БҚО, Теректі ауданы, Подстепный ауылы,
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
ІІІ деңгей бойынша сертификатталған,
І санатты бастауыш сынып мұғалімі: Бейбитова Тулпан Маратқызы
Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, 4 сынып
Тақырыбы: М.Әуезов «Жолда»
ҚМЖ Тексерілді:
Сабақ Әдебиеттік оқу
Жолда. М.Әуезов
|
Мектеп: Подстепный қазақ ЖОББМ
|
Күні: 19.11.2016.
|
Мұғалімнің есімі: Бейбитова Т.М.
|
Сынып 4 ә
|
Қатысқандар саны: 21
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқи алады.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
Автордың ойын түсініп, ақын Абай туралы тұжырым жасай алады.
|
Кейбір оқушылар:
Мәтіннің мәнін аша алады, адам бойындағы қасиеттерге салыстырмалы сипаттама беріп, түсіндіреді.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
|
Өз ойын жеткізе алады, мәнерлеп оқиды, әңгімелей біледі. ... (істей алады)
|
Негізгі сөздер мен сөз тіркестер:
Абайдың байқағыштығы, Құнанбайдың әрекеті
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар: (тыңдалым)
|
«Абайдың байқағыштығы, сыпайылығы қай әрекетінен көрінеді?»... Менің ойымша, ..., мен ... істей алар едім... Сен қалай ойлайсың?
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? (айтылым)
|
Менің ойымша, ..., мен ... істей алар едім... «Сен, Абайдың орнында болсаң, не істер едің, қалай жауап қайтарар едің, неліктен?..»
|
Жазылым бойынша ұсыныстар: (орысша-ағылшынша)
Жол – дорога – road, way, (on the road-жолда)
|
Алдыңғы оқу
|
Сабырсыз, арсыз, еріншек Абай
Өлең мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (ескертпелер)
|
Оқу үшін бағалау
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
І Кіріспе. Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу)
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар, қалан!
Тренинг: « Бәріңе сәттілік тілеймін!» Топқа бөлінеді.
- Топ аттары сендерге нені естеріңе түсірді?
-Абай «Ғылым таппай мақтанба» (Білетін оқушыдан өлеңді жатқа сұрау)
Сабаққа дайындығын тексеру. Өткенді қайталау. Сабырсыз, арсыз, еріншек Абай
Өлең мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Абай кім? Ол туралы не білесіңдер?
Абайдың тағы қандай шығармалары бар?
«Коктейль таяқшасы» әдісімен үштікте өзара өлеңді мәнерлеп айтады.
|
Мұғалімнің амандасуы
Сенім білдіру, ынталандыру
Топқа бөлу
І. Талап
ІІ. Еңбек
ІІІ. Терең ой
ІV.Қанағат
V.Рақым
«Оқушының бастапқы және соңғы деңгейлері арасында байланыс орнату» идеясына сәйкес
Үштікте жұмыстанады.
|
|
|
Абайды бүкіл әлемге танытқан кім?
Жаңа сабаққа кіріспе. Жолда. М.Әуезов
Сабақ мақсаты мен табыс критерийін бірге анықтау.
Мұхтар Әуезов - Абай туралы төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шақтары, шығармашылық жағдайы, сол кездегі қазақ өмір-тұрмысының ерекшеліктері баяндалған. Абай туралы Мұхтар Әуезов: « ... қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты» деп жазды.
|
Табыс критерийі:
1.Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқи алады.
2. Автордың ойын түсініп, Абай туралы тұжырым жасай алады.
3. Мәтіннің мәнін аша алады, адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерге салыстырмалы сипаттама беріп түсіндіреді.
|
|
Ортасы
|
ІІІ.Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. 1.Мәтінді түсініп, іштей , жеке-жеке оқу. Үзіндіні түсініп, жалғастырып оқу.
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты - Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді.
Абайдың Энциклопедиясы, өлеңдер жинағы бар.
(оқушылардың өзі тауып келген деректерді топ ішінде ортаға салып, сол бойынша кесте құру.)
Семей өңірінде туылған
Абай Құнанбаев
1845 - 1904
Ұлы ақын
Алматы қаласында ескерткіші бар.
Өлеңдерінен басқа 3 поэмасы, 45 қарасөзі бар. Абайдың алғашқы өлеңдері Көкбай Жаңатаевтың атымен жарияланған. Алматыда Абай ескерткіші, Абай көшесі, Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар. Абайдың анасының аты – Ұлжан , әжесінің аты – Зере. Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі.
Мәтінді бөліктерге бөліп, топтарға беру, әңгімелету.
Сөздікпен жұмыс жүргізіледі.
Дәріс – сабақ.
Тамам болмаса да – аяқталмаса да, бітпесе де.
Хазірет – дін жолындағы мәртебелі адам.
Фатиқасын алып – ризашылығын алып.
Сұрақтар:
1.Абай қайдан келді деп ойлайсың?
- Әкесі Құнанбай кімді күтіп отырған тәрізді?.
- Ол баласы Абайды қалай қарсы алды?
Тапсырмалар:
2. Құнанбайдың әңгімедегі түр-түсінен, сөйлеген сөзінен қимыл-әрекетінен қандай адам екенін байқауға бола ма?
3. Абайдың сыпайылығы, байқағыштығы қай әрекетінен көрінеді?
4. Абайдың сыпайылығы сипатталған жерді тауып оқы. Өз сөзіңмен түсіндір.
Сергіту жаттығуы
Дәптермен жұмыс. Жол – дорога – road, way, (on the road-жолда)
Топтық тапсырмалар:
І. Талап М.Әуезов ассоциация құрау
М.Әуезов
ІІ. Еңбек Абай Құнанбаев
ІІІ. Терең ой Құнанбай
өңі сұп-сұр
Құнанбай зор денелі
бурыл сақалды
ІV.Қанағат Өлеңді жалғастыр:
Абай – біздің ... ,
Абай – біздің ... .
Қара сөзін ...
Сен де ... .
V.Рақым 5 жолды өлең.
1. Абай
2. .............
«Ойланып жауап бер!» Сен қалай ойлайсың?
- Сен, Абайдың орнында болсаң, не істер едің, қалай жауап қайтарар едің, неліктен?.
|
Оқушылар өз беттерімен оқып танысады.
Жұпта, үштікте, топта талқылайды.
Оқушы ойын дәлелдейді.
Қол шапалақтау
«Шешімдері алдын ала анықталмаған тапсырмаларды зерделеу» идеялары.
|
Оқулық 83-84- бет
Портрет
АКТ мүмкіндігін пайдалану арқылы слайдтар көрсету
|
Аяқталуы
|
«Мен бүгінгі сабақтан нені үйрендім?», «Нені білмей қалдым?» сұрақтарына жауап беру.
Сабақты қорытындылау. «Сөздер банкісі» әдісі
- Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік?
-Бүгін қандай тақырып өттік?
-М.Әуезов кім, ол қандай шығарма жазған?
- Абай кім, ол туралы не білдік?
Бағалау.
Үйге тапсырма: мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу. Әңгімеге сүйеніп, Абайға мінездеме бер. 83-84-бет
|
Табыс критерийі:
1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқи алдым.
2. Автордың ойын түсініп, Абай туралы тұжырым жасай алдым.
3. Мәтіннің мәнін аша алдым, адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді түсіндіре алдым.
Кері байланыс. (+,-, қызық)
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
Бейнелеу өнері, дүниетану
|
|
|
|
Рефлексия
Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Сабақ туралы өз пікірім:
|
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқыту, оқу)
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқыту, оқу)
1:
2:
|
Достарыңызбен бөлісу: |