Басы
|
(МК. Ұ. ОТ)
1-тапсырма. Суырыпсалма.
«Менің есімім» (ойын)
(М) Оқушыларды ойынның шартымен таныстырады.
1. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Әр бала өз есімін буынға бөліп, әндетіп айтқан кезде ұрмалы аспаппен әр буынды сүйемелдейді. Мысалы: Ай-нұр (екі буынды есімді аспаппен соғып көрсетеді.
2. Мұғалімнің сұрағына жауап бергенде өз есімін қалаған әуенге салып, әндетіп айтады.
|
Ойын шартымен танысады және сыныппен бірге талаптарын сақтап орындайды.
|
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия
|
Ортасы
|
(МК. Ұ. ОТ)
2-тапсырма. Тыңдау. Талдау. Орындау
(М) Тапсырма алдында шулы және музыкалық дыбыстар тулары әңгіме бастайды. Бейнетаспаны көрсетеді. Өз тәжірибесімен байланыстырып, келесі сұрақтарға жауап беруді ұйғарады.
Тапсырма сұрақтары:
Шулы және музыкалық дыбыстардың айырмашылығы бар ма?
Оқулықтағы суреттермен жұмыс.
-Берілген суреттердің қайсысы шулы, ал қайсысы музыкалық дыбыстарды бейнелейді?
-«Шулы және музыкалық дыбыстар» деген жаттығуды сыныппен бірге мұғалімнің талабы бойынша орындайды:
Шу-шу, шу-шу, шу-шу, шу-лы ды-быс-тар (жаттығу бір дыбыста сыбырлап айтылады)
Му-зы-ка, му-зы-ка, му-зы-ка-лық ды-быс-тар (жаттығу әуені мұғалімнің қалауы бойынша)
-«Музыка» дегенді қалай түсінесің?
(М) «Алтын күз» (Әнін жазған: С.Еркімбеков) Оқушыларға музыканы тыдау әдістемесі бойынша тыңдатады.
Тапсырма сұрақтары:
-Шығарманы басынан аяғына дейін зейін қойып тыңда. Түсінгеніңді айтып бер.
-Музыка қандай көңіл күйде орындалады? (көңілді, көңілсіз, нәзік, ойлы)
-Күзді неге «алтын күз» деп атайды?
-Музыканы тыңдағанда көз алдыңа не елестеттің?
Музыканы дұрыс түсіну үшін:
- басынан аяғына дейін зейін қойып тыңдау;
-музыканың атауына көңіл бөлу;
-музыканы есте сақтау үшін бірнеше рет қайталап тыңдау керек.
|
Мұғалімнің шулы және музыкалық дыбыстар туралы әңгімесін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Оқулықтағы суреттермен жұмыс жасайды, «Шулы және музыкалық дыбыстар» деген жаттығуды мұғалімнің талабы бойынша орындайды.
«Алтын күз» пьесасын музыка тыңдау талаптары бойынша тыңдайды және берілген сұрақтарға әңгіме барысында жауап береді.
«Менің Отаным» әнінің екінші шумағын үйретеді, мәнерлеп әдемі айтуға тырысады.
|
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия
Сольфеджио сабақтары. Музыкалық және шулы дыбыстар.
«Алтын күз» (әнін жазған: С.Еркімбеков)
Менің Отаным (өлеңін жазған: Б.Ысқақов, әнін жазған: Ө.Бәйділдаев)
|
Соңы
|
(МК. Ұ. ОТ)
(М.О) Бағалау:
- «Менің Отаным» әнін қалай орындадым?
- Әнді орындағанда қандай қиындықтар болды?
Бірінші тоқсанда әліппені жаңа бастап, оқу мен жазуды білмеген бірінші сынып оқушыларының алған білімдерін «Бағдаршам» әдісі негізінде бағалауға болады.
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл-бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.
|
Қойылған сұрақтарға өз ойларын ашық айтады.
|
|
«Бағдаршам» әдісі туралы
|