Сергіту сәті. У-у-у, Желбіреген Ту! Ел-ел-ел,
Соқты самал жел, Қазақстан – туған ел!
– ы – і, ұ – ү
3-жаттығу. Сөз жұптарын меңзермен көрсету.
4-жаттығудажатқа жазу тапсырмасы берілген. Алдымен жаңылтпашты мұқият түсініп оқып, жаттайды, содан кейін жатқа жазады.
жаттығуды орындайды.
құз он
тұр сұр
сүр үш
ұш түр
өн күз
жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазады.
Соңы
«Менен сұрақ, сізден жауап». Оқушы сұрақтарға нақты жауап беру керек. Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
«Менен сұрақ, сізден жауап» Жаңа сабақты бекіту мақсатында қойылған сұрақтарға жауап береді.
«Бас бармақ» арқылы бағалайды.
Сұрақтар жазылған парақтар
77
78
Сөздердің жуан айтылуы неге байланысты? Жуан және жіңішке дыбыстарды ата.
Жіңішке айтылатын сөздерге мысал келтір. Жұп дауыстыларды ата.
Жуан және жіңішке дауысты сөздерге мысал
келтір.
Кері байланыс
Кері байланыс: «Рефлексиялық шеңбер» Оқушылар шеңбер құрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды? Неліктен?
Бүгін не білдің? Сен үшін не жаңалық болды? Сабаққа қатысуыңды қалай бағалайсың?
Сабақта қандай қиындықтар туындады? Сабақ аяқталғанда көңіл күйің қандай болды?
Неліктен?
Шеңберде тұрып, сұрақтарға жауап береді.
19-сабақ
Бөлім:
Буын және тасымал
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сынып:
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Диктант. Қаңтар
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу;
1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою
Сабақтың мақсаты
Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту және есте сақтау арқылы жазады. Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қояды.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Шаттық шеңберіне» тұру.
Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге.
– Балалар, көңіл күйлерің қалай? Егер жақсы
болса, қол шапалақтаймыз.
Барлығы қуана дауыстап бірге айтады.
Таныстырылым
Ортасы
«Миға шабуыл» Сұрақтар:
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
Сөз дегеніміз не? Қыс сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар? Сөйлем деген не? Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылады?
Жазылымға дайындық:
Қазір қай ай? Ауа райы қандай? Бейнекөріністен не ұнады? Қандай күйге ендіңдер? Қыс келбеті қандай екен? Қаңтар деген сөздің айтылуы да, жазылуы да бірдей екеніне назарларын аударту.
Ендеше, қазір сендер «Қаңтар» деген тақырыпта диктант жазасыңдар. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Жазылым кезеңі. Мұғалім мәтінді бір орында тұрып оқиды. Мәтінді дауыстап, асықпай оқып шығады. Сосын оқушылардан мәтінде кездескен мағынасы түсініксіз сөздер жайлы сұрайды. Оқушы жауаптарынан соң, сөздік жұмысы жүргізіледі. Жазылуы қиын сөз болған жағдайда тақтаға жазып қоюға болады. Мұғалім сөйлемді толық оқып береді. Содан кейін сөйлемнің алғашқы сөзінен бастап сөзді бір рет қана оқиды (бір сөзді екі немесе бірнеше рет қайталауға болмайды).
Сөйлем аяқталған соң, балалардың жазып үлгерген, үлгермегенін тексеру үшін сөйлемді бір
Сұрақтарға өздері білетін білімдерін пайдаланып жауап береді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындауға ынталанады. Интербелсенді тақтаға назар аударып, қыс келбеті суреттелген бейнекөріністі тамашалайды.
https://youtu.be/CqKivRzAcvk
Диктант
Қаңтар
Қаңтар айы келді. Жер бетін ақ қар басты. Айнала ақ көрпе жамылды. Аяз бет қариды. Далада жүрсең, кірпігіңе қырау тұрады.
(20 сөз) Түсіндірілетін сөздер: қырау,қариды.
79
80
рет қайта оқиды. Тыныс белгісі қойылатынын хабарламайды. Сөйлем ұғымының ережесі оқушыларға таныс болғандықтан, мұғалімнің дауыс ырғағынан байқап, тыныс белгісін өздері қойып отырулары қажет. Егер кейбір тыныс белгілері өтілмеген ережеге сәйкес келсе, мұғалім ескертіп айтады. Мәтін аяқталғаннан кейін, басынан бастап толық бір рет оқып шығады.
Мұнда оқушылар өздерінің жазған жұмыстарын тексеруге мүмкіндік алады.
Дескриптор:
сөйлемді бас әріптен бастап жазады;
тиісті тыныс белгісін қойып жазады
Мәтінді екінші рет тыңдайды.
Жеке-жеке сөйлемді тыңдап жазады. Сөйлемді бас әріптен бастап жазады. Тиісті тыныс белгілерін қояды.
Соңы
Қыс мезгілі жайлы сюжетті суреттер көрсетіледі.
Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастырып айтады.