Сабақ Бөлім: 1-бөлім: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі



Дата26.10.2023
өлшемі172,29 Kb.
#188388
түріСабақ
Байланысты:
Қмж 11жмб Тіл тарихтың айнасы.

Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 1-сабақ





Бөлім:

1-бөлім:
Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі



Педагогтің тегі, аты,
әкесінің аты :


Күні:


Сынып: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

Тіл –тарихтың айнасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
11.4.5.1 - мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу ;

Сабақтың мақсаты

Мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, тиісті ақпаратты анықтай алады, мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
7 минут



Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ой шақыру
Берілген сөйлемдерді оқып, өздерің қалаған бір пікірдің төңірегінде ой бөлісіңдер.
1.Тарих дегеніміз – өткеннің сабағы ғана емес, ол –болашақтың көрінісі.
2.Тарих жолы қашанда тайғақ.
3.Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақшы.
4.Халықтың тілінде оның тарихының іздері айқын көрінеді.
5.Тіл- әрі тарих, әрі мәдениет көрсеткіші





Берілген сөйлемдерді оқып, өздері қалаған бір пікірдің төңірегінде ой бөліседі.



Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!






Сабақтың
ортасы
15 минут

15 минут



1.Мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдап, мәтіннің мазмұнына болжам жаса. Қандай мәселе сөз болуы мүмкін? Толық тыңдап болғаннан кейін, өз болжамыңды салыстыр.

2. Суреттерде берілген әліпби нұсқаларының қазақ тарихымен қандай байланысы бар? Өз пікіріңді сабақ тақырыбымен ұштастырып тұжырымда.





4-тапсырма

Берiлген мақалдар мен нақыл сөздерді оқып, мағынасын таратып айт. Олардың қайсысы мазмұны жағынан бір-бірімен үндеседі? Ойыңды дәлелде. Тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсіндір.


1) Тiл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. 2) Жақсы сөз – жарым ырыс. 3) Сөз жүйесiн тапса, мал иесiн табады. 4) Жанды жаралайтын да сөз, емдейтiн де сөз.
5) Шешеннiң сөзi ортақ, шебердің бізі ортақ. 6) Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар. 7) Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың.

Оқушы мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселеге қатысты болжам жасайды.

Берiлген мақалдар мен нақыл сөздерді оқып, мағынасын таратып айтады.


Мақалдар мен нақыл сөздердің мағынасын таратып айт. Қайсысы мазмұны жағынан бір-бірімен үндеседі? Тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсіндір.



Дескриптор
Білім алушы
- мазмұны бойынша өз болжамын айтады; 2 балл
- мәтін тыңдау барысында өз болжамын салыстырады; 2балл
-қазақ әліпбиіне қатысты өз көзқарасын жеткізеді;2балл
-сұрақтарға жауап береді;1 балл
-сыни тұрғыдан өз ойларын тұжырымдап, баға береді; 1балл


Дескриптор
Білім алушы
- мақал мен нақыл сөздер мағынасын таратып айтады;1 балл
- мазмұны жағынан бір бірімен үндесетінін табады; 1балл
-тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді;1 балл


Сабақтың аяқталуы
8 минут

Кері байланыс «Бургер» әдісі

Үйге тапсырма: 8-тапсырма



Бургер әдісі арқылы мен білдім, мен үйрендім, маған ұнады,мен үшін қиын болғаны туралы жазады.





Тексерілді:________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет