір жол магистралінің басты буыны Достық-Алашаңқай шекара өткелі болып қалмақ.
Еуропа мен Азия арасындағы көлік байланыс¬тарын одан әрі жетілдіру мақсатында 2006 жылғы 27 шілдеде Астана қаласында Әзірбайжан Республи¬ка¬сы, Грузия, Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы мен Қазақстан Республикасы минис¬трлерінің кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында министрлер Еуропа-Азия қатынасындағы халықаралық көлік дәліздерін дамыту мәселелерін талқылады.
Бұл ретте осы кеңесте Әзірбайжан Республика¬сы¬ның, Грузияның және Түрік Республикасының көлік министрлері “Карс-Ахалкалаки- Тбилиси-Баку” темір жол желісінің құрылысын бастау туралы хат¬тамаға қол қойғанын, онда да қатысушы елдер¬мен қоса Қазақстан мен ҚХР-дың ортақ пікірі бой¬ын¬ша, бұл желінің Кавказ арқылы өтетін Еуропа-Азия көлік дәлізінің ажырамас бөлігі болатындығын ерекше атаған жөн.
2006-2008 жылдардағы кезеңде біздің күш-жігері¬міз негізінен Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас; Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе-Орал-Самара; Алматы-Қарағанды-Астана-Петро¬павл; Астрахан-Атырау-Ақтау-Түркіменстан ше¬ка¬ра¬сы; Омбы-Павлодар-Семей-Майқапшағай; Аста¬на-Қостанай-Челябі бағыттарында автомобиль жол¬дарын қайта жаңартуға және ауылдық жерлердегі авто¬мобиль жолдарын қалпына келтіруге жұмса¬латын болады. Бұдан басқа, Қиғаш өзені арқылы өтетін көпір құрылысын аяқтау жоспарлануда. Үстіміздегі жылы Риддер-Ресей Федерациясының шекарасы автожолын салу аяқталмақ.
Қазақстан Республикасының теңіз және өзен көлігін дамыту мақсатында біздер қолданыстағы және дамып келе жатқан порттардың өндірістік қуат¬тарын өңірде жүкті тиеп-түсірудің болжамды өсуін қамтамасыз ететін деңгейге дейін кеңейту жөнінде жұмыс жүргізудеміз, сонымен қатар Маң¬ғыстау облысы Түпқараған шығанағындағы кемелер қозғалысын басқару жүйесін құру, біздің еліміз үшін де және бүкіл өңір үшін де білікті мамандар дайындауды ұйымдастыру үшін Қазақстанда теңіз оқыту-жаттығу орталығын құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
V. Көлік — инвестициялар үшін тартымды сектор
Бүгінгі күні көліктегі инфрақұрылымдық міндеттерді шешу үшін Көлік стратегиясы шеңберінде жалпы сомасы шамамен 3,4 триллион теңге болатын ондаған инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде ұсыныстар пысықталуда.
Қазақстан Үкіметі концессиялық негіздегі ин¬вестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған базаны қамтитын бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттар қабылдады. Ықтимал концессионерді белгілеу жөнінде конкурс өткізу ережесі әзірленді және қабылданды. Қазіргі уақытта концессия негізінде іске асырылуға жататын инвестициялық жобалар тізбесі әзірленуде.
Көлік стратегиясына сәйкес, мемлекеттік бюд¬жет¬ке түсетін салмақты азайту мақсатында инфра¬құры¬лым¬дық жобаларды іске асыру кезінде мем¬лекет пен жекеменшік сектордың әріптестігі кеңі¬нен қол¬да¬нылатын болады. Жаңа инфра¬құры¬лым нысан¬дарын салуға жекеменшік бастама¬ларды тарту үшін концессиялық сызбалар тиімді пайдаланылатын болады.
Мұндай нұсқа нысанның концессионер есебінен салынуын көздейді, кейін концессионер өзі құйған инвестицияны өтеу үшін жеткілікті мерзім ішінде оны пайдалану құқығына ие бола¬ды. Концессия мерзімі аяқталғаннан кейін нысан мемлекетке басыбүтін беріледі. Концессиялық не¬гіз¬де жүзеге асыруда ең тартымды жобалар темір жол көлігіндегі жобалар, азаматтық авиацияда жерүсті инфрақұрылымдарын, теңіз инфра¬құры¬лымдарын жаңарту мен көлік-логистикалық орта¬лықтар болып табылады. Одан тыс, біз мем¬ле¬кет¬тік-жекеменшіктік негізде инфра¬құры¬лымдық ин¬вес¬тициялық жобаларды жемісті жүзеге асы¬рып жүр¬ген елдердің озық тәжіри¬бе¬лерін мұқият зерт¬¬теудеміз және автожол сек¬торына жекемен¬шік инвестицияларды тартуды жоспарлаудамыз.
VІ. Мультимодальдық тасымалдарды дамыту
Транзитке арналған стратегиялық пункттер¬дегі логистикалық кешен жүйелері транзиттік желінің негізгі тіректі тораптары болуы тиіс.
Көлік стратегиясына сәйкес Еуропа-Азия бағытындағы мультимодальды тасымалдарға қызмет көрсететін ел ішіндегі негізгі “хабтарды” белгілеп қойдық. Жаңа көлік-логистикалық орталықтар еліміздің барлық ірі қалалары мен өңірлерінде құрылатын болады. Айталық, қазіргі уақытта Алматы қаласында қолданыстағы “Астана-Контракт” АҚ контейнерлік терминал негізінде “Алматы қаласында көлік-логистикалық орталық құру” жобасы іске асырылуда, Ақтау портында Қытаймен шекаралық өткелде Қорғас стансасында көлік-логистикалық орталықтар құру жөнінде жұмыс жүргізілуде.
Қазақстанда көлік-логистикалық орталық құру “ТРАСЕКА” және “Солтүстік-Оңтүстік” халықаралық көлік дәліздері шеңберінде барлық көлік түрлерінің өзара үйлесімді қызмет етуі үшін жағдай қалыптастырады, сондай-ақ негізгі жүк ағыны контейнерлік жүктер болып табылатын транзиттік тасымалдар үлесін барынша арттыруға мүмкіндік береді.
“ТРАСЕКА” және “Солтүстік – Оңтүстік” ХКД шеңберінде жүк тасымалдарын едәуір арттыру қамтамасыз етілетін болады. Болжам мәліметтері¬не сәйкес Ақтау портында КЛО құру жүк ағынының қосымша өсімін жылына 30% дейін арттыруға және транзиттік тасымалдар көлемін жылына 1,5-2,0 млн.тоннаға дейін арттыруға алғышарттар жасайды.
Көліктік үдерістерді ақпараттық қамтамасыз ету Көлік стратегиясы шеңберінде көлік саласын¬да қазіргі заманғы технологияларды пайдалану¬дың және инновациялық дамудың маңызды бағыты болып табылады, ол мыналарды қамтиды:
*экспедиторлар мен тасымалдаушылар қауымдастығын, операторлар мен олар көрсететін қызметтер бойынша дерекқор құруды және дамытуды ынталандыру;
*бағыттар мен жолдардың жай-күйі, жол жүру бағыттары, жол бойы инфрақұрылымы нысан¬дары¬ның орналасуы тура
Қазақстанның көлік кешені
Жарияланды 18-02-2014, 21:07 Категориясы: География
География 9 класс
Тақырыбы: Қазақстанның көлік кешені
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақстанның көлік кешені мен оның түрлерімен, атқаратын қызметімен таныстыра отырып мемлекетіміз үшін қаншалықты маңызды екенін ұғындыру толық мәлімет беру.
Дамытушылық: Қазақстандағы көлік түрлерімен, олардың таралған аймақтарымен таныстыру, өз - ойын еркін жеткізуге, белсенділікке, білімділікке дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып отансүйгіштікке, адамгершілікке тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстанның көлік картасы, суреттер слайд, видео, жетондар,
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: Ойын, Сын тұрғысынан ойлау, схема топтама жасау әдісі.
Пәнаралық байланыс: Тарих, физика
Күтілетін нәтиже: Терминдік сөздерден түсінік алады, мамандық таңдауға үлесін қосады. Пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру: 1. Амандасу.
2. Сыныпты түгендеу.
3. Сабаққа икемдеу.
II Жаңа сабақ:
1. Көлік экономиканың «қан жүргізетін» жүйесі.
2. Құрлық көлігі.
А. Автомобиль көлігі.
Б. Теміржол көлігі.
3. Су көлігі.
4. Әуе көлігі.
5. Байланыс құралдары.
Қазақстандағы көлік жолдары
Автомобиль көлігі
- Қазақстан автомобиль жолының ұзындығы 95 мың км;
- Республикалық деңгейдегі жалпы ұзындығы 22, 2% құрады;
- Жергілікті деңгейдегі жалпы ұзындығы 77, 8% құрайды;
- Халықаралық маңызы бар жолдардың ұзындығы 12, 4 мың км;
- Анағұрлым ыңғайлы;
- Басқа көлік түрлеріне қарағанда жүк пен жолаушы тасымалдауда жетекші орын алады;
- Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын байланыстырады;
- Ауыл мен қаланы байланыстырады;
- Қазақстанда ірілі - ұсақты жолдардың шаруашылық үшін маңызы зор.
Есеп.
Екі автомобильге бірдей мөлшерде 5 тоннадан жүк тиелді. Біріншісі оны 10 км қашықтыққа, екіншісі 100 км - ге тасып апарды. Олардың қайсысы көп жұмыс атқарды?
Жауабы:
Екінші автомобиль жүкпен үлкен жол жүріп өткендіктен, көп мөлшерде жанар - жағармай жұмсады, демек оның ақшамен есептегендегі жұмысы да, жүкпен жүрген жолы да көп. Біздегі мысал бойынша, бірінші автомобиль 50 тонна - километр (т км), ал екіншісі - 500 т км жүк тасымалдад
еография 9 сынып күні 30.01.2015
4 апта
2 күн 40 сабақ
Сабақтың тақырыбы
Көліктің түрлері және елдің көліктік-транзиттік әлеуеті
Сілтеме
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер (Нұсқаулық 32-42 беттер), диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлануды дамыту ( Нұсқаулық 50-55 беттер, Александер 2001,2008: «Диалогты оқыту») География 9 сынып
Жалпы мақсаттар
Білімділік.: Әлеуметтік инфрақұрылым кешені туралы түсінік беріп, көзқарастарын қалыптастыру. Оның мақсатымен танысу, оның тұрмыстық қызмет көрсету, Қазақстандағы әлеуметтік инфрақұрылым қызметінің даму деңгейін анықтау.
Дамытушылық : Қазақстанның инфрақұрылым кешені туралы білімдерін бектіп, картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, қоршаған ортаны қорғау қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке баулу.
Оқыту нәтижесі
Көліктің түрлері және елдің көліктік-транзиттік әлеуеті туралы білімдері қалыптасады
Түйінді идеялар
Оқушылардың көзден тыс қалған қасиеттерін анықтау, бағдарламаның модульдерін ұштастыра отырып, сабақты тиімді өткізу;
Топпен жұмыс істеу қабілеттілікғтері
Тақырып бойынша білімдерін анықтау
Сыни тұрғыдан ойлануға бағыттау
Диалог құру арқылы тапсырмалардың шешімін табу
Мәтін, атлас және кескін карта мен топтаса отырып жұмыс істеу қабілеттіліктерін анықтау
Тапсырмалар
Жаңа тақырып
Білу: 1 Көліктің түрлері және елдің көліктік-транзиттік әлеуеті
Түсіну: 2 Көлікті неліктен өндірістік салаға жатқызатынын
Қолдану: 3 Көліктің әр түрінің маңыздығы және болашағы
Талдау: 4 Газ құбыры, автомобиль және басқа түрлерінің картасы, бағыттары олардың маңызы
Синтез: 5 Темір жол және автомобиль көліктерінің бәсекелестігі
Жаттығулар
Т-кестесі стратегиясы бойынша
Үйге үйреніп келуге
33-34 тақырыпты оқу, кескін картаға көлік түрлерінің бағыттарын түсіру.
Дарынды оқушыларға – көлік түрлерінің болашағы.
Бағалау
Кері байланыс
Аты-жөні
Мәтін мен жұмыс
Диалогқа қатысуы
Ойын қорғау
Атлас және карта мен жұмыс
Қорытынды баға
Сабақтың барысы: 40 сабақ
Сабақтың құрылымы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Берілген уақыт
Оқушының іс-әрекеті
Топтастыру
Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Қазақстанның көлік түрлері бойынша топқа бөлу
3 мин
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
Қазақстанның көлік түрлері бойынша топқа бөлінді
Ой түрткі
Өз ауылымызда көліктің қандай түрлері бар?
5 мин
Өз ойларын топ ішінде талдап, ойларын қорғайды
Топпен жұмыс
ДЖИК СО-стратегиясы бойынша:
1-топ : Көлік кешеніне жалпы шолу
2-топ: Еліміз үшін темір жол – көліктің басты түрі екендігін дәлелдеу
3-топ:Су және әуе көлігінің маңыздығын түсіндіру
4-топ: Құбыр желісі мен телекоммуникацияға сипаттама беру
5-топ: Экперттер : Қазақстанның көліктік-транзиттік әлеуетімен қоршаған ортаны қорғау туралы баяндау
35 мин
Идеяларын ортаға салу. Қорғау. Топ ішінде мәтінді талдап, атлас және карта мен жұмыс істелінді; бір-бірімен диалогқа түседі, ес картасын құрастырады
Тексерілді :
Т-кестесі №1
Петропавл-
Ақмола-Қарағанды-
Моинты-Шу
Орынбор-
Ташкент
95 мың км
1,5млн.т
Құрғақ,
8млн.т
Сұйық күйдегі
Жүк тасм
1927-
1930жж
Эйр
Астана
Әуе компа
ниясы
12,4 Мың км
1317 км
8,56 км
Ескі темір жол
+
Турксиб
Инфрақұрылым[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Инфрақұрылым - (латынша Infra - төменгі, астыңғы, structura - құрылыс, орналасу) - экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым - жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым - тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.).
Материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.[1]
Дереккөздер[өңдеу]
Жоғарыға көтеріліңіз↑
Индустрияландыру дегеніміз не:Халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру инфраструктураның дамуымен жәңе индустрияланған халықтың пайда болуымен жүзеге асуы.
спросил от zhann в категории Искусство и Культура
+
Трансқазақстан
Темір жолы
+
Қазақстанда
автомобиль
жолы
+
Халықаралық
Маңызы бар жол
+
Ақтау порты
+
Ішкі жолаушы тасмалының 80%
+
Мұбәрәк-Ташкент-
Шымкент-
Тараз-Бішкек-
Алматы газ құбыры
+
Метро
+
Т-кестесі №2
Ұзындығы
2505 км
2006ж
Іске қосылды
53%
Батыс
Қаз-н
Экон.
аудан
Орталық
Азия-
Орталық
Бұхара
22,2%
146
км
150
км
184
км
Орал магистральды
Газ құбыры
+
2004 ж Атасу-Алашаңқай мұнай құбыры
+
Теңіз-Харг құбыр жолы
+
Кеңқияқ-Атырау,
Қарашығанақ-
Атырау мұн-газ құб
+
Жоғарғы
Дәрежелі
жолдар
+
Республика
Деңгейдегі автомобиль
жолы
+
2012 жылы
Өзен-Түркменстанмен
Шекрксында темір жол
+
Аксу(Павлодар)-
Конечная(Семей)
Темір жолы
+
2008 жыл
Өскемен-Шар
Темір жол
Достарыңызбен бөлісу: |