Сабақ әдәсі: Интерактивті,баяндау,сұрақтар арқылы. Сабақтың мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; ой өрістерін, сана, сезімдерінің
«Салауатты өмір салты»
Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: оқушылардың газеттері, түрлі түсті қағаздар, жіп және т.б.
Сабақ әдәсі: Интерактивті,баяндау,сұрақтар арқылы. Сабақтың мақсаты: 1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; 2. ой - өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту; 3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен.
-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.
1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу. (Түрлі –түсті қағаз арқылы ) 1- топ «Денсаулық» 2- топ «Салауат» Ұраны: «Денсаулық –зор байлық». Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі» 2. Әділ қазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру: Бүгінгі сайысымыздың негізгі кезеңімен таныстырып өтейін:
І -«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. ІІ- Мақал-мәтелдер жарысы. ІІІ -Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды.
IV-тапсырма: Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .
V- Мимикалық ойын (Кракодил)
VI -Сұрақ-жауап:
І-тапсырма бойынша:
«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. (2-минут)
топ: 1. Д...... і (дәрі) 2. в...та...н (витамин) 3. ....ны.....у (шынығу) 4. с....ау......т (салауат) 2- топ: 1. Г...и...на (гигиена) 2.ту...ку....ез (туберкулез)
3. тұ......у (тұмау) 4. д... ау.... қ (денсаулық)
Күннің шуағы деп аталатын қысқаша ойын түрінде яғни бір оқушы шығып кун болады қалғаны сол күннің жақсы шуағын жылуын келтіретін тақырыпқа сай қағаздарды алып іледі немесе тұрады.
ІІ-тапсырма «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық, ауру туралы мақал – мәтел ауызша. Кезекпен .5 мақал-мәтел.
ДЕНСАУЛЫҚ, АС-ДӘМ, СЕРГЕКТІК ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ
1.Денсаулық зор байлық.
2.Тазалық — саулық негізі.
3.Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық
4.Аурудың алдын ал.
5.Демі бардың емі бар.
6.Көзің ауырса, қолынды тый,
Ішің ауырса, тамағың тый.
7.Көкірек ауру күле кетер.
8.Ауру аздырады,
Суық тондырады.
9.Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
10.Ауру батпандап кіріп,
Мысқалдап шығады.
Мақал мәтелдің жалғасын тап:
1.Дауды елемеген төлейді,
Ауруды елемеген өледі.
2.Іздеп алған аурудың емі табылмас.
3.Жасыңда салақ болсаң,
Бара-бара былық боларсың.
4.Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
5.Ауру желмен келіп, термен шығады.
6.Сырқат - тән жарасы,
Қайғы - жан жарасы.
7,Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.
8.Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
9.Демі бардың емі бар.
ІІІ -тапсырма
1. топ: Денсаулықты нығайту жолдары. (спорт,шынығу,таза ауада серуендеу жақсы тамақтану т.б.)
2. 2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер. (Темекі,нашақор,арақ, және т.б.)
IV-тапсырма Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .(5 мин) 1- топ: ................................................баламыз, .................................................аламыз. ..................................................... .................................................санамыз. 2-топ: ................................................күлеміз, .................................................жүреміз, ....................................................... ...................................................сүреміз.
V Мимикалық ойын:
1. Темекі зиян екенін көрсету.
2. Арақ,есірткі шеккен адам. Бейнесін көрсету.
3. Таңғы жаттығулар немесе спортпен айналысу.
4. Таза ауада серуендеу.
VI Сұрақ-жауап:
I топ - Сенің бірге өскен досың кішкентайынан темекі шегеді. Бірақ сен оны білмейсің. Бір күні темекі шегіп тұрғанын көрдің. Сен не істейсің? Достығың жалғаса ма? II топ - Сенің досың жұқпалы ауруға шалдықты. Не істейсің? Достығыңыз жалғаса ма? Ортақ сұрақ қою: Сенің жан досың бар. Бірақ оның араласатын достары есіркі,арақ,темекі шегетін ортамен араласады, сенің ойын қандай және сен ол досыңмен ара қарай араласасыңба әлде сен оған кеңес бересіңбе.
Ойларыңа рахмет балалар. Дұрыс шешімдер қабылдап шықтыңдар деп ойлаймын. Бекіту: Тренинг «Өрмекшінің торы...» Тренинг «Денің сау болсын десең...» Бір оқушы «Денің сау болсын десең...» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды. VII Қорытынды: Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.