Сабақтың ортасы (31 мин.)
|
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін).
Мəтінмен жұмыс «ДЖИГСО» əдісі
«ДЖИГСО» əдісімен жұмыс ақпарат алу мен пысықтауға, ойлауға ықпал етеді. Оқытудың осы ұжымдық əдісін жүзеге асыру мақсаты – жалпы мəселені алдымен жұпта, кейін ұжымда талқылау, үйрену мен үйрету. Бұл жағдайда əрбір оқушы бір сəт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Бұл стратегия мазмұнды жан-жақты меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулу мақсаттарында аса тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тəртіп орнайды.
|