Сабақ ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі: Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі: Сабақтың тақырыбы: Мезгіл үстеу



бет2/4
Дата27.07.2017
өлшемі0,74 Mb.
#22126
түріСабақ
1   2   3   4

IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, 3 сөйлемнен құрастырып жазғызу.



I деңгейлік тапсырма.

I топ құрастырған сөйлемде жатыс септігінің жалғауы жалғанған сөз болуы тиіс.

II топ құрастырған сөйлемде да (де), та (те) шылаулары болуы тиіс.
II деңгейлік тапсырма.

I топтың құрастырған сөйлемдерінде бірыңғай қайталанып тіркескен шылаулар болуы қажет.

II топтың құрастырған сөйлемдерінде бірыңғай қолданылған екі сын есімнің арасында шылау болуы керек.
III деңгейлік тапсырма.

I топқа қойылатын сұрақ:


  • II топ мүшелері құрастырған сөйлемдерде неге үтір қойылмады?

II топ мүшелеріне сұрақ:

  • I топ мүшелері құрастырған сөйлемдерде шылаулардың арасына неліктен үтір қойылған?


V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

5-жаттығу. (161-бет)


115-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары

Сабақтың мақсаты: а) Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы

сөйлем жасаудың бір жолы болып табылатынын және олардың өзі

тіркескен сөзден бөлек жазылатынын түсіндіру.

ә) Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындату арқылы ма, ме, ба, бе, та, те

шылауларын шылау тұлғалас қосымшалардан ажырата білу дағдыларын

қалыптастыру.

б) Сабақ барысында еңбекқорлыққа, салт-дәстүрді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

1. Жаттығуларын тексеру.

5-жаттығу.

Сөйлемдер оқылып, ішінен шылауларды табу.

Сөйлемдерді шылауларсыз оқытып, оларды шылауларсыз да айтуға болатындығы айтылады.
2. Ереже сұрау.
III. Жаңа сабақ.

Кестемен жұмыс.

Тақтаға екі бағанға сөйлемдер жазылған кесте ілінеді.




1.Әсемпаз болма әрнеге (Абай).

2.Сөйлеп тұрған адамның сөзін бөлме.

3.Кітаптың бетіне жазба.

4.Көшені бостан босқа кезбе.

5.Нанды баспа.

6.Арқанды ортан белінен кеспе.



1.Айгүл үйде қалмай ма?

2.Балалар ертең келе ме?

3.Демалыста ауылға барасың ба?

4.Мектепте өтетін жарысқа келесің бе?

5.Назым кітап сөресінен кітап алмап па?

6.Астанадан қонақтар келіп пе?


1. Екі бағандағы сөйлемдерді оқылып, 1-ші бағандағы сөйлемдер хабарлы, ал екінші бағандағы сөйлемдер сұраулы сөйлемдер екені анықталады.

2. Бірінші бағандағы сөйлемдердің ішіндегі қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасы ажыратылады. Мысалы, бол – түбірі, -ма болымсыз етістік тудыратын жұрнақ. Болымсыз етістік жұрнағы түбірге қосылып жазылады және бұйрықты мағына береді.

3.Екінші бағандағы сұраулы сөйлем тудырып тұрған шылауларды тапқызу.


Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

С.Торайғыровтың балалық туралы жазған өлеңі оқылып, мазмұны ашылады.

Өлеңнен сұрау мағынасын беріп тұрған шылауларды табу.

Өлеңді көшіріп жазып, шылаулардың астын сызу.
2-жаттығу.

Мәтінді түсініп оқытып, көшіріп жазғызу.

Шылауларды тауып, олардың қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айту.
! Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары өздері қатысты сөздерге сұрақ мағынасын үстейді. Мысалы: Жаза аласың ба? Сенесің бе?

Қайталанған ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларының арасына үтір, соңғысынан кейін сұрақ белгісі қойылады. Мысалы: Бойы ұзын Анар ма, Айгүл ме?


3-жаттығу.

Өлеңді түсініп оқып, тек сұраулы сөйлемдерді көшіріп жазғызу.

Сұраулық мағына беріп тұрған шылаулардың астын сызу.
4-жаттығу.

Жақша ішіндегі жұрнақ пен шылауды ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.



  • Шылаулар қалай жазылады?


IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

- ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларының қызметін айтыңдар.

- Бұл шылаулар қандай жұрнаққа ұқсас келеді және олардың қандай айырмашылығы бар?

- Шылауларды қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырыңдар.

V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

5-жаттығу. (163-бет)

Суретке қарап, мәтін құрастырып жазу.

Сұраулық мағына беретін шылаулардың астын сызғызу.



116-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары

Сабақтың мақсаты: а) Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары септік жалғаулы сөздермен

тіркесіп келіп, оған қосымша мән үстеп тұратындығын және оны екінші

сөзбен байланыстыратындығын ұғындыру.

ә) Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындату арқылы шылау туралы алған

білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

б) Сабақ барысында еңбекқорлыққа, салт-дәстүрді сыйлауға тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

1. Жаттығуларын тексеру.

5-жаттығу.

Суретке қарап, мәтін құрастырып жазу.

Сұраулық мағына беретін шылаулардың астын сызғызу.
2. Ереже сұрау.

- Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?

- Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды?

- Сұраулық мағына үстеп тұратын шылауларды атаңдар.

- Өзі тіркескен сөзге сұраулық мағына үстеп тұратын шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.
III. Жаңа сабақ.

Кестемен жұмыс.

Тақтаға екі бағанға сөйлемдер жазылған кесте ілінеді.




1.Атам маған Қамбар батыр ... жыр айтып берді.

2.Ана баласы ... түн ұйқысын төрт бөледі.

3.Әлі тау басына ... біраз жер бар.


туралы, үшін, дейін (шейін)

Оқушылар мынадай тапсырмаларды орындайды:



  • Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, сөйлемдерді оқиды;

  • Шылаулардың тіркесіп тұрған сөздері қай сөз табы және олар қай септікте тұрғанын анықтайды;

  • Шылаулардың қызметін анықтайды.


Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Үшін, туралы, дейін (шейін) шылауларының өзіндік белгілері қарастырылады:


  • Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары өзінің алдындағы сөздерінің белгілі бір септікте тұруын қажет етеді;

  • үшін, туралы шылаулары атау септіктегі, дейін, шейін шылаулары барыс септіктегі сөздермен тіркеседі;

  • Бұл шылаулар белгілі септік жалғаулы сөздермен тіркесіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік т.б) мән үстейді;

өздері тіркескен сөздерден бөлек жазылады.
! Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары өзі тіркескен сөзге үстеме мағына береді. Сонымен бірге өзінің алдындағы сөздердің белгілі бір септікте тұруын қажет етеді. Үшін, туралы шылаулары атау септіктегі, дейін, шейін шылаулары барыс септіктегі сөздермен тіркеседі.

Мысалы: Отан үшін отқа түс, күймейсің. Кешке дейін кел.
2-жаттығу.

Мәтінді түсініп оқытып, көшіріп жазғызу.

Шылауларды тауып, қай сөзбен тіркесіп тұрғанын анықтату (туралы).

Туралы, дейін (шейін) шылауларын қатыстырып, сөйлем құрастырып жазу.


3-жаттығу.

Мақалдарды оқытып, мағынасын ашу.

Шылауларды табу.

Үшін, да.
5-жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.



  • Шылаулар қай септіктегі сөздермен тіркесіп тұрғанын анықтаңдар.


IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

а) Сұрақтар мен тапсырмалар:

- Үшін, туралы шылаулары қай септіктегі сөздермен тіркеседі?

- Дейін, шейін шылаулары ше?


Осы шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.
ә) Топшамамен жұмыс.
V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

4-жаттығу. (164-бет)

Өлеңді көшіріп жазып, шылаулардың астын сызу.

117-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қой (ғой), қана (ғана), -ақ, -ау шылаулары

Сабақтың мақсаты: а) Қой (ғой), қана (ғана), -ақ, -ау шылаулары өзі тіркесіп тұрған сөзге немесе

сөйлемге нақтылау, күшейту, шектеу, өтініш сияқты қосымша мағына

үстейтіндігін ұғындыру.

ә) Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындату арқылы шылау туралы алған

білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

б) Сабақ барысында туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру,

ұлтжанды, өз ұлтын сүйетін жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

1. Жаттығуларын тексеру.

4-жаттығу.

Өлеңді көшіріп жазып, шылаулардың астын сызу.


2. Ереже сұрау.
- Үшін, туралы шылауларын қатыстырып, сөйлем құрастыру.

- Дейін, шейін шылаулары қай септікте тұрған сөзбен тіркеседі?


III. Жаңа сабақ.

Кестемен жұмыс.

Тақтаға екі бағанға сөйлемдер жазылған кесте ілінеді.




1.Гүлнар, әжеңе жүн түтуге көмектесе ... .

2.Серуенге Аслан ... денсаулығына байланысты бара алмай қалды.

3.Күнім-..., далада көп жүрдің ... .

4.Өрістен көк тайлақ ... келмеді.



қана (ғана), қой (ғой), -ақ, -ау.

Оқушылар мынадай тапсырмаларды орындайды:



  • ғой шылауы нақтылау сияқты мағына үстеп тұр;

  • қана (ғана) шылауы шектеу, даралау сияқты мағына үстеп тұр;

  • -ақ шылауы күшейтусияқты мағына үстеп тұр;

  • -ау шылауы күшейту, даралау сияқты мағына үстеп тұр;

  • -ақ, -ау шылаулары дефис арқылы бөлініп жазылады.


Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп жазып, шылауларды табу.

Шылаулардың өздері тіркескен сөздерге қандай мағына үстеп тұрғанын түсіндіру. Мысалы:



  • Бірінші, үшініші сөйлемдердегі ғана, қана шылаулары шектеу мағына үстеп тұр.

  • Екінші, төртінші сөйлемдердегі қой, ғой шылаулары сөйлемге нақтылау сияқты мән беріп тұр.

  • Бесінші сөйлемдегі –ақ шылауы өзі тіркескен сөзге күшейткіш мәнді білдіріп тұр.

2-жаттығу.



Қой (ғой), қана (ғана), -ақ, -ау шылауларын қатыстырып, сөйлем құрастырылып жазылады.
! Қой (ғой), қана (ғана), -ақ, -ау шылаулары өздері тіркескен сөздерге шектеу, даралау, өтініш, тағы басқа мағыналар үстейді.

Қой (ғой) шылаулары өзі тіркескен сөзбен бірге сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады.

Мысалы: Балапандарға жем бере ғой.

-ақ, -ау шылаулары өзі тіркескен сөзден дефис арқылы бөлініп жазыласы.

Мысалы: Данышпан болмай-ақ кішіпейіл атануға болады.
3-жаттығу.

1.Өлеңді оқытып, мазмұнын ашу.

2.Өлеңді жатқа жазғызу.

Ереже түсіндіріледі.


Өлеңнен шылауды тауып, оның қандай мағына беріп тұрғанын айтқызу.

Мысалы: ғана шылауы жаңа сөзіне тіркесіп, шектеу, даралау мағынасын үстеп тұр.
4-жаттығу.

1.Оқулықта берілген сөздерге қана (ғана), -ақ шылауларының тиістісін қосып айту.



Мысалы: Баян ғана, Перизат қана, сендер ғана, біз ғана, сағат қана, әжесі ғана.

Жазбай-ақ, ертең-ақ, тасып-ақ, сендер-ақ.
2.Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлемдер құрастырып жазу.

3.Құрастырған сөйлемдерді шылаусыз оқып, шылаулы түрімен салыстыру.

- Шылаулы сөйлемде даралау мағынасы үстем болып тұр. Бұл сөйлемді шылаусыз да оқуға болады. Өйткені бұл сөйлемде ғана шылауы сөз бен сөзді байланыстырып тұрған жоқ, тек қосымша мағына үстеп тұр.

IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

а) Сұрақтар мен тапсырмалар:

- Қой (ғой), қана (ғана), -ақ, -ау шылаулары өздері тіркескен сөздерге немесе сөйлемге қандай мағына үстейді?

- Қандай шылаулар дефис арқылы бөлініп жазылады?

- Қай шылаулар өзі қатысты сөзбен бірге сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады?
Осы шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.
ә) Топшамамен жұмыс.
V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

5-жаттығу. (166-бет)



118-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы.

Сабақтың мақсаты: а) Шылаулардың өздері қатысты сөздерден бөлек жазылатындығы және

кейбірі дефис арқылы жазылатындығы түсіндіріледі.

ә) Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындату арқылы шылау туралы алған

білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

б) Сабақ барысында еңбекқорлыққа, салт-дәстүрді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Ереже сұрау.

2.Тест жұмысы.
III. Жаңа сабақ.

Кестемен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

1.Әр қатардағы сөйлемдерді салыстырып оқыту.

2.Сөйлемдерді көшіріп жазып, шылаудың астын бір сызықпен, шылауға ұқсас қосымшалардың астын екі сызықпен сызу.


2-жаттығу.

Жұмбақты көшіріп жазғызу.

Жатыс септіктегі жалғаудың астын бір сызықпен, шылаудың астын екі сызықпен сызу.
Шешуі: аққу


  • Жатыс септік жалғауы жалғанған сөзге де шылауын тіркестіріп айтып көріңдер.

! Қосымша сөзбен бірге жазылады, шылау бөлек жазылады.



Мысалы: Әуеде бүркіт қалықтап ұшып жүр. Бақа суда да, құрлықта да тіршілік етеді.
3-жаттығу.

1.Өлеңді мәнерлеп оқытып, мазмұнын ашу.

2.Өлеңнен шылауларды тапқызу.

- Өлеңдегі мен қай жерде шылау, қай жерде есімдік? Сұрақ мағынасын үстеп тұрған шылаулардың қай сөз табынан кейін келгенін айтыңдаршы?


4-жаттығу.

1.Көп нүктенің орнына ма (ме), па (пе), ба (бе) шылауларының тиістісін қойып жазу.

- Шылаулар қай сөзбен тіркесіп тұр?

IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

а) Шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.


ә) Топшамамен жұмыс.
V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

5-жаттығу. (167-бет)



119-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы.

Сабақтың мақсаты: а) Шылаулардың өздері қатысты сөздерден бөлек жазылатындығы және

кейбірі дефис арқылы жазылатындығы түсіндіріледі.

ә) Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындату арқылы шылау туралы алған

білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

б) Сабақ барысында еңбекқорлыққа, салт-дәстүрді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Жаттығуларын тексеру.

2.Ереже сұрау.
III. Жаңа сабақ.

Кестемен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқыту.

Мен (бен, пен) қай сөйлемде шылау, қай сөйлемде қосымша болып тұр?

Мен (бен, пен) шылаулары кездесетін сөйлемдерді көшіріп жаз.
! Мен (бен, пен) шылаулары бірыңғай екі сөзді байланыстырады да, екеуінің ортасында бөлек жазылады.

Мысалы: Жемшашарға торғай мен кептер қонақтады.
2-жаттығу.

Зат атауларын мен (бен, пен) шылаулары арқылы байланыстырып, сөйлем құрастырып жазу.


3-жаттығу.

1.Өлеңді жатқа жазу.

2.Өлеңдегі шылауларды бір сызықпен, жатыс септігі жалғанған сөзді екі сызықпен сызу.

3.Шылаулар тіркескен сөздер қай септікте тұрғанын анықтату.


! да (де), та (те) шылаулары атау септіктегі сөзбен байланысады да, бөлек жазылады.

Мысалы:Балға да, балта да еңбек құралына жатады.

-да (-де), -та (-те) жатыс септік жалғаулары өзі жалғанған сөзбен бірге жазылады. Ондай жалғаулы сөз кейде баяндауыш, кейде тұрлаусыз мүше болады.

Мысалы: Өрісте малдар жайылып жүр. Малдар күні бойы өрісте.
5-жаттығу.

1.Мәтінді түсініп оқыту.



Сен білесің бе?
2.Мәтіндегі шылаулар кездесетін сөйлемдерді теріп жазу.

3.Шылаулардың өзіне қатысты сөздерге қандай мағына үстеп тұрғанын айтқызу.



IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

а) Шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.


ә) Топшамамен жұмыс.
V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

4-жаттығу. (169-бет)



120-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Диктант. «Әйгерім апа»

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың білімдерін тиянақтау, сауатты жазу дағдыларын

меңгерту.

ә) Зат есімдерің септелуі туралы алған білімдерін тиянақтау,

дамыту.


б) Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: қайталау, талдау

Сабақтың түрі: бақылау

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.


II. Негізгі бөлім.

Диктант

Әйгерім апа.

Біз атаммен бірге Әйгерім апаның үйіне талай барғанбыз. Сонда алты қанат үйдің төрінде көзі мейірімді бір ақсақал отыратын. Ол жазық маңдай, қара торы, кеуделі кісі еді. Ата бізді құшағын жайып қарсы алатын, маңдайымыздан сүйетін. Ол – Абай ата.

Біз Әйгерім апамның үйіне баруға үнемі асығатынбыз. Әйгерім апа аса сабырлы кісі еді. Тез қимылдай қоймайтын.Әйгерім апа алдымен кереге басына байыптап көз салады. Төсектің бас жағында тұрған сандыққа қарайды. Бешпетін алады. Жан қалтасын қарайды. Бір шумақ кілті сылдыр ете түскенде, біз қатты қуанамыз. Әйгерім апа сандықты ашып, бізге тәтті үлестіретін.

(88 сөз)


Тапсырма:

1.Үстеулердің астын сыз.

2.Бірінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
III. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы бекіту.

Топшамамен жұмыс.
VI. Үйге тапсырма.

Ережелер қайталау.




121-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Одағай

Сабақтың мақсаты: а) Одағай сөздер таңырқау, қуану, шаттану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну,

шошыну, жекіру, күрсіну сияқты көңіл күйлерін білдіретін немесе жан-

жануарларды, малды шақыру, қуу үшін қолданылатынын түсіндіру.

ә) Одағай сөздер, олардың мәні мен емлесі туралы берік білім, білік

дағдыларын қалыптастыру.

б) Сабақ барысында туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру,

ұлтжанды, өз ұлтын сүйетін жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II. Жаңа сабақ.

Кестемен жұмыс.

Мысалдар

Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін немесе жан-жануарларға қарата

айтылатын сөздер.

1.Бәрекелді, өнерің өрге бассын.

2.Әттеген-ай, ертегіні бекер оқымаппын.

3.Шөре, шөре, лағым.


Бәрекелді, әттеген-ай, ...




  1. Оқушыларға кестенің бірінші бағанында жазылған сөйлемдерді оқытып, олардың ішінде толық мағынасы жоқ сөздерді тауып, оларды кестенің 2-ші бағанына жазады.

  2. Осы сөздердің толық мағынасы болмаса да, қандай мағына білдіріп тұрғанын анықтау.

  3. Мысалы, бәрекелді – қуануды; әттеген-ай – өкінішті; шөре-шөре – жануарды шақыруға арналған сөз.


Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқу.

Қарамен жазылған сөздердің оқылу ерекшелігіне назар аудару.


! Сөйлеушінің айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл күйін білдіретін сөзді одағай деп атайды.

Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспейді, сөйлем мүшесі бола алмайды.



Мысалы: Шіркін-ай, сол жержі көріп қайтсам ғой!
2-жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп жазып, одағайлардың астын сызу.


3-жаттығу.

Төмендегі одағайларды қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жазу.



  • Одағайлардың қандай көңіл күйді білдіріп тұр?

5-жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп жазып, дара тұрған одағайларды бір сызықпен, қабаттасып тұрған одағайларды екі сызықпен сыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет