Сабақ: Еңбекқор ара Мектеп: №10 Күні: 25. 04. 2017



бет3/5
Дата27.07.2017
өлшемі489,45 Kb.
#22009
түріСабақ
1   2   3   4   5

Ара ұяшықтары

Жоғарыдағы аятты мұқият оқысақ, бал арасына тамаша ұя жасау қабілеті берілгендігін де байқаймыз. Олар ұясын алты бұрышты геометриялық пішінде жасайды. Математиктердің есептеуінше, бал ұяшығын алты бұрышты етіп жасауда үлкен тиімділік бар екен. Алты бұрышты ұяға материал өте аз жұмсалып, балдың сыйымдылығы мейлінше артатын көрінеді. Яғни, бұл өте тиімді ұя жасау тәсілі.

 

Бал ұяшықтарын жасаудағы аралардың қолданатын тәсілі де таңғаларлық. Аралар бұл іске бірден екі-үш жерден бастап кіріседі. Бәрі бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды кейіннен бір-бірімен біріктіріп әкеліп бал ұяшықтарын тоқиды. Сонда барлығы бір жерден шығады екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен шебер жымдастырылғаны сондай, әрбір қабырғаның бөлек тоқылғандығын байқау өте қиын.



Ұяларындағы тазалық, бұзылған жерлерін жөндеу, жас араларды қоректендіру жүйелі түрде іске асады. Егер ұяның іші қапырық тартса, қанаттарын қағып жұмыртқаларын салқындатады. Ал суық болса жұмыртқа­ны жан-жағынан көлегейлеп жылытады.

Бал шәрбаты

Бал шәрбатын жасау әркімнің қалауына қарай өзгереді. Мәселен, бір литр суға 400 грамм бал қосып, орташа көлемде бал шәрбатын жасауға болады. Бір литр бал шәрбатының құрамы 20 мг. натрий, 204 мг. калий, 24 мг. фосфор, 1200 мг. протеин, 313,6 гр. көмірсу, 60 мг. кальций, 3,2 мг. темір, 0,04 мг. тиамин, 0,28 мг. рибофлавин, 0,8 мг. ниацин мен 16 мг. C витаминнен тұрады.



 

Бал қанға тез сіңеді, өйткені ол қорытуды қажет етпейді. Бал құрамындағы қант тез сіңетін қасиетке ие. Глюкоза, аминқышқылы, натрийге су қосылғанда, ағза оны өте тез қабылдайды. Осының нәтижесінде ағзадан көп су жоғалтуға апаратын іш өту ауруы тез басылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет