4.Мәтінді оқып, мазмұны бойынша сұрақтарды құрастыр.
Ертеде ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір күні Әйтімбетке жолдастары:
— Айтшы, достықтың неше түрі болады? — деп сұрақ қойыпты.
— Достықтын екі түрі болады. Бірі — адал достық..., екіншісі — амал достық.
— Дұрыс-ақ. Ал осы достық түрін қалай ажырата аламыз? — деп сұрапты олар. Сол кезде Әйтімбет шешен былай деп жауап беріпті:
— Адал достықтың өмірі ұзақ болады, ал амал достықтың өмірі қысқа болады.
«Достық» сөзіне синквейн жаз.
5.Сыныптастарыңмен пікір алыс.
1.Дос деген кім?
2.Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
3.Достық жасқа байланысты ма?
4.Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
5.Адал достық дегенде нені түсінесің?
6. Дос пен жолдастың айырмашылығы.
7 Үш адам нағыз дос бола ала ма?
8. Нағыз дос қандай болуы тиіс?
9. Нағыз дос қандай жағдайда сыналады?
6.Сенде адал достарың бар ма? Олардың адалдығын қай іс-
әрекеттерінен байқадың?
2- сабақ.
Менің досым.
1.Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, мақалды орыс тіліне аудар.
Ж...з со...ын бол....анша
Ж....з ж...лдас....н б...лсы....
2.Жаңа сөздерді оқып, сөз тіркестерін құрастырып жаз.
Бет әлпеті–внешность
Сүйкімді–привлекательный, милый.
Мінезі–характер
Мейірімді–добрый
Момын–скромный
Бойы–рост
Орта–средний
3.Жолдасыңмен сөйлес.
-
-Досыңның атың кім?
_________________________
-Тегі кім?_______________________
-Нешеде?________________________
-Қай жерде оқып жүр?_____________
-Отбасы үлкен бе?_________________
-Мекенжайы қандай?______________
|
|
4.Кестені пайдаланып, досыңмен таныстыр.
5.«Фоторобот жасау» жағдаяттық ойыны.
Шарты: Екі топтан екі оқушы шығып, полиция бөліміне келеді. Оқушылардың бірі өздерінің жоғалған досы немесе туыстарын іздестіру туралы өтініштерін айтады, ал екіншісі сол суреттеме бойынша фоторобот жасайды.
Мысалы: Мен досымды іздеп жүрмін. Ол 11 жаста, 5 - сыныпта оқиды. Оның бойы ұзын, шашы қысқа. Киімдері: үстінде көк күртеше, қара джинсі шалбар, аяғында ақ кроссовкиі бар.
6. Егер сенің досың саған сенбесе, сен не істер едің?
3-сабақ.
Досымның мінезі.
1. Адамның мінезін сипаттайтын сөздерді атап жаз.
2. Сөздерді оқып сөз тіркестерін құрастырып жаз.
Қиын кезде, , қайырымды, қамқоршы.
3. Мәтінді оқып, адамның мінезін сипаттайтын сөздерін теріп жаз және кестені толтыр.
Әрбір адамның досы бар. Досың болса, досыңмен әнгімелесесің, бірге сабақ дайындайсың, бірге ойнайсың. Қиын кезде досың көмектеседі. Бірақ достар әр түрлі болады. Мысалы: жақсы, жаман, қайырымды, қамқоршы.
Жақсы достың мінезі мен жаман достың мінезін топтастыр.
4.Адал досқа тән қасиеттерді «адал дос» жазуының айналасына
жазып, досыңмен шын дос болу үшін не істеуің керек екені туралы жаднаманы оқып, жалғастыр.
• Қиын кездерде бір – біріңе көмек көрсетіңдер;
• Досыңды алдама, оған адал бол;
• Досыңды қорлама;
• Досыңмен қызықты шақтарды бірге бөлісе біл;
• Досыңның кемшілігін кешіре біл, кемшіліксіз адам болмайды.
•___________________________________________________
•___________________________________________________
•____________________________________________________
5. Өз досына мінездеме жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |