Сабақ: Дінтану Өскемен қаласы, 2021 жоспар: Кіріспе



Дата25.12.2021
өлшемі21,59 Kb.
#105046
түріСабақ
Байланысты:
Қазақстандағы діни ахуал


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН


УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Қазақстандағы діни ахуал


Орындаған:3 курс студенті,


Сағындықова Н.К.
Тексерген:Шуршитбай Майра
Мамандық:Шет тілі:екі шетел тілі
Сабақ:Дінтану

Өскемен қаласы, 2021


ЖОСПАР:


  1. Кіріспе

  2. Негізі бөлім
    а) Еліміздегі кең таралған діндер
    б) Экстремизм мен терроризмнің елге тигізген залалы

  3. Қорытынды

Елімізде тәуелсіздік жылдарында орын алған әрқилы саяси-экономикалық өзгерістер уақытында халықтың рухани қабылдауы мен діни өмірлері толығып, енді бір тараптан сан түрлі бағытта дамып отырды. Қазіргі көпұлтты әрі көпдінді мемлекетке айналуымыздың арқасында Қазақстан зайырлы мемлекет болып отыр. Халық, дін және мемлекет арасында біртұтастықтың болуы өте маңызды. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді. Мемлекет – дін қатынастарының күрделілігі мен маңыздылығын түсіну үшін алдымен еліміздегі діни ахуалға шолу жасайық:  Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуал Елімізде негізінен басты екі дін бар десек болады. Олар – ислам және христиандық.

Ресми деректерге сүйенер болсақ, Ислам дінін ұстанушылар халық санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын 24 этникалық топ. Республика халқының 58 пайызы қазақтар және оларға қоса ұйғыр, татар, өзбек, түрік, курд, дүнген, шешен, әзірбайжан, башқұрт, ингуш, балкар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін және оның ішіндегі сүнни (суннит) жолын ұстанады. Тек, әзірбайжан және курд халықтарының бір бөлігі мен шағын ирандық топ ғана шиға (шиит) жолын ұстанады. Бүгінге дейін көп білінбейтін шиғалар, әсіресе, IV Кәрім Ага Ханның (1936- ) елімізге жасаған сапарлары және «Халықаралық тау университетінің» Қазақстан бөлімшесінің ашылуы барысында соңғы жылдары елімізде үгіт-насихаттарын күшейте түсуде .

2004 жылдың басындағы деректерге қарағанда елімізде 1648 мұсылман діни бірлестігі, 1534 мешіт жұмыс істейді. Ал, бүгінгі 2012 жылдары олардың саны көбеюде.  Осы арада ислам дінінің Қазақстанның негізгі діні екенін және халқымыздың тарихында үйлестіруші, ұйымдастырушы һәм біріктіруші күш ретінде ең маңызды орын алғанын атап айтуымыз керек… Қазақстандағы екінші орынды дін христиандықтың бүгінгі ахуалы исламмен салыстырғанда тым күрделі. Біздегі христиандық (мәсіхшілдік) алуан түрлі конфессиялар мен секталардан құралған және бір діни орталыққа бағынбайтын бытыраңқы көрініс береді. Христиандардың басым көпшілігі славяндық православие бағытында. 1956 жылы республика көлемінде 55 православие жамағаты (приход) болса, бүгінгі күні 240 діни бірлестік,  8-12 монастыр жұмыс істейді. Қазақстандағы православие шіркеуінің тікелей Мәскеу Патриархтығына және Қасиетті Синодына бағынатын митрополиттік деңгейіндегі бөлім екенін ескерелік.


Христиандықтың еліміздегі екінші тармағы католицизмді ұстанатын шағын топ. Олардың өзі екі топқа бөлінеді: Рим католик шіркеуі және Грек католик шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында белсенді жұмыс істеуде. Республика көлеміндегі католик жамағаттардың саны 38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Шетелдердегі католик шіркеулері, әсіресе Ватикан және АҚШ-та орналасқан католик ұйымдары Қазақстанда миссионерлік іс-әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Христиандардың саны аз болғанымен ең көп тармаққа бөлінген тобы – протестанттар. Қазақстандағы ең басты протестант шіркеулері Евангелиялық христиан-баптистер, жетінші күннің Адвентистері және Лютерандар. Еліміздегі баптистердің саны 10-15 мың адам, дегенмен олардың жамағаттарының саны 300 мөлшерінде. Кейбір баптист топтардың ресми органдарда тіркелуден бас тартып келе жатқанын да ескерген жөн. Лютерандардың орталығы Астана қаласында орналасқан, 70-тей діни жамағаттары бар, негізінен немістер арасында көп таралған. Адвентистердің де орталығы Астана қаласында. Осы аталған протестант мәзһәбтары (конфессиялары) елімізде тек өткен ғасырда ғана пайда болғаны, Кеңес билігі кезінде (1917-1991) қоныс аударған келімсектер арқылы елімізге келгені белгілі. Жаңа елордамыз Астананың діни орталық ретінде таңдалуы осы шіркеулердің орталық және солтүстік аймақтарда етене жұмыс істеуіне мүмкіндік беруде. Протестанттықтың жаңа формалары, әсіресе, тәуелсіздік жылдарында елімізде өте белсенді миссионерлік іс-қимылдарды жүзеге асырып, бір сыпыра азаматтарымызды өз қатарына тарта білді.

Экстремизм мен терроризм идеологтары дінді пайдаланып, діни риториканың ерекше әдістерін қолдана отырып, халықтың белгілі бір топтарының ой-санасына теріс ықпал еткенін атап өткен жөн болар. Көп жағдайда әлеуметтік белсенділігімен ерекшеленетін, идеологиялық ықпалға тез түсетін қоғамның ерекше тобы саналатын жастар теріс пиғылды діни насихаттық қызмет үшін ыңғайлы нысанаға айналды. Жас ерекшеліктеріне қарай ізденгіш және білуге құмар болып келетін жастар қылмыс әлемінің, соның ішінде шетелдік және халықаралық субъектілердің тарапынан айлакерлікпен жасалған идеологиялық тұзаққа жиі түсетін болды. Бұл орайда қазіргі уақытта мемлекеттің құзырлы мекемелері экстремистік ұйымдардың және олардың идеологтарының қызметін айқындап, тыйым салу бағытында ықпалды шаралар қабылдауда. Сонымен бір мезгілде ақпараттық-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу, әртүрлі діндер өкілдері арасында сұхбат орнату қажет. Рухани-ағарту және тәрбие жұмыстарының сапасын көтеріп, тиімділігін арттыру үшін біз қазақ халқының рухани құндылықтары мен дәстүрлерін, қазіргі жастардың еліктеуіне лайықты қаһарман тұлғаларды белсендірек насихаттауға тиіспіз. Елімізде конфессияаралық қатынастар саласындағы және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатындағы саясатын іске асыру барысында көптеген іс-шаралар барлық аумақтарда өткізіліп жатыр. Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының «мониторин және талдау» орталығы тарапынан қаладағы түрлі әлеуметтік топтар арасында құрамы мемлекеттік органдар қызметкерлерінен, сарапшы-дінтанушылардан, діни конфессия өкілдерінен құралған ақпараттық-түсіндірмелік топтың (АТТ) құрамы құрылғанына біршама уақыт өтті. Бұған қоса қаладағы аудандардан жоғары және арнаулы орта оқу орындары студент жастары, мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік қорғау мекемелері, медицина қызметкерлері, әкімдік құрылымдары және т.б. әскери қызметкерлер, жауынгерлер, әскери оқу орындарының курсанттары, қылмыстық-атқару жүйесіндегі жазасын өтеушілер арасында дәрістер, кездесулер өткізетін ақпараттық-насихаттық топ жұмыс жасайды. Аталмыш шараларды мемлекеттік орган өкілдері, дін қызметкерлері, сарапшы-мамандар, қоғамдық институттар өкілдері өткізеді. Басқарма тарапынан берілген кестемен жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, мешітке келушілер (жамағат) арасында, еңбек ұжымдарында, әскери бөлімшелерде мемлекеттің конфессияаралық қатынастар саласындағы және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатындағы саясатын іске асыру барысында жыл басынан бері көптеген семинар, кездесу мен дәріс, конференциялар өткізілді.

Бүгінгі таңда, ресми деректер бойынша, Алматы қаласында 42 конфессиядан тұратын 275 діни бірлестік тіркелген. Олардың 38-сі – дәстүрлі ханафилік ислам, 14-і – дәстүрлі православтық христиан, 5-еуі – католиктік шіркеу, 2-еуі – ахмадие, 5-еуі – лютерандық шіркеу, 5-еуі – евангелдік мәсіхші баптистер, 20-сы жетінші күннің адвентистері, 4-еуі – елушілдер, 2-еуі – иудаизм, 1-еуі – вон буддизм, 85-і – протестантизм, пресвитариандар – 40, иегова куәгерлері – 30, буддизм - 2, бахаи – 2, эзотериалықтар – 1, Армян-григориандықтар – 1, және т.б. пайда болған конфессиялар бар.

Олардың ішінде ҚМДБ-ның филиалдары басшылары (мешіт имамдары), Қазақстанның православ шіркеуі, Рим-католик шіркеуінің Епархиясы, лютерандық қауым, еврей қауымы, вон-буддизм бірлестігі, протестанттық бағыттағы шіркеулер, елуіншілер, пресвитериандар, ІХБ, методистерді қамтыған діни қауымдардың басшыларымен кездесулер ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта аталған жұмыстар одан әрі жалғасуда.

Қорыта келе, Қазақстанның зайырлы мемлекет болуына байланысты, ресми идеология дінге мейлінше бейтарап қарайды: ол діншіл де, дінге қарсы да сипатқа ие емес. Қазіргі Қазақстандағы діннің жағдайы авторитарлық, тоталитарлық және теократиялық басқару жүйесі бар мемлекеттерден түбірінен өзгеше.

Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы Қазақстан үшін күрделі мәселе. Бүгінде Қазақстан әлемге бүкіләлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Оған әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылары анағұрлым маңызды заманауи діни мәселелерді шешу үшін жиналады. Олар: толеранттылық, өзара құрметтеу мен түсінісу, ұлтаралық келісім мен діни төзімділік. Бұл қағидалар Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың да негізін құрайды. 


Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. https://jasgalym.kz/studentterge/dintanu/273-azastanday-di-ahual-azrg-zhadajy-zhne-mseleler.html

  2. https://qamshy.kz/article/15485-qazaqstandaghy-dini-dgaghdy

  3. «Діл және дін», Б. Ермеков

  4. «Дінтану негіздері» пәнінің оқытушыларына арналған практикалық көмекші құрал / құраст. Ыбраев Е.Е., – Астана: ҒЗТО, 2014. – 140 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет